Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет64/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

3. Еуропа романтикалық тарихнамасы.
XVIII ғасырдағы Француз революциясы тек қана өз елінде ғана емес бүкіл Еуропаға, қала берді әлемінің басқа да елдеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бүкіл континентте буржуазиялық қайта құрулар басталды. Ағылшын елінде бас­талған өндірістегі жаңалықтар басқа да елдерге тарай бастады. Мұның өзі қоғамда жаңа екі таптың – буржуа мен жұмысшы таптарын дүниеге әкелді. Әлеу­меттік саладағы өзгеріс­тер, әлбетте, жаңа қоғамдық сананың қалыптасу­ына әсер ететіндігі белгілі. Либерализм (көпшілігі), консерватизм, радик­ализм, социа­лизм сияқты идеологиялық ағымдар пайда болды.
Әлеуметтік төңкеріс қоғамда қоғамдық–саяси пікірталастарды туғыз­ды. Көпшілік ойшылдардың революциядан күткен үміттері ақтал­мады. Ағар­тушы­лар­дың аңсаған қоғамдағы мемлекеттік құрылыс пен әлуметтік құрылымының өз­геруі орындалды. Абсолюттік монархия ор­нына азамат­тық қоғам және кон­сти­тутциялық монархия келді, жаңа таптар пайда бол­ды. Бірақ шынайы бостан­дықтың ауылы әлі алыс еді. Тарихи процесті «та­биғи құқық» (естественное право) және «қоғамдық келісім» (общес­твен­ный договор) тұрғысынан түсін­ді­ру күмән туғызды. Прогрестің бір түзу­дің бойымен даму концепциясы да дағ­да­ры­с­­қа ұшырады. Революция нәти­жесі жаңа саяси тұжырымдарды дүниеге әкелді. «Қоғамды алға жыл­жы­та­тын – күрес» теориясы басымды­лық таныта бастады.
Романтизм түсінігі. Міне осындай жағдайда мәдениетте, әлумет­тік–гуманитарлы ғылымда жаңа–романтизм бағыты қалыптасты. Бұл терминді әдабиет теориясына кіргізген Фри́дрих фон Га́рденберг (Новалис–лақаб есімі) деген неміс әдебиетшісі еді. Белгілі фактілерге, ұғымдарға жаңаша түсі­нік беру романтиктердің негізгі мақсатына ай­нал­ды. Бұл бағыт, тек көркем шығарма­ларға ғана әсер етіп қоймай, бү­кіл қоғамдық ой мен ғы­лым­ды да қамтыды.
Міне, осындай жағдайда, XIX ғасырдың орта шенінде тарих ғылы­мын­да үстемдік құрған романтизм тарихнамасы пайда болды. Деген­мен де, осы кезде ағарту дәстүрінің классикалық түріндегі рациона­лизм бағы­ты мен мек­теп­тері қатар өмір сүрді.
Романтикалық тарихнаманың негізгі позитивті белгісі – тарихилық (историзм) еді. Яғни, тарихи процесстің дамуы, жеке бір тұлғаның қо­лын­да емес, оның ақыл ойынан тыс дамиды. Бұл бағытты ұстанған ғалымдар, қо­ғам­дық құбылысты зерттеуде оның нақтылы пайда болған заманынан шырқау биігіне дейін және ыдырау процессін зерттеу қа­жет­тілігіне көз жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет