Тарихнамалық деректер:
Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XΙΙΙ – XVIII вв. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005.
История Казахстана в персидских источниках. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005.
История Казахстана в арабских источникахIX – XVI вв. В трех томах. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005.
Қазақстан тарихы туралы түркі тілдес деректемелері. Бес томдық. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005
История Казахстана в арабских источниках.В 3–х томах. Ал., Изд–во «Дайк–Пресс», 2005.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней ). В 4–х т. Т.1. Алматы,: «Атамура», 1996.с.31 – 44.
Прошлое Казахстанав источниках и материалах. Сборник 1. Под ред. Асфендиярова С.Д. Алматы, «Казакстан», 1997. – 383с.
Арабские источники о тюрках в раннее средневековье. Баку. Элм. 19
IV. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ТАРИХИ
САНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) – адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі. Орта ғасыр деген ұғымды 1453 жылы итальян тарихшы–гуманисі Флавио Бьондо, енгізіп, XVIII ғасырда бүкіл ғалымдар мойындады. Бұған дейін Петрарка ойлап тапқан, Рим империясының құлауымен Қайта өрлеу заманының арсын қамтитын кезеңді қараңғы–түнек ғасыры – темные века – деп атаған болатын. XV–XVI ғасырларда ғалымдар бұл кезеңді:
Орта ғасыр – Батыс Еуропада феодализмнің өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарихғылымында Орта ғасырғақұлиеленушіРим империясыныңкүйреуі (шарттытүрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағыағылшынреволюциясынадейінгікезеңжатқызылды. БұлЕуропада он екіғасырғатеңуақыт. Орта ғасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихын зерттегенде ғана пайдаланатын термин. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарының тарихына арналған еңбектерде де кездеседі.
Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы –Константинопольдіңқұлауы (1453ж.), Американың ашылуы (1492ж.), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түрлі пікірлер айтылуда.
ЮНЕСКОшығарған «История человечеств» деп аталатын энциклопедияда орта ғасыр ислам дінінің пайда болуынан басталады деп көрсетілген. Әлем ғалымдары әлі ортақ пікірге келе қойған жоқ. Біздің ойымызша бұл анықтама тек Европа тарихына ғана тән сияқты. Европаның тарихындағы орта ғасыр үшке бөлінеді;
Ерте орта ғасыр (V ғасырдың аяғы – XI ғасырдың ортасы);
Жоғарғы немесе классикалық (XI ғасырдың ортасы – XIV ғасырдың аяғы);
Соңғы орта ғасыр (XIV–XVI ғасырлар),
Француз «Анналдар мектебінің» өкілдері «ұзақ ортағасыр» деген ұғым кіргізді. Олар орта ғасырды XVIII ғасырдың аяғына дейін созды. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады. Орта ғасырдағы тарихи ой–пікір антика тарихнамасының заңды жалғасы. Қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің негізгі себебтерін орта ғасырлық авторлар сол қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланыстырады. Орта ғасырдағы тарихи шығармалар тақырыбы мен жанры жағынан әртүрлі еді. Бұған анналдар, хроникалар, өмірбаяндық шығармалар, кейбір зайырлы және діни қоғамдар тарихы және ақсүйектер әулеттерінің генеологиялық шығармалары кірді.
Достарыңызбен бөлісу: |