Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет61/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Татищев В.Н. История Российская с самых древнейших времен
Татищев В.Н. Лексикон Российский, исторический, географический, политический и гражданский
Рычков П.И. История Оренбургская»
Рычков П.И. Топография Оренбургская
Оқулықтар мен оқу құралдары
Абилев А.К. Русская историография истории Казахстана ХVШ–ХХвв. /Учебное пособие/–Караганда. Изд. КарГУ. 1988 – 86 с.
Вернадский Г.В. Русская историография. М., 2000. – 272 с.
Историография IX–нач. XX вв. Отечественной истории. Подред.
О.В. Сидоренко. Изд–во "Дальневосточного университета". Владивосток. 2004. – 291 с.
Историография истории России до 1917 г.: Учеб.для студ. высш. учеб. заведений: в 2 Т. / под ред. М.Ю. Лачаевой. М., 2003. – 381 с.
Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. История исторического знания. М., 2004. – 266 с.


VII. XIX ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫ


1.Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну
XIX ғасырдың орта шегі мен екінші жартысында әлемнің көптеген елдерінде қалалар мен өндіріс қарыштап дами бастайды. Қоғамда адамдар ара­сында қарым–қатынас, күнделікті тұрмыс және тағы да басқа адамға бай­ланысты жағдайлар өзгеріске ұшырады. Кешегі шаруа қалаға қоныс ау­дарып, Люмпен пролетариатқа айналады. Оның енді табыс көзі тек өзі­нің екі қолы ғана.Қалада оның баспанасы, тұрақты жалақы алатын жұмы­сы болу қажет. Сө­й­т­іп, қоғамда «жұмысшы проблемасы» туын­дай­ды.
Бұл кезде жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай дамып, табиғатқа материалистік көзқарас негізінде үлкен нәтижелер бере бастайды. Міне осын­дай жағдайда саяси–әлеуметтік мәселелер жөніндегі зерттеулерге де дү­ниені мате­риалистік тұрғыдан қарастыру түсінігі ене бастайды. Ғалым­дар­дың бір бөлігі тарихи процеске материалдық өндірістік әсері мол деген концепцияны қабылдайды.
Қоғамның тұғыры немесе базисі екі бөліктен тұрады. Біріншісі өн­дір­­гіш күштер. Бұған еңбек құралдары мен жұмыс күші жатады. Екін­шісі өн­ді­рістік қатынастар, яғни жұмыс беруші мен жұмысшының ара­сын­дағы өн­дірістік бай­ланыс, келісім. Осыны ғылымда қоғамның эко­номикалық ба­зисі деп атайды.
Қоғам дамуның материалистік түсінігінің негізін салған Карл Маркс. Оны қолдаған және бар көмегін аямаған Фридрих Эньгельс. Бұл екеуі де Гер­мания азаматтары. 1845–1846 жылдары «Неміс идеология­сы», 1847 жы­­лы «Нищета философии», 1859 жылы «Саяси экономи­каны сынау», 1867 жылы «Капитал», 1876–1878 жылдары «Анти–Дю­ринг», 1893–1895 жылдары «Тарихи материализм туралы хат» сияқ­ты еңбектер жазған.
К.Маркс жақсы тарихшы. Өзінің концепциясының негізінде ол Еуро­па елдерінде болған тарихи оқиғаларды алды. Ол 1848–1849 жылдары фран­цуз революциясына арналған «1848–1850 жылдардағы Франция­да­ғы тап күресі», Париж коммунасы туралы «Луи Бонопарттың 18 брю­мері», «Фран­циядағы азамат соғысы» сияқты өзінің тарихи шығармаларын жазды. Мұнда ол саяси күрес экономикалық жағдайға тікелей байланысты екендігін дәлелдейді. Негізгі идеясы ұсақ–түйек реформаларды жүзеге асыра отыра қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі шешуге қате болмайды. Мем­лекеттік–бюрократиялық машинаны қиратпай әлеуметтік теңсіздікті жою мүмкін емес. Ф.Эньгельс те өзінің «Герма­ниядағы революция және контрреволюция», «Германиядағы шаруалар соғысы» атты шығармалары­мен тарихнамаға зор үлесін қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет