Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет29/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

История греческой литературы: В 3 т. Т.2. М., 1955. С. 19–22.
ЛисовыйИ.А., Ревяко. К.А.Античный мир в терминах, именах и названиях: Словарь–справочник по истории и культуре древней Греции и Рима / Науч. ред. А.И. Немировский. – 3–е изд. – Мн: Беларусь, 2001)



  1. ОРТА ҒАСЫРДА МҰСЫЛМАН ТАРИХНАМАСЫ




  1. Мұсылман тарихнамасының алғашқы дәуірі. 

Ислам дінінің тара­луы мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Бұл әде­биет саласында тарих жанрының дамуы­нан көрінді.
VІІ ғасырдың соңынан бастап негізінен араб тілінде, сондай–ақ, парсы, түрік, малай тілдерінде жеке халықтар мен әлем тарихы бойын­ша ең­бек­тер жа­зы­лып, биографиялық сөздіктер құрастырылды. Тарих­шы – мұ­сыл­мандар өз ел­дерінің тарихы мен мәдениетіне ғана қызы­ғу­шы­лық танытқан жоқ, басқа елдерге жасалған саяхаттар да сипатталды.
Тарихи баяндаулар интеллектуалдарға ғана емес, қарапайым халық­қа ар­нап жазылғанымен, онда тарих философиясының да мәселелері кө­те­ріл­­ді. Мы­са­лы, Бируни ХІ ғасырда уақыт категориясына шолу жа­са­ды.
Егер Батыс Еуропалық тарихнамада бірыңғай хронология ХІ ғасыр­дан бас­тап қалыптасса, ал ислам тарихшылары оқиғаларды VІІІ ғасыр­дан бас­тап хро­но­логиялық ретпен қойып белгілейді. Араб тарихшылары хро­ни­каның басында жазбаша және ауызша деректерді талдап, салыс­тыр­ған.
Араб тарихнамасының негізгі дерек көздері тарихи ру–тайпалық ше­жі­ре­лер мен әртүрлі исламға дейінгі тарихи әңгімелер еді. Одан кейін Мұ­хаммед пай­ғамбардың іс–әрекеті, діни–тарихи сюжеттер араб тарих­на­­­ма­сының маңыз­ды тақырыбына айналды. Әлемдік тарихи процесс схе­­­ма­сы да құранның идея­сы­мен сабақтас болып жатты. Бір қызығы ҮІІ–ҮІІІ ғасырда мұсылман шежіре­сін арабтардың арғы тегін библия­да­ғы «халықтар таблицасына» сәйкес­тен­діріліп жасалды.
Мұсылман тарихнамасының қалыптасуына астрономиялық білімнің (әлем тарихының хронологиясын қалыптасты) дамуы және көне иран­дық­­тар­­дың тарихи–эпикалық шығармалары (сасанидттік Ирандағы «Пат­­ша­лар кітабы») үлкен әсер етті. Иудей–христандық апок­рифи­ка­лық (апо́­кри­фы (көне грек сөзі – жасырылған, құпия) – соңғы иудей­лік, алғашқы хрис­тиандық библия конондарына кірмеген шығармалар) аңыздарының да ықпалын көреміз.
Ортағасырлық мұсылман тарихнамасы тарихи процесті теологилық тұр­ғыда түсіндіреді. Сонымен қатар олар тарихтағы жеке тұлғаның да ро­лін жоққа шығармайды.
Жоғарыда тарихи шығармалардың негізінде шежірелер жатты дедік. Сол­арды жинап алғаш рет құрастырғандар: Мухаммед аль–Кальби (763 өмірден озды). Кейін оны толықтырған оның баласы Хишам (819 өмір­ден озды), Муарриджас Садуси (811 өмірден озды), Сухайм ибн Хафс (806), Мусаб аз–Зубайри (851 өмірден озды), Зубайр ибн Баккар (870), Ибн Хазм ( 1030 өмірден озды), аль–Калькашанди (1355–1418).
Араб тарихнамасының алғашқы дәуірінің көрнекті өкілі Мұхаммед аз–Зух–ри(741/42 өмірден озды). Ол жиналған шежірелік және аңыз–әңгі­ме­лер негіз­ін­де саяси мәні бар Мұхаммед пайғамбардың әскери жо­рық­­та­ры жөнінде еңбек жазды.
Осы тақырыпқа қалам тартқан екінші бір тарихшы Ибн Исхака(ша­ма­мен 704–768 немесе 767). Оның Пайғамбарымыз жөнінде жазған шы­ғар­масы кейінгі тарихшыларға үлгі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет