Аль–Вакиди(747–823), Ибн Сад (өмірден озды 845), Ибн Сайд ан–Наса, Нураддина аль–Халаби тағы да басқалардың да еңбектерін атап өтпеске болмайды. Олар жазған агиографиялық пайғамбарлар мен мұсылман әулилері жөніндегі қиял–ғажайып шығармалар осы күнге дейін оқырманның қызығушылығын туғызады.
ҮІІІ ғасырдың екінші жартсы мен ІХ ғасырдың орта шенінде жекеленген тарихи оқиғаларға байланысты еңбектер пайда болады. Онда араб әскерінің жаулап алу, Халифаттың өз ішіндегі соғыстары баяндалады. Бұл тақырып Абу Михнаф (774 өмірден озды), Абу Убайда (өмірден озды 824 өмірден озды) әсіресе аль–Мадаини (ІХ ғасырдың орта шенінде қайтыс болған) шығармаларында көрініс тапты. Араб тарих ғылымының орталығы көп уақытқа дейін Ирак болып қала берді.
ІХ ғасырдың екінші жартсында тархи баяндау тәсілімен жазылған шығармалар пайда болды. Олардың ішіндегі ең көрнектісі аль–Белазури (шамамен 820 – шамамен 892); Абу Ханифа ад–Динавери (895 өмірден озды) және аль–Якуби еңбектері. Анналдар түрінде жазылған бұл шығармаларда әлем тарихына шолу, мұсылман қауымы тарихының алғашқы кезеңі, араб әскерінің жорықтары және Халифаттың саяси тарихы сөз болады. Бұл жанрдағы ең ірі шығарма ат–Табаридің (838 немесе 839-923) көп томдық «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы». Толық аты Абу Джафар Мухаммад ибн Джари́р ат–Табари. Заманының ірі тарихшысы. Персияда оқыған, бірақ шығамаларын арабша жазған. Оны кейде мұсылман тарихнамасының атасы деп те атайды.
Мұнда әлем тарихы тіршілік басталғанан ІХ ғасырға дейінгі оқиғалар баяндалады. Шығарманың толық мәтіні бізге дейін жетпеді. Ол 30 мың беттен тұрған екен, оқуға жеңіл болсын деп өзі көзі тірісінде қысқартылған нұсқасын жасаған. Шығарманың парсы, француз, шағатай тілдеріне аударылғандары да бар. Кейінде көптеген авторлар оның еңбегінің толық нұсқасын кеңінен пайдаланды.
Тарихи шығармалардың дидактикалық маңызын араб тарихшылары жақсы түсінді. Осындай шығармалардың бір түрін жазған Ибн Мискавайх (103 жылы қайтыс болды.) аль–Масуди (957 қайтыс болды), Хамзы аль–Исфахани (Х ғасырдың бірінші жартсында қайтыс болды), Ибн Мискавайха, Ибн аль–Асира (1160–1233), тағы басқа осы сияқты авторлар әлем тарихын түсінуге тырысты. Бұл ғалымдардың энциклопедиялық білімі, өмірге деген көзқарасы олардың жазған еңбектерін бүкіл әлемге паш етті.
Х ғасырдың екінші жартсында Аббасид халифатында билеушілер сарайында әулеттік хроника жазатын хатшы–мамандар пайда болды. Олар сарай ақындары сияқты елде, мемлекет ішінде болып жатқан уақиғаларды жіпке тізген моншақтай етіп тіркеп жазып отырды. Бұлардың ішінде де жетістіктерге жеткендері бар. Солардың бір–екеуін атап өтелік, аль–Ажахшийари, қайтыс болған уақыты 943; Хилаль ас–Саби. (969-1056), судей (Ваки аль–Кади, қайтыс болған уақыты 918; аль–Кинди, қайтыс болған уақыты 961; аль–Хушани, қайтыс болған уақыты 971).
Жергілікті тарихқа, қалалар мен провинция тарихына арналған шығармалар жазылды. Мысалы Мекке тарихы – аль–Азраки (қайтыс болған уақыты 858), Бағдад тарихы – Ибн Абу ТахираТайфура (819/20 – 893), аль–Хатибааль–Бағдади (1002–71), Египет тарихы – Ибн Абд аль–Хакама (798-871), мұсылман Испаниясы – Абд аль–Малика ибн Хабиба (796–853). Дамаск тарихы – аль–Каланиси (қайтыс болған уақыты 1160) және Ибн Асакира (1105-1176), Халеба (Алеппо) – Ибн аль–Адим (1192-1262), Гранад тарихы – Ибн аль–Хатиба (1313-1374).
Ерекше атап өтер тағы да бір тарихшы бар. Оның есімі аль–Хамдани (Х ғасырдың екінші жартсында қайтыс болған), Иемен тарихшысы, Оңтүстік Арабия тайпаларының географисы, археологисы, генеологиясы және әдебиеті жөнінде энциклопедиялық еңбек жазған.
Ортағасырлық мұсылман тарихнамасының осы дәуірінде анналдармен байланысып жатқан өмірбаяндық шығармалар пайда болды. Бұл дәстүр Ибрахим ас–Саби (994 өмірден озды) әулеттік тарихынан басталады. Одан кейін аль–Утби (961–1022, Буидтер тарихы, Газнавидтер тарихы сияқты шығармалармен толықты.
ХІІ–ХІІІ ғасырларда мұсылман тарихнамасының орталығы Сирия жеріне ауысты. Жергілікті Зенгид және Айюбидтер әулеті өз тарихын жаздырды. Имад–ад–дина аль–Исфахани (1125-1201), Ибн Шаддад (1145-1234), Абу Шам (1203-1268) әсіресе Ибн Васил (1207-1298). Осы салада үлкен жетістіктерге жетті. Осы жерде әлем тарихына байланысты туындылар пайда болды. Абу–ль–Фид, 1273-1331; аз–Захаби, 1274-1353; Ибн Касир,1300-1373 және басқалардың шығармаларын атауға болады.
Араб тарихнамасының бір ерекшелігі – ондағы өмірбаяндық еңбектердің басымдылығы. Якут, Ибн Халликан (1211-1282) және ас–Сафади (1296/97 - 1363), Ибн аль–Кифти (1172–1248) және Ибн Абу Усайби (1203-1270) тағы да басқа тарихшылар саяси, мәдени философия, медицина қайраткерлері жөнінде баға жетпес құнды дүнилер қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |