Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Еуропа тарихнамасының гуманистік дәуірі



бет49/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

2. Еуропа тарихнамасының гуманистік дәуірі
К.Маркс капиталистік қарым–қатынастардың пайда болуын ХVI ға­сыр­дан бастайды. Бірақ Европа елдеріңде оның алғашқы көрінестері ХІV ға­сырдың соң­­ғы мен ХV ғасырдың басында біліне бастаған болатын.
Жаңа пай­да болған товарлы–ақша қатынасы қоғамды түбегейлі өз­герт­ті. Гео­­графиялық ашулар жаңа елдерді, жаңа жерлерді тану мүмкін­ді­гін туғызды. Ғы­лымның, техниканың дамуы Европа экономикасын жаңа биік деңгейге кө­тер­­ді. Қоғамдағы жеке тұлғаның білім дәрежесі кеңейді. Адамның әрекеті бөгде бір күшке байланысты емес, оның өзінің қолында екендігі белгілі болды. Жаңа тап буржуазия пайда болды. Осындай жағдайда қайта өрлеу мәдениеті пайда бо­л­ып, бүкіл әлемді таң қалдырды. ХVI ғасырдың басында мәдени даму­дың ең жоғарғы белгісі кітап шығару өнері пайда болды. 250–ге жақын кітап басу орта­лығы 40 000 кітап ба­сып шығарды. Антика ақындарының, ғалым­дары­ның ең­бек­­тері мыңдаған данамен жарық көріп Европаның түкпір–түк­піріне тарады. Кі­тап оқу адам­дардың күнделікті дағдысына айналды. Сау­ат­тылар қа­та­ры көбей­ді.
Гумани́зм (лат.Humanitas– адамгершілік, humanus – адамша,), Фило­софиялық көзқарас. Қоғамның негізгі құндылығы–ол адам. Сон­­­­­­­­дық­­­­тан ол бас бос­тандығына, бахытты болуына, өзінің қабілетін да­мы­­туға құқылы.
Америка зерттушісі Уоррен Аллен Смит (Warren Allen Smith) бір­не­ше түсі­нігіне тоқталады:
*гуманизм – ұғым, негізгі объктісі адам.
*көне гуманизм – Аристотель, Демокрит, Эпикур, Лукреций, Перикл, Про­та­гор және Сократұстанымдары.
*классикалық гуманизм – Қайта өрлеу гуманизмі Бэкон, Боккаччо, Эразм Роттердамский, Монтень, Томас Мор және Петрарка;
*теистік гуманизм – діни ұғым. Адам өзін өзі құтқару үшін құдайдың көмегіне жүгінуі қажет.
*атеистік гуманизм – Жан–Поль Сартра және басқалардың ұғымы.;
*коммунистік гуманизм – Карл Маркс нағыз гуманист әрі натура­лист еді деп сенетін Фидель Кастро сияқты коммунистердің үғымы.
*натуралистік (немесе ғылыми) гуманизм - Қазіргі замандағы ғы­лым­­да қалыптасқан адамның өзін–өзі жетілдіруі туралы эклектикалық ұғымдар жиынтығы..
Цицерон «Адам қабілетінің жұмсақтық пен адамгершілікті негіз­ге ала отырып қалыптастырған мәдени және адами да­муын­да­ғы ең жоғарғы құндылығы» деген түсініктеме береді. Ал Халқаралық гу­манистік және этика одағының Жарғысында - «Гуманизм дегеніміз де­­мо­кратия мен этикаға негізделген адамзат өмірінің ұстанымы. Әрбір адам өз өмірінің мәні мен түрін айқындауға құқылы» деп жа­зыл­­ған. Америка гуманистерінің ассоциациясы «Гуманизм дегеніміз – прогрессивті өмір ұстанымы. Әрбір адам жоғарғы күштің көмегінсіз өзінің қабілетін дамытып, қоғамға өз үлесін қосуға міндетті» дейді.
Гуманистер адамның қоғамдағы рөліне жаңа көзқарас қалыптастыр­ды. Ад­ам барлық қызығын, рахатын осы өмірде көруі қажет. Әрбір адам­ның бақы­ты өз қолында. Сөйтіп қоғам дамуының теологиялық, концеп­ция­сы­­­нан бас тар­т­қ­ан гуманистер жаңа пайда болған буржуазия табының идеологиясына айнал­ды.
Жаңа қоғамдық ой–пікірдің қалыптасуы ғылымның, оның ішінде та­рих ғы­лы­мының өзгеруіне әкеліп соқты. Гуманистік тарихнама діни көз­қа­­рас­тан бас­тартып, ғылымның алдына жаңа проблемалар қойды. Гума­нис­тер саясат адам әре­кетінің ең жоғарғы формасы деп есептеді. Сон­дық­тан оның тарихын зерттеу ғылының мәртебелі міндеті болып саналды.
Тарих қойнауына кеткен қоғамдардың саяси жүйесін, олардың жүр­гіз­ген соғыстары егжегей–тегжейлі түрде зерттелді. Сөйтіп саяси тарих ғы­лы­мы пай­да болды. Гуманистер шаруашылық, әлеуметтік мәселерге онша көп мән берме­ді. Қоғамның горизанталды дамып прогреске ұм­ты­луын олар түсінбеді. Адам­зат мемлекеттік түрдің бірнешеуін біледі, со­лар уа­қыт өткен сайын бірін–бірі ау­ыс­тырып отырады деп есептейді. Мұ­ны қо­ғам дамуының циклдік формасы деп атайды.
Антика дәуірінің белгілі тұлғаларына арналған тарихи – мәдени шы­ғар­малар пайда болды. Солардың бірі Европа әдебиетінің классигі Фран­ческо Петрарка (1304 – 1374). Оның 1337 жылдар шамасында жазылған «Белгілі тұлғалар туралы» деген латын тіліндегі шығарма­сы­н­да ол Рим тарихын бел­гілі тұлғалардың өмірбаяны арқылы баян­дай­ды. Ромулдан бас­тап Цезарьға дей­ін өмір сүрген Римнің саяси қайрат­кер­лерінің тарих­та­ғы орнына ерекше, тым жо­ғары баға бере отырып, өз заманының саясат­керлерімен салыстырады.
Келесі бір итальяндық классик – жазушы Джованни Бокаччо (1313 – 1375) «Даңқты әйелдер туралы» деген еңбегі антика дәуірінде өмір сүр­ген әйел­дер туралы қысқаша анекдот тәріздес әңгімелерден құра­ла­ды.
ХV–ХVІ ғасырда тарихи шығармалар көбейді. Тарихи шығарманы жа­зу әдіс­теріне арналған зерттеулер пайда болды. Саясатпен тиімді айна­лы­су үшін саясаттың тарихымен танысу қажеттілігі түсінігі пайда болды. Тарихтан сабақ алу, тарихпен келешек ұрпақты тәрбиелеу жолға қойылды.
Дегенмен тарих жеке ғылым болып қалыптаспады. Ол көркем шығар­ма­ның бір бағыты болып қала берді. Ол университеттерде арнау­лы пән ре­тін­де оқытылмады. Гуманистердің кіргізген бір жаңалығы – деректерді тал­дау, оларды кеңінен пайдалану. Ғалымдар арасында «ad fontеs» (дерек­тер­ге көңіл аудар) ұраны пайда болды. Тарихтаың даму дең­гейі қоғам да­муы­ның деңгейіне сәй­кес болды. Олар түгелдей, бір­жо­ла­та схоластикалық – діни көзқарастан ары­ла алмады. Зерттелген та­қы­рыптары да бір шең­бе­р­де болды. Олар тек сая­сат, соғыс, жеке бір тұл­ғалардың тарихынан аса алмады.
Ал енді Европаның жекелген елдеріндегі тарих ғылымының даму дә­ре­же­сіне тоқталайық.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет