Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


XVII ғасырдағы тарихи білім деңгейі. Европа ғылымындағы төң­ке­ріс



бет51/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

XVII ғасырдағы тарихи білім деңгейі. Европа ғылымындағы төң­ке­ріс.

XVI ғасырда Европа қоғамында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Эко­номи­ка­да, саясатта, әлеуметтік және халықтың рухани өмірін­де жаңа қа­рым–қатынас ор­ны­қты. Адамның дүниетанымы өзгерді. Ев­ро­па мәде­ние­тін­де жаңа таным принциптері қалыптасты. Ғылым қо­ғам­ға пайдалы ретінде есептеліп, оның дамуына барлық жағдай жасалды. 1543 жылы Н. Ко­перник «Об обращении небес­ных сфер» атты еңбегі жарық көрді. Міне осындай жаңалықтар ғылым­дағы түбегейлі өзгерісін, немесе ғылымда төң­керіс болды деп қорытынды жас­ау­ға мүмкіндік берді.
XVI–XVII ғасыр аралығында Европа тарихында жаңа дәуірдің ал­ғаш­­қы кезеңі деп аталады. Жаңа замандағы ғылымдар арасындағы тарихтың орнын ағылшын ғалымын, мемлекет қайраткері, философ Френсис Бэкон (1561–1626) «Новом органе или великом восстановле­нии наук» (1610) ең­бегін­де білім жүйесін қарастырды. Бұл уақытта да тарих басқа гумани­тарлы ғылымдардан бөлектеніп шыға алмады. Ол көбіне антика әдебиетің зерттеушілерге көмекші ғылым ретінде қарас­ты­рылды. XVII ғасырда та­рих­пен айналысу модаға айнал­ып кетті. Әде­биетшілер тарихты даныш­пан ой–пікірінің қоймасы ретінде пай­да­лан­ды. Өздерінің тұжырымдарын дә­лел­деу үшін олар тарихқа жүгінді. Окс­форд және Кембридж универси­тет­терін азаматтық тарих кафедрасы ашыл­­ды. XVII ғасырда тарихи білім сая­си күрес практикасында пай­да­лана бастады. Ағылшын революциясы ба­ры­сында король жақтастары жә­не оның қарсылас­тары өз пікірлерін дәлелдеу үшін тарих ғылы­мы­ның жетістіктерін пайдаланды.
Ф. Бэкон тарих ғылымын екі бағытқа бөлді. Бірін – жетілген (со­вер­шен­ный), екіншісі – жетілмеген (несовершенный) деп атады. Алғашқы­сын­а ол саяси тарихнаманы кіргізді. Бұған жататындар: хро­ни­калар, ұлы тұлғалар ту­ралы жазылған шығармалар. Олардың негізгі дерегі – орта ға­сыр­лық хрони­калар, ауызша жеткен әңгімелер, есте­лік­тер. Кейін көптеген авторлар ортаға­сыр­лық мемлекеттердің қоғамдық, саяси, құқықтық тари­хы­на қалам тартып, өз зерттеулерінде жараты­лыс­тану ғылымдарының тә­жі­рибесін пайдаланды.
Бэконның өзі 1621 жылы жарияланған «Жетінші Генрихтың тари­хи еңбегінде» Ағылшын мемлекетінің тарихына арнады. Ақ розалар мен қы­зыл розалардың соғысы нәтижесінде, Англия мен Шотландияның бірігу процес­сінде үкімет басына Тюдор әулетінің мүшесі Жетінші Генрихтің келгені белгілі. Автор осы шығармасында тарихи та­қырып­тың дәстүрлі ше­карасын кеңейтіп, оған құқық тарихының біршама мате­риал­дарын кіргізді.
XVII ғасырдың екінші жартысында Британияда бір­неше саяси және тарихи трактаттар мен естеліктер жарық көрді. Онда ел­дегі ре­во­люция, азамат соғысы, монархияны жаңалау сияқты болып өт­кен тарихи про­цестер көрініс тапты. Граф Кларендонның «Бүлік тари­хы», Г. Бар­нет­тің «Үкімет туралы екі трактат», «Діни шыдамдылық ту­ралы» т.б. осындай шығармалар.
Ал енді тарихи шығармалардың жетілмеген түрлеріне та­қы­рып­ты толық ашпайтын, үлкен бір шығармалардың фрагменті, алғашқы нұ­сқасы, тарихи дерек­тер, архив құжаттары, монета, елтаңба және т.б. жатады. Міне, осындай зат­­тарды іздеу, табу оларды жинау және коллек­циясын жа­сай­тындар өзін «антикварлармыз» деп атайды. «Антиквар» (латынша–көне). Бэконның пікір­інше антикварлар, кейде оларды «эрудиттер» деп атай­ды, тарихшыларға мате­риал дайындайтын, көне за­ман жәдігерлерін қор­ғап – сақтайтын адамдар болып ес­еп­телді. Антикварлардың өздері де на­­ғыз тарихшы ретінде тарихи шығарма жазуға талаптанбады. Олар мұн­дай шығарманы тек қана жазушылар ғана өмір­ге әкеледі деп есептеді. Сон­дықтан жазушыға қажет деректерді талдау әдістерін жетілдіруді, олар­дан неғұрлым мол ақпарат алу жұ­мыс­тармен айналысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет