Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Италия тарихнамасының «саяси–риторикалық» мектебі



бет50/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Италия тарихнамасының «саяси–риторикалық» мектебі.

Гуманистік тарихнама аясында Италияда тарихшылардың бірнеше мек­тебі қалыптасты. Соның бірі Флоренция гуманисі Леонардо Бруни не­гізін қалаған «саяси–риторикалық» мектебі. Ол заманда тарихшылар әрі фи­лософиямен, әрі әдеби­етпен, әрі саясатпен де айналысты. Көпшілігі сая­саткерлер еді. Елдің ә­р­бір азаматы Флоренция қаласының нағыз патриоты болып қана қоймай, ол бү­кіл ісімен, қызметімен туған қаласының беделін, абырой–атағын көтеруге мін­дет­­ті болды. Осындай пиғылдағы тарихшы­лар ойы аталған мектеп айналасында топ­тасты.
Леонардо Бруни (1370–1444) 12 томдық «Флоренция тарихы» атты еңбек жазды. Кітапта Флоренция қаласының пайда болған уақытынан бас­тап 1404 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Автор Флоренция респу­бли­­ка­­сын ертедегі Рим республикасының заңды мұргері, оның демок­ра­тия­­лық дәстүрлерінің жал­ға­сы деп есептейді. Ол Флоренция қаласының бай бюргерлік (пополондар) топ­тарына қарап, 1378 жылы кедей топтар­дың Чом­пи көтерілісін де жақтамайды. Ол қаладағы орта топтың мүд­де­сін көз­дейді.
Тарихшы ретінде Л.Бруни ортағасырлық дәстүрлерден толығымен бас тартып. Рим империясының құлауынан басталатын ұзын–сонар та­рихи ке­зең­ді ол «орта ғасыр» деп атауды ұсынды. Ол тарихи процесске саясат тұр­ғысынан қарайды. Сондықтан ол зерттеуші ретінде объективті емес. Ан­тикалық автор­ларға еліктеп өз шығармаларында риторикалық әдістерге ұры­нады. Сондықтан ол тарихи оқиғаларды драмаға айнал­дырып, тари­хи тұлғаларды асыра мадақ­тайды. Л.Бруни өзінің эмо­цио­налдық шығар­мала­рын­да экономикалық әлеумет­тік мәселелерге мән бермейді.
Мемлекетті басқаруда өткен замандардың тәжірибесін пайдалану Ни­кколло Макиавеллидің (1469 – 1527) «Государь» атты еңбегінде ай­қын көрініс тапты. Белгілі гуманист, саяси–ойшыл, тарихшы. Фло­рен­ция республи­ка­сы­ның әр–түрлі басшылық қызметтерін атқарған. Кейде елшілік миссия­сын басқарып, Европаның көптеген елдерінде болып, олар­дың саяси өмі­рі­не белсене түрде қатынасқан саясаткер. Республика құлағаннан кейін ол өзі­нің поместьесінде ғылыми жұмыспен айна­лыс­ты.
Н.Макиавелли қоғамдағы орта таптың идеологы. Өз шығарма­ларын­да ел­дегі экономикалық және саяси тұрақтылықты қалады. Оның пікі­рін­ше Италия бір орталыққа бағынған қуатты елге айналуы үшін, ел ішін­де тұ­рақ­тылық болуы қажет. Мұны тек қана күшті монарх қана жү­зеге асыруы мүм­кін. Саяси көзқарас жағынан республикашыл болса да, осындай пікір ай­туға ол мәжбүр болды. Жоғарыда айтылған шығармада елдегі аумалы–төк­пелі заманда қатаң тәртіптің қажеттілігін айта келіп, мемлекет басшы­сы­на шексіз билік берудің қажеттілігін дәлелдейді.
Сол 1513 жылы ол өзінің «Рассуждение по поводу первых десятых книг Тита – и Ливия» деп аталатын жартылай, саяси жартылай тарихи екінші еңбегін жариялайды. Бұл кітапта ол ел басқарудың респу­бли­калық түрінің қы­ры­мен сырына, оның саяси институттарына тоқталады.
1520 жылы «Какструччо Кастриканидің өмірі» деп аталатын ғұ­мыр­­­намалық шығармасында саяси көзқарасын өзгертіп, ел басқарудың мо­нар­хия­лық, автократты түрін мадақтайды. 1520–1526 жылдар аралы­ғын­да ол өзінің негізгі шығармасы, оның атын шығарған еңбегі «Флоре­нция тарихын» оқыр­ман қолына тигізді. Мұнда ол өзінің мұратына ай­налған мемлекет басқарудың респу­бликалық формасының Флоренция та­ри­хында өміршен болмауының себептеріне талдау жасады. Аз ғана уақыт өмір сүрген Флоренция республи­касы елдегі ішкі және сыртқы қай­шы­лық­­­­­­тарының нәтижесінде тарих қойнауы­на кетті.
Европа тарихнамасында Н.Макиавелли қоғамдағы әлеуметтік теңсіз­дік­тің әлеуметтік соғысқа әкеліп соғатындығын алғаш түсінген та­рих­шы. Мемлекет басқарудың формалардың ауысуын Макиавелли тарихи про­цес­тің дамуындағы екінші заңдылық деп есептейді. Басқару жүйесінің мына тө­мендегі схемасы Монархия ˃ аристократия ˃ республика ˃ аралас түрі ˃ қайтадан монархия – Макиавелли шы­ғар­ма­сының негізі. Бір фор­мадан екіншіге ауысуы саяси зорлықпен аяқталатын саяси күрестің нәти­жесі.
Н.Макиавелли тарихтағы көне дәуірді орта ғасыр ауыстыратын­дығы көзі жетті. Ол бұл терминдерді пайдаланбаса да екі дәуірдің ерек­шелік­те­­рі­не тоқта­лды. Рим империясынң құлап, оған варвар патшалары­ның ба­сып кіруінің негізгі себептерін христиан дінінің пайда болуымен бай­ланыс­тыр­ды. Италияның бы­тыр­анқылығын Рим папала­ры­ның сол сая­сатының нәти­же­сі екендігін дәлел­дейді.
Флоренциядағы саяси күрестің негізгі белестеріне тоқтала отырып, Н.Ма­ки­авелли оған сипаттама берді. Бірінші кезеңде аристократтар өз ішінде күрес­се, келесі белесінде халық (пополон) пен аристократия ара­сын­да, ал енді соңын­да пополондар мен плебейлер арасында қым–қиғаш қа­ра­ма–қайшылықтар болып, соңы көтеріліске ұласты. Автордың пікірін­ше саяси күрестің циклдық қайталануында жеке бір тұлғаның әрекетіне байланысты емес, ол тарихи заңдылықтың көрінісі. Макиа­вел­лидің тарихи концепциясына қорытынды жа­сау, белгілі бір тарихи құбылысқа баға беру тән. Гуманистік бағыттағы тарих­шы­лардың ішінде ол өзінің ғылымилығы­мен ерекшеленеді.
Ал енді оның кемшіліктеріне келетін болсақ, біріншіден оның дерек­тер корпусының жұтандығы. Екіншіден сол замандағы тарих ғы­лымына тән дерек­терді ешбір талдаусыз, сол күнінде пайдалану. Ав­тор тарихтағы же­ке бір тұлға­ның роліне аса бір мән береді. Бұл оның үшінші кемшілігі деп ойлаймыз.
Макиавеллидің тарих ғылымында алатын орыны ерекше. Ол өз за­ма­ны­ның ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан, өзінен кейінгі тарих­шы­ларға үлгі болған ғалым.
Ортағасырлық тарихнамада «деректемелік сын» түсінігі пайда болды. Мұнын авторы италия гуманисті Лоренцо Валла (1407 – 1457). Оның 1440 жылы жазылған «Константин сыйының түп нұсқасы туралы трак­тат» – атты еңбегінде кез–келген тарихи дерекке сын көзбен қарау қа­жет­тілігі дәлел­денді. Автордың сын тезіне салған құжаты император Конс­тантиннің епископы Сильвесторға Рим папасы лауазымың беру ту­ра­лы Грамотасы. Осы құжаттың негізінде Рим империясының орталығы жа­ңа­­­дан негізі қаланған Константино­поль қаласына көшірілді. Заманында осы құжаттың заңдылығына күмән ту­дыр­­ған­дар көп болды. Бұлардың ара­сы­нда тарихшылар да сая­сат­кер­лер де болған.
XVI ғасырдың орта шенінде Европа тарихнамасында жаңа сарын пайда болды. Қоғамдағы түбірлі бетбұрысқа байланысты жаңа тарихи сана қалып­тасты.
Француз заңгері, абсолютті монархияны жақтаушы Жан Боден тарих­тың мәртебесіне жаңа түсінік берді. Қоғамды басқарудың тиімді түрлерін таң­дауда әл­ем тарихының үздік тәжірибесін пайдалану қажет­тілігін дә­лел­деді. Жан Бод­ен тарих ғылымының өзіне тән тану әдістері бар екендігін айтты. «Тарихты оқып – тану әдістері», «Мемлекет туралы алты хат» еңбектерінде тарих­шы­ның негізгі міндеттеріне тоқ­талды. Автор та­рих­шы алдымен тарихи фактін­ің шынайлығын анық­та­уы қажет. Ол тари­хи фактілерді табиғат фактілермен салыстыруы. Та­би­ғат фактілері қандай шынайы болса, тарихи фактілерде сон­дай объек­тивті болуы қажет. Тарихи фактілерді іріктеу барысындағы зерттеу­ші­лер кездесетін қиындықтарды ескертеді. Деректерді салыстыра отыра сын тезіне салуды ұсынады. Тарихшының өткен уақиғаға, тарихи тұл­ға­ларға баға беру құқығына кү­мән­мен қарайды. Ол тарихтың өз ішінде объективті зандылы­ғы бар деген ойды білдіреді. Әрбір елдің гео­гра­фия­лық жағдайы сол ел халқы­ның пси­хи­касына, оның тарихи тағдырына әсер ететіндігін көрсетті. Жан Боден әр халықтың алға қарай даму мүм­кін­шілігін жоққа шығармайды.
Тарих ғылымының қоғам дамуындағы ролі жөнінде 1572 жылы «Та­рих жөніндегі он диалог» атты еңбек жазған Франческо Патриций (1529–1927). Оның тарихи көзқарасына тоқталайық. Тарих дегеніміз адам­зат­тың басынан өткен тәжірибелердің жиынтығы емес. Тарихтың негізгі мақ­саты – ақиқатты тану, негізгі міндеті – кез–келген тарихи уақиғаның бол­ғандығын анықтау. Дегенмен тарихи уақиғаның ақи­қа­тың толық тану мүмкін емес. Франческо Петриций деректерге сын көз­бен қарауды ұсын­ды. Өткен заманды зерттей отыра тарихшы, сол уақи­ғаны көрген адам­дар­дың айтқандарын ғана пайдалану керек.
Ол философия мен тарих ғылымдарын салыстыра отырып, тарих тек факті­лерге ғана жүгінетін ғылым дейді. Тарихтың негізгі объектісі – бү­гін­гі күннің шындығы. Тарих – өткен заман туралы әңгіме емес. Тарих ес­телік, болып өткен уақиғаның құжатқа негізделген ақиқаты. Міне, Патри­ций­дің тарих ғылымына көзқарасы осындай.
Сонымен қорытынды жасайтын болсақ гуманистік тарихнама­ның негізгі жаңалығы төмендегідей:
1. Билік басына келген саяси партияалар, әлеуметтік топтар арсын­да­ғы күрес тарихи процесстің қозғаушы күші. Олар тарихтың даму заңды­лы­ғы­мен жалпы заңдылықпен байланыстыруға тырысты.
2. Филология ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, олар та­ри­­хи деректерді жүйелі түрде талдау жұмыстарының жүргізілуін талап ет­ті. Тарихи құжаттарды жинақтап бастыруға көңіл аударылды. Осыған бай­ла­нысты Қосалқы тарихи пәндер пайда болды
3. Тарихи процессті кезеңдеудің жаңа концепциясының (көне, орта, және жаңа ) негізін қалады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет