Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет55/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Ж.Кондорсе. Белгілі математик, философ, энци­клопедист, Француз революциясына қатысушы.1793–1794 жылдары «Эскиз исторической кар­тины прогресса человеческого разума» атты еңбек жазған. Оның пікірінше про­грестің айқындаушы критериі ақыл–ой­дың, ғылыми білімнің және жеке тұлғаның бостандығы дәрежесі. Ол шығармасында осы критерилерді негізге ала отыра әлем тарихын тоғыз дәуірге бөледі. Адамзат тарихының алғашқы бес дәуірінде, яғни алғашқы қауымдық құрылыстан антика уақытына дейін қоғам алға қарай дамиды. Ал біздің заманымыздың Ү–ХІ ға­сыр­лар аралығын қам­титын алтыншы кезең­де қоғам дағдарысқа, күйзеліске ұшырайды. XI–XV ғасырдың орта ше­нін ол жетінші дәуір деп есептейді. Бұл дәуірде біршама жа­ңа­лықтар ашылды. Әсіресе кітап басу ісінің пайда болуы әлемдік өркениетке қосыл­ған үлкен үлес еді. Еуропаның бірқатар елдерінде бостандықтың алғашқы белгілері көрініс тапты.
ХҮ ғасырдың ортасы мен ХҮІ ғасырдың ортасы аралығын сегізінші дәуір қамтиды. Бұл кезде философиялық ой–пікір қанат жайды, ғылым дамыды. Декарт­тан бастап француз ревлюциясына дейінгі дәуір Кон­дорс ай­­туын­ша соң­ғы тоғызыншы дәуір. Солтүстік Америкада, Фран­цияда бол­ған револциялық қоз­­ға­лыс­тар заңды құбылыс. Ол тарихтың бол­­жам жасау мүмкіндгіне шек келтірмеді. Келешектегі оныншы дәуір адам­зат ақыл–ойының ғарыштап алға кетер заманы болады деп өз оқырмандарын сен­дірді.
Ағылшын ағартушылары. Генри Сент–Джон Болингброк (1678 – 1751), лорд – ағылшын саяси қайраткері, философ. Өзінің 1735 жылы жарияланған «Письма об изу­чениии поль­зе истории" атты еңбегінде материализм идеясын дамытады. Ол дінді сынай­ды, халықты бағы­ныш­ты күйде ұстау үшін ойлап та­бы­л­ған құрал деп есептейді. Тарих ғылы­мы­на үлкен баға береді. Оның қоғам­дағы роліне тоқталады. Тарих­қа қы­зы­ғушылық табиғи құбылыс, бірақ оны тек бір кәсіби проблеманы ше­шу үшін ғана емес, адамзаттың ғаламдық мә­се­­­ле­сін ашу үшін айналысу қажет.Тар­их бірнеше циклдардан тұрады. Әрбір ци­кл­дың басы және аяғы бар. Ци­кл­дарды тудыратын белгілі бір себеп­тері бар дей­ді ол.
Ағылшын философы Юм Дейвид (1711,– 1776,) – әрі тарихшы, экономист, көсемсөзші. Юм жаңа еуропалық агностизмнің негізгі прин­циптерін жүйелеп, позитивизмнің бастауында тұрды. 1739 – 40 ж. Адам табиғаты жайлы тра­ктатын жариялады. Ол 1741 жылы Эссе атты қоғамдық–саяси, мораль­ды­қ­­–эстетикалық және экономикалық тақырып­қа арналған еңбегін, Дін­нің негізгі тарихы шығармаларын жариялады. 1752–1762 жылдары сегіз том­дық «История Англии от вторжения Ю. Це­за­ря до революции 1688г.» атты шығармасы Еуропа тарихна­ма­сы­на қосыл­ған үлкен үлес еді. Тарихи бая­ндау­дың негізінде саяси тарих жатыр. Ағар­ту­шылар дәстүрін жалғастырған автор ді­н­ге, халықтың мі­нез–құлқына, мәдениетіне, қоғамдық ой–пікірге ер­ек­ше кө­ңіл аударады. Тілі жа­тық, фактілері әбден дәлелденген шығарма ағ­ыл­шын­да­р­дың жүздеген жыл­­дар бой ұлттық тарихының сүйіп оқитын шы­ғармасы бол­ды.
Ағылшын ойшылдарының ішіндегі тарихқа ерекше көңіл бөлген Э.Гиб­­­бон (1737–1794) еді. 1776–1788 жылдары жазылған «Ис­то­­­рия упа­­д­ка и ра­зруше­ния Римской империи» атты, көпшілікке ұнаған ір­ге­лі шығарма­н­ың авторы. Та­рих­шының негізгі міндеті әрбір нақты фак­тінің маңызын ашу деп түсінді. Ол тар­ихи материалды проблемалық–та­ри­хи кезекпен баяндайды. Ба­тыс және Шы­ғыс Рим империясының ыды­ра­уы көрші елдерді басып алу сая­сат­ының ұлғаюы деп дәлелдейді. Биліктің үш тармағының арасындағы тепе–тең­­діктің жойылуы «це­зар­лық диктату­ра­­ның» орын алуына әкеліп соқты. Им­перияның құлауына христиан діні де өз үлесін қосты. Жауынгерлердің рухы­ның төмендеуі, олардың белсен­ді­лі­гінің азаюы, құлшылдық пиғыл, «еретик­тер­ді» қу­ғын­дау, жалпы қо­ғам­дық өмірдегі шіркеудің ролінің артуы, олардың бас­­сыздығы халықтың ұнжырғасын түсірді. Міне Э.Гиббонның тарихи көзқарасы осындай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет