Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет65/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Романтизмнің тарихи көзқарасы. Тарихи процесстің дамуын адам­зат­тың ғаламдық дамуынан іздемеу керек. Оны тек нақты бір халықтың не­ме­се бір елдің тарихы арқылы білуге болады. Яғни, дамудың универ­сал­ды даму жолы жоқ (ағартушылар айтқандай) әр халықтың тарихының өзі­не тән белгілері бар. Әрине, бұл идеолистік филофосияның негізінде әр ха­лыққа тән «халықтық рух» бар деген идея. Бұл идеяның негізін қалаған Монтескье Вольтер сияқты ағарту­шы­лар қалаған еді. Бірақ ол рационалді тарихнамада өзінің қажетті ор­нын ала алмады. Кейін, неміс ғалымдары одан әрі дамытып, оған бас­қа­ша түсінік, басқаша мазмұнын берді.
Романтикалық тарихшылар әрбір тарихи кезеңнің белгілерін оның ұлттық және географиялық негіздермен байланыстырды. Әр заманның, әр ел­дің, әр халықтың өзіне тән рухани, мәдени және шаруашылық ерек­ше­лік­тері бар. Тіпті күнделікті тұрмысы мен киім киісі де ерекше. Қоршаған орта мен қарым–қаты­на­сында да айырмашылықтары бар. XIX ғасырдың ал­ғаш­қы жартысындағы тарихшылар «Вживания» (жаттығу; көндігу; тө­се­лу; үйрену;), «Вчувство­вания» (сезіну), «Сопережи­ва­ния» (бірге маза­сыз­дану). Тарихилықтың қоғам­дық ой пікірдегі үстем­дігі XIX ғасырдағы бі­рін­ші жартысындағы қоғам өмірін­де тарихтың беделінің өсуіне әсер етті. Ол «ғасырдың ғылымы» атанды. Осыған байланысты кәсіби тарих­шы­лардың үлес салмағы көбейді. Еуропада тарихи қоғамдар құрыла бас­тады, журналдар ашылды, мұрағат және мұражай жұмыстары жанданды. Кейбір елдердің тарихына байланысты көп томдық тарихи деректер жа­рық көрді. 1826 жылдан бастап Гер­манияда «Германия тарихының ес­керт­­кіштері», 1835 жылдан бастап Францияда «Франция тарихы бо­йын­­ша жарияланбаған құжаттар» (400 том), 1836 жылдан бастап Италия­да «Отан тарихының ескер­т­кіш­тері», 1832–1861 жылдары Амери­када «Америка мемлекеттік құ­жат­тары» (38 том) шыға бас­тады.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа елдеріндегі тарихи дерек­тердің жариялануы қоғамының тарихқа деген қызығушылығынан туындады. Естеріңізде болса, дәл осындай іспен XVII–XVIII эрудиттер айналысқан еді.
Тарихи деректердің жаппай жариялануы, олармен жұмыс істеу әдіс­терін жетілдіру мәселесін күн тәртібіне қойды. Неміс тарихнысы Лео­польд Ранке, осы шаруаны өз қолына алып, тарихи сын әдісін қолданды.
Тарихқа деген қызығушылық қоғамдағы білімді адамдардың көп­шілік бөлігін қамтыды. Тарихи шығармалар газет журнал беттерінде тал­қы­ла­нып конференциялары мен семинарлардың негізгі тақырыбына айналды. Франсуа Гизо, Фридрих Шлоссер, Тимофей Грановскийдің лекциялары үлкен ауди­тория жинады. Осы кезде әдебиетте тарихи роман жанры қа­лып­тасты Валь­тер Скотт, Виктор Гюго, Онре Де Бальзак, А.Пушкин, Д.Ф.Купер сияқты жазу­ш­ы­ла­р­дың тарихи шығар­ма­лары көпшілік оқыр­ман­ның сүйіп оқитын шығар­маларына айналды.
Айта кетер бір жай романтизм идеясы әртүрлі елдердің тарих­шы­ларына әсері бірдей болмады. Оның әртүрлі бағыттары қалыптасты. XIX ғасырдың алғашқы жылдары романтизм бағытын ұстанған кейбір жазу­шылар мен тарихшылар тарихи процеске консервативті, ал енді кейбі­реу­лері, тіпті реак­ция­лық қоғамдық позициядан қарады. Олар француз ре­во­люциясына да, буржуазиялық қатынастарға да теріс көзқараста болды. Эдмунд Берг Англияда, Новалис Гейнрих фон Офтер­дин­ген, Лю­до­виг Тик, Фридрих Шлегель Германи­яда, Франсуа Рене де Шатобриан, Жо­зеф де Местр, Луи–Габриэль–Амбруаз Бона­льд Фран­цияда.
Осы бағыттағы тарихшылар мен публицистер француз революция­сына, оның нәтижелеріне және ағартушылардың идеяларына қарсы мақа­ла­­лар жария­лады. Әсіресе, сынға ұшырағаны, ағартушылардың адамзат ақыл ойының мүмкіншілігінің шексіздігі ғылыми танымның рационалді тә­сілі сынға алынды. Олар тарихқа мистикалық, прови­денциялдық көз­қа­расты жақтады.
Консерватор романтиктер орта ғасырды, ондағы адамдар арасын­да­ғы қарым–қатынасты, христиандық бірлікті, «рыцарь» мен «әулиелер­дің» за­ма­нын асыра мадақтады. Әсіресе, христиан дінінің құндылық­та­ры ең жо­ғар­ғы рухани байлық болып есептеледі. Сөйтіп, буржуазия за­ма­нының рух­сыз, ұсақ түйек есепке, эгоизмге негізделген қоғамын сынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет