Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс тарихнамасы



бет58/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс тарихнамасы.

Щерба́тов Михаи́л Миха́йлович (1733–1790) – орыс тарихшысы публи­­цист, философ. Санкт–Петербург ғылым Академиясының құрмет­ті мү­ше­сі, Ресей академиясының мүшесі (1783). Өте ауқатты отбасыдан шық­­­­­­­қан. Жасында жақсы білім алып, әскери қызметте болды. Отстав­каға шық­қаннан кейін әртүрлі мемлекеттік қызметте істейді.
Орыс тарихымен айналысты. Дворян тарихнамасының өкілі өзінің та­ри­хи еңбектерінде дворян тобының мүддесін қорғайды. Көзқарасы жағы­нан – рационализмді және прагматизмді ұстанады. Провиденцили­зм­ге қар­сы. Щерба́тов М.М. археографиялық жұмыстармен айналысты. Ол көп­те­ген деректерді пайдаланды. «Царственная книга», «Летопись о многих мятежах», «Журнал Петра Великого» сияқты деректерді іздеп тауып, оларды жарыққа шығарды. Орыс тарихына қатысты дерек­терді жинап, олар­ды бастыруға күш салды.
Дворян тарихшысы ретінде, соған сәйкес орыс тарихының схемасын жасайды. Оның пікірінше патшалық самодержавие Ресей үшін ең тиімді, ең ыңғайлы өзіне ғана тән мемлекеттік құрылым. Дворяндар боярлардың заңды жалғасы, орыс қоғамының іргетасы. Еңбектерінде дворяндар мен шаруалардың және патшаның бірлігі насихатталады. Щербатов орыс тарихын кезеңдерге бөлмейді, бірақ оның еңбегінің әрбір томы белгілі бір оқи­ғалармен басталып белгілі бір оқиғалармен бітеді. Оның жазған «Исто­рия российская от древнейших времен» атты кітабы орыс тарихнамасы­ның бір белесі.
Петр Иванович Рычков (1712–1777) Орыстың белгігілі тарихшы­сы, эканомисі, мемлекет қайраткері. Арғы тегі шетелдік, әкесі ХҮІІІ ғасырдың бас­ын­да Ресейге кәсіп іздеп келген.
Жас кезінде неміс, голланд тілдерін, есеп–қисап мамандығын игереді. Со­ның арқасында Қазақ даласына аттанатын әскери–ғылыми экспедиция­ға бух­галтер қызыметіне орналасады. Алдымен И.К. Кири­ловпен, кейін В.Н. Та­тищев­пен қызметтес болады. Бұл екеуі де қазақ да­ласының гео­гра­фиясы және тарихымен белсенді айналысқан тұлғалар. Осылардың тап­сыр­маларын орындай жүріп П.И.Рычков өзі де жаңа әрі ғылымға беймәлім өлкенің тарихына қызыға­ды. Өз өмірінің 43 жылын осы жерде өткізген ғалым бірнеше еңбектің авторы болды, ұзын саны 50–ден асады.
Оның негізгі шығармалары «История Оренбургская» және «Топо­гра­­­фия Оренбургская» деп аталады. Өте бай деректер негізінде жа­зыл­ған шығарма­ларда Орал тауының оңтүстік етегін, Қазақстанның сол­түс­тік батысын мекен­деген халықтардың тарихы, этнографиясы, шаруа­шы­лы­ғы туралы мол мәлімет­тер бар. Әлбетте, ол өзі мүше болған Орынбор экс­педициясы жөнінде толық ақпа­рат береді. П.И.Рычков кітаптарында жаңа өлкені отарлау процесін бүге–шігесіне дейін қалдырмай баян­дай­ды.
Қамалдардың салынуы, орыстардың қоныс аударуы, егіншіліктің да­муы, келімсектермен жергілікті халықтардың қарым–қатынасы туралы жаз­­­­­ған­дары, Жайық орыс–казактарының пайда болуы, Жайық қала­шы­ғы­­ның салынуы сияқ­ты мәселелер осы күнгі оқырмандарды да қызық­тырары сөзсіз.
1741 жылы Рычков Орынбор шекара комиссиясынң жанындағы География департаментінің директоры болып тағайындалды. 1752 оның мұ­рындық болуы­ның арқасында геодезистер тобы құрылды. Олар 1755 жы­лы Орынбор губер­ния­сының Бас картасын және оған қосымша 10 кар­та жасады.
Осы карталарға қосымша түсіндірме ретінде «Топография Орен­бург­­ская» (бірінші бөлім – 1755, екінші бөлім – 1760). 1762 жылы еңбек Санкт–Петер­бур­гте академиялық журналда басылып шықты. Орыс гео­гра­фия ғылымы үшін бұл еңбектің маңызы өте жоғары еді. Сол кездегі ең бе­дел­ді М.В.Ломоносов, Г.Ф. Миллер сияқты ғалымдар жоғарғы ба­ғасын бер­ді.
Осымен қатар П.И. Рычков жаңа аймақты эканомикалық жағынан тиім­ді пайдалану үшін бірнеше мақалалар жазды. «О сбережении и раз­множении лесов», «О способе к умножению земледелия в Оренбург­с­кой губернии», «Описание урожая хлеба в Оренбургской губернии», «О со­­дер­жании пчел», «О медных рудах и минералах, находящихся в Орен­бур­г­ской губернии» тағы да басқа осы сияқты шығармалары Ресей журналда­рына жарияланды.
П.И. Рычков бірнеше рет Ресей Академисына мүшелікке ұсыны­ла­ды. Алдымен В.Н Татищев әрекетінен түк шықпады. 1758 жылғы Г.Ф. Мил­­лер­дің талпынысы да сәтсіз аяқталды. Тек 1759 жылы М.В. Ло­мо­носов ара­ласып, сол жылдың 29–ыншы қаңтарында ол Ресей Ака­де­мия­сы­ның мүше–корреспонденті болып сайланды. Оның шығармалары, әсі­ре­се Қа­зақ­стан тарихы үшін, таптырмайтын дерек ретінде құнды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартсында өмір сүрген белгілі тарихшы, дворян тарихнамасының өкілі Иван Никитич Болтин (1735–1792). Ғы­лым­ға кеш келді. Жас уақытында әртүрлі мемлекеттік қызметтер ат­қа­рып, өмір­лік тәжрибе жинақтайды. Батыс Европа елдерінің тарихи–фи­ло­со­фия­лық шығармаларымен танысты. Өзін В.Н. Татищевтің оқу­шы­сы­мын деп есеп­теді.
Тарихи процесстерге рационалдық, психологиялық прагматизм тұр­ғы­сынан қарады. Оның себеп–салдарлық негіздерін іздейді. Мұның өзі оны тари­хи заңдылықтардың бар екендігін мойындауға мәжбүр етті.
Осы жылдары француз тарихшысы Леклерктің орыс тарихына ар­нал­­­ған еңбегі жарық көрді. Леклерк Николай Гавриил (1726–1798) 1759 жы­лы импе­ра­тор Елизаветаның шақыруымен Ресейге келген. Ол орыс та­ри­хы бойын­ша материал жинап: "Histoire de la Russie ancienne et moderne" (1783–94) деп аталатын кітап жазған.
Осыған сын ретінде И.Н. Болтин «Примечанияна историю древ­ния и ныне­шния России господина Леклерка» ( т.1–11,1788) деген екі том­дық кітап жазды. Осыдан кейін ол М. Щербатов еңбегіне пікір ретінде «Кри­ти­чес­кие примечания генерал–мойора Болтина на пер­вый» том «Истории» князя Щербатова. (СПб., 1793) деп аталатын кі­та­бын жариялады.
Екі кітаптан да біз И.Болтиннің тарихи көзқарасын анық көреміз. Ол тарихи құбылыстарға философиялық қорытындылар жасау, сыни интер­претация мәселелеріне көңіл бөледі. Ол тарих ғылымының мақсаты мен бағ­дарын анықтайды. Ғылыми–зерттеу жұмыстарына қатаң талап қоя біл­ді. Бріншіден, жұмысты жазбас бұрын оған мұқият дайындалу қажет. Де­рек­тер корпусының толықтығы және оларды пайдалану әдістерін меңгеру. Екіншіден, тарих ғылымының арнаулы салалары болып есеп­телетін та­ри­хи география және этнография ғылымдарының зерттелуін жолға қою. Үшін­­ші­ден, тарихи деректерді дұрыс ғылыми синтездеу ғы­лы­ми шығар­ма­ның жай ғана баяндау немесе көркем әдебиеттен айыр­ма­шылығын көр­се­теді. Сонымен орыс тарихнамасында Болтин алғаш рет деректерді тал­дау мәселесін көтерді.
И.Н. Болтин барлық халықтардың даму заңдылықтарының бір екен­ді­­гі туралы прогрессивті идеяны қолдады. Сөтіп ол ғылымда тарихи–са­лыс­­тыр­малы әдісті пайдалануды ұсынады. Оның тарихи көзқарасының про­­грес­­сивтілігі сол кездегі Европа ғылымын толық игеруінде еді.
XҮІІІ ғасырың екінші жартысында қоғамдық өмірде діннің рөлі тө­мендей бастады. Европа ойшылдарының алдыңғы қатарлы ой–пікірлері, өн­дірістік қатынастағы өзгерістер, Европа тарихнамасындағы жетіс­тік­тер Ресейде жаңа тарихи туындылардың пайда болуына әсерін тигізді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет