Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


XV–XVIII ғасырдың басында түркі тіліндегі тарихи ой–пікір



бет41/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

XV–XVIII ғасырдың басында түркі тіліндегі тарихи ой–пікір.Орта ғасырдың соңғы кезеңінде тарихтану ғылымында бірнеше түр­кі ті­лінде жазыл­ған шығармалар пайда болды. Араб және парсы тіл­дерінде жа­зылған тарихи әдебиеттерді толықтыра түсетін мұндай шы­ғармалардың ав­тор­ла­ры қалып­тасқан дәстүрді бұзбай, өзелінің та­ри­хын өз тілінде жа­зу­ға тырыс­қан. Бұл ең­бек­терде қазақ хандығының құры­луы, қазақ даласын­да­ғы саяси уа­қиға­лар, этникалық процестер баян­да­ла­ды. Солардың бірне­ше­уі­не тоқталып өтелік.
Орталық Азияда ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегінде болған саяси уа­қиғалар жөнінде Абдаллах бен Мухаммадтің (Абдаллах Балхи –XV ға­сыр­дың аяғы – XVI ғасырдың басы) «Зубдат аль–асар» («Сливки ле­то­­пи­сей») деп ата­латын еңбегінен білуге болады. Білімді адам сол кездегі билікке қызмет істеген. Алдымен Темір ұрпақтарына, кейін Хорасанды көш­пелі өзбектер жаулап алған­да Мұхаммад Шайбаниға қызмет етеді. Өзінің бұл еңбегін Шахрух және Таш­кент билеушісі Келді Мухаммад–сұл­танның тапсырмасы бойынша жазған. Кі­тап­та мұсылман әулеттерінің та­ри­хы, Мұхаммад Шайбаниханның 1510 жылғы қазақ­тар­ға жасаған сәт­сіз жорығы, Қасым ханның Түркістан және Ташкентке жа­саған жорығы сияқ­ты уақиғалар баяндалады. Көптеген уақиғаларды автор өз көзімен көр­ген, біраз материалдарды басқа да адамдардан алған сияқты.
Үндістан жерінде Ұлы моғолдар империясының негізін қалаушы, атақ­ты ақын Бабыр (1483–1530) көпшілікке белгілі, «Бабыр–наме» (Ба­быр жазбалары) атты тарихи шығарманың авторы.
Бабыр Орталық Азияда ХVІ ғасырдың алғашқы жартысында болған тари­хи уақиғалардың тікелей куәгері, өзі соның бел ортасында жүрген адам. Жас­тық шағында Ферғананы билейді, Орталық Азияда бір орта­лық­­қа бағынған мемлекет құруға талпынады. Бірақ Дешті Қыпшақтан кел­ген Мұхаммад Шай­бани­мен болған күресте жеңіліс тауып, 1504 жы­лы Ауған жеріне ығысуға мәж­бүр болады. Осы жерден 1526 жылы Үн­діс­тан жеріне жорық жасап, осы жерде Ұлы Моғолдар мемлекетін құ­рады.
Бабыр шығармасы қазақ тарихы үшін өте құнды дерек. Мұнда тарихи гео­графия, Орталық Азияны сол заманда мекендеген тайпалар, өте күрде­лі, шие­леніскен саяси уақиғалар туралы деректер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет