Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет47/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Аврелий Августин (354 –430) – көне рим философы, христиан теоло­­гы, 395 жылдан бастап Гиппон епископы. «Құдай қаласы туралы» енбе­гін­де бел­гілі «ұғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын» формуласын не­гіз­­дейді. Кітапта адамзат тек екі қаланың ғана аза­маты болуы мүмкін. Бірі–Құдай қала­сы, екіншісі–Жер қаласы. Бірінші қала тұрғындары тек құ­дай заңымен өмір сүреді, ал екіншісінікі құ­дай­дан бас тартқан өр көкі­рек адам­дар орнатқан заңға бағынады. Қалалар­дың қай мемлекеттекі екендігі ай­тыл­майды. Қалалардың аз­аматтарының айырмашылығы олардың ішкі қа­­­сиет­терінде. Ертеңгі келесі өмір­де құдай алдына барғанда әр адам өз ісі­не жауап береді. Қай қалада өмір сүру әр адамның өзіне байланысты. Құ­дай екі қаланың да тұрғындарын ба­қылап от­ыр. Әр адамның тағдыры ке­су­­лі. Міне осы тұжырым келе­шек­­те христиан дін­інің кальванизм бағы­ты­на негіз болды.
Кітап Римді вестготтар жаулап алғаннан кейін 413–427 жылдары жа­зыл­ды. Бұл оқиға Августинге үлкен әсер етті. Мемлекеттік құрылыс тұ­рақ­сыз дейді ав­тор, ал рухани жағынан берік адамдар бірлестігі мәң­гілік. Мемлекеттік құры­лым да құдайдың құдіретімен ел ішінде тәртіп сақтау үшін орнайды. Сон­дықтан адамдар заңды орындауға міндетті. Авугустин­нің екінші көтерген мәселесі құдайға сенбей­тіндер­мен күрес. Ол шіркеу­дің еретиктерге қарсы қу­ғын–сүргін саясатын не­гіз­деуге тырысады.
Қорыта айтқанда, Аврелий Августин «Құдай қаласы жөнінде» өз шы­­ғар­­масында қарама – қарсы екі әлемнің: Аспан қаласы мен Жер қала­сы­­ның күресі­не арналған. Библияда негізделген адамзат тарихының мо­де­лін одан әрі дамыта отыра Ол қоғамның дамуы табиғаттан тыс, тыл­сым күште деген тұжы­рым­ға келеді. Яғни, адамның өмірі, оның қоғам­да­­ғы қызметі бір құдайдың қол­ын­да. Жалпы тарих дегеніміз – жақ­сылық пен жа­мандықтың, діншілдер мен күнә­қорлар арасындағы күрес. Августин жә­не оның жақтастары тарихтың жет­ер шегі бар деп есептеді. Күнәқорлар же­ңіл­ген күні тарих та өз мақсатына жете­ді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет