Павл Орозий жазған «Пұтқа табынушыларға қарсы тарих» шығарма тек христиан мәдениетінің алғашқы дәуірінің аса көрнекті ескерткіші ғана емес сонымен қатар орта ғасырдағы Европа тарихнамасының баға жетпес еңбектерінің бірі. Шығарманың 300 жақын қолжазбалары бар. Ол латын христиан хроникасының негізі қалады. Одан кейін өмір сүрген тарихшылардың оны еңбегіне сілтеме жасамағандары кемде кем. Х ғасырда Кордово халифының тапсырмасы бойынша шығарма араб тіліне де аударылды.
Орозидің өмірбаяны жөнінде мәлімет өте аз. Шамамен ІҮ ғасырдың аяғы Ү ғасырдың басында өмір сүрген сияқты. Тіпті оның туған жері, нәсілі туралы да дерек жоқ. Белгілісі ол 414 жылы Испаниядан Солтүстік Африкаға келгендігі. Осы жерге келгеннен кейін ол Августинге оқушы болады. Жоғарыда аталған трактатты соның тапсырмасы бойнша жазған сияқты. Себебі, ол өз шығармасында ұстазының концепциясын одан әрі тереңдете дәләлдеуге тырысады.
Адамзаттың христиан діні пайда болғанға дейінгі өмірін қайғы–қасіретке толы екендігін толғана баяндайды. Еңбек діндарлар арасында кең қолдауға ие болды. Тарихи процесске христиандық көзқарас тұрғысында жазылған бұл шығарма оны авторының беделін жоғары көтерді. Шығарма жеті кітаптан, екі бөліктен тұрады. Хорографиялық (география ғылымының әр жердің ерекшелігін сипаттайтын бөлімі) сипаттама берілген еңбек Жерорта теңізінің айналасын мекендеген халықтардың Римнің пайда болғанынан б.з.416 жылына дейінгі аралықтағы тарихына тоқталады.
Орозий шығармасы кейінен дәл осындай еңбектердің пайда болуына түрткі болды. ІХ ғасырдың аяғында король Альфред жасаған шығарманың англосаксон нұсқасы жарық көрді. Бұл хорографиялық жанрдың жаңа дәуірі еді. Альфред кітапты дәлме дәл аударуға тырысқан жоқ. Ол еңбектің біраз жерін қысқартып, тек оның қысқаша мазмұнын берді.
Сонымен, орта ғасырдың алғашқы дәуірінде тарихтанудың христиандық концепциясы қалыптасты. Егер көне гректер тарихтың басы да аяғы да жоқ, ол бір қайталанып келетін дөңгеленген дүние десе, христиан тарихшылары ол түзу бір жолмен дамиды деп дәлелдеді. Оның басы бар, белгілі бір мақсатқа жету үшін алға жылжиды.
Мұндай концепция провиденциализм деп аталды. Орыстың провидение деген сөзі (аударғанда – алдын–ала көре білетіндік; болжағыштық; жазмыш; жасаған; көрегендік; құдірет; құдіретті күш; тағдыр; хақтағала)
Бұл концепция бойынша тарих Адам пайда болған уақыттан басталады. Ол бақтың ішінде жүріп Еваны кездестіреді, екеуі алма жеп, күнә жасайды. Міне содан бастап адамзат күнәдан арылу жолына түседі. Бұл ұзақ жол. Алда қатаң сот. Тарихи процесс барысын құдайдың өзі бақылап отырады. Жоғарыда айтылған Августин мұны Құдай қаласы мен Жер қаласы арасындағы ұзаққа созылған күрес дейді. Түбі, Құдай қаласының тұрғындары жеңіске жетеді, өйткені тарихтың жолын құдай өзі күні бұрын белгілеп қойған.
Концепция бойынша адамзат тарихы алты кезеңге бөлінеді: 1. Адамнан бастап топан су қаптағанға дейін, 2. Нойдан Авраамға дейін, 3.Авраамнан Давидқа дейін,4. Давидтан оның Вавилон тұтқынына түскенге дейін, 5.Вавилон тұтқынынан Христостың туғанына дейін, 6. Христостың бірінші және екінші өмірге келу арасы.
Достарыңызбен бөлісу: |