Француз ағартушылығы. Француздар өз тарихының орта ғасырымен айналыса бастады. Францияның әлеуметтік–саяси мекемелері мен француз халқының шығу тегі проблемасы тарихшыларды екі ойға бөлді.
Граф А. де Буленвильежәне аббатом Ж.Б. Дюбо (XVIII ғасырдың 30–жылдары) арасындағы пікірталасқа Францияның бүкіл зиялы қауымы қатынасты. Елдің аристокртия қауымының өкілі Булевилье француз қоғамы және француз халқы елді галлдардың жаулап алуы нәтижесінде пайда болғандығы жөніндегі тезисті ұсынды. Оның пікірінше жаулап алушы галлдар дворян сословиесін құрады, ал жаулап алынған жергілікті халық қазіргі үшінші сословиенің негізі қалады. Король алдыңғы уақытта аристократтар қатарынан сайланды. Ал енді Ж.Б. Дюбо болса Француз мемлекетінің тарихын романдық теория тұрғысынан қарастырды. Француз халқы Галлияның жергілікті тұрғындары мен сырттан келген франк тайпаларының қосылуынан пайда болды. Кейін дворяндар билікті узурпация жасады дейді. Бұл теориялар экономикалық салада және қоғамдық–саяси өмірдегі дворяндар мен үшінші сословиенің күресінің көрінісі еді. Ағартушылар франк жаулауын мойындағанмен Буленвильенің сословиелік артықшылық пікірлеріне қарсы шықты.
Француз философы және тарихшысы Шарль Луи Монтескье(толық аты–жөні Шарль–Луи́ де Секонда́, барон Ля Брэд и де Монтескьё (1689–1755) 1748 жылы жазған Заңдар рухы трактатында адамдардың өміріне әсер ететін ішкі заңдылықтарды түсіндіруге тырысты. Ол ауқатты провинция дворянының отбасында дүниеге келген. Саяси көзқарасы жағынан конституцияға негізделген монархияны жақтаған. Бірақ биліктің тармақтары арасындағы тепе-теңдік азаматтардың жеке басының бостандығын қорғауға мүмкіндік береді деп ойлаған. Әлемді мекендеген әрбір халықтың тағдыры жөнінде салыстыру әдісін пайдалана отырып өзінше пікір айтқан. Тарихи заңдылықтарды «необходимые отношения, вытекающие из природы вещей»деп түсіндіреді.Әр халықтың даму заңдылығы өздері мекендеп жатқан географиялық ортаның жағдайына байланысты дейді ол. «От различия в потребностях, порождаемых различием климатов, происходит различие в образе жизни, а от различия в образе жизни – различие законов»деп қорытындылайды. Негізгі шығармалары: Персидские письма», «Энциклопедия, или Толковый словарь наук, искусств и ремёсел», «О духе законов».