Ж.Кондорсе. Белгілі математик, философ, энциклопедист, Француз революциясына қатысушы.1793–1794 жылдары «Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума» атты еңбек жазған. Оның пікірінше прогрестің айқындаушы критериі ақыл–ойдың, ғылыми білімнің және жеке тұлғаның бостандығы дәрежесі. Ол шығармасында осы критерилерді негізге ала отыра әлем тарихын тоғыз дәуірге бөледі. Адамзат тарихының алғашқы бес дәуірінде, яғни алғашқы қауымдық құрылыстан антика уақытына дейін қоғам алға қарай дамиды. Ал біздің заманымыздың Ү–ХІ ғасырлар аралығын қамтитын алтыншы кезеңде қоғам дағдарысқа, күйзеліске ұшырайды. XI–XV ғасырдың орта шенін ол жетінші дәуір деп есептейді. Бұл дәуірде біршама жаңалықтар ашылды. Әсіресе кітап басу ісінің пайда болуы әлемдік өркениетке қосылған үлкен үлес еді. Еуропаның бірқатар елдерінде бостандықтың алғашқы белгілері көрініс тапты.
ХҮ ғасырдың ортасы мен ХҮІ ғасырдың ортасы аралығын сегізінші дәуір қамтиды. Бұл кезде философиялық ой–пікір қанат жайды, ғылым дамыды. Декарттан бастап француз ревлюциясына дейінгі дәуір Кондорс айтуынша соңғы тоғызыншы дәуір. Солтүстік Америкада, Францияда болған револциялық қозғалыстар заңды құбылыс. Ол тарихтың болжам жасау мүмкіндгіне шек келтірмеді. Келешектегі оныншы дәуір адамзат ақыл–ойының ғарыштап алға кетер заманы болады деп өз оқырмандарын сендірді.
Ағылшын ағартушылары. Генри Сент–Джон Болингброк (1678 – 1751), лорд – ағылшын саяси қайраткері, философ. Өзінің 1735 жылы жарияланған «Письма об изучениии пользе истории" атты еңбегінде материализм идеясын дамытады. Ол дінді сынайды, халықты бағынышты күйде ұстау үшін ойлап табылған құрал деп есептейді. Тарих ғылымына үлкен баға береді. Оның қоғамдағы роліне тоқталады. Тарихқа қызығушылық табиғи құбылыс, бірақ оны тек бір кәсіби проблеманы шешу үшін ғана емес, адамзаттың ғаламдық мәселесін ашу үшін айналысу қажет.Тарих бірнеше циклдардан тұрады. Әрбір циклдың басы және аяғы бар. Циклдарды тудыратын белгілі бір себептері бар дейді ол.
Ағылшын философы Юм Дейвид (1711,– 1776,) – әрі тарихшы, экономист, көсемсөзші. Юм жаңа еуропалық агностизмнің негізгі принциптерін жүйелеп, позитивизмнің бастауында тұрды. 1739 – 40 ж. Адам табиғаты жайлы трактатын жариялады. Ол 1741 жылы Эссе атты қоғамдық–саяси, моральдық–эстетикалық және экономикалық тақырыпқа арналған еңбегін, Діннің негізгі тарихы шығармаларын жариялады. 1752–1762 жылдары сегіз томдық «История Англии от вторжения Ю. Цезаря до революции 1688г.» атты шығармасы Еуропа тарихнамасына қосылған үлкен үлес еді. Тарихи баяндаудың негізінде саяси тарих жатыр. Ағартушылар дәстүрін жалғастырған автор дінге, халықтың мінез–құлқына, мәдениетіне, қоғамдық ой–пікірге ерекше көңіл аударады. Тілі жатық, фактілері әбден дәлелденген шығарма ағылшындардың жүздеген жылдар бой ұлттық тарихының сүйіп оқитын шығармасы болды.
Ағылшын ойшылдарының ішіндегі тарихқа ерекше көңіл бөлген Э.Гиббон (1737–1794) еді. 1776–1788 жылдары жазылған «История упадка и разрушения Римской империи» атты, көпшілікке ұнаған іргелі шығарманың авторы. Тарихшының негізгі міндеті әрбір нақты фактінің маңызын ашу деп түсінді. Ол тарихи материалды проблемалық–тарихи кезекпен баяндайды. Батыс және Шығыс Рим империясының ыдырауы көрші елдерді басып алу саясатының ұлғаюы деп дәлелдейді. Биліктің үш тармағының арасындағы тепе–теңдіктің жойылуы «цезарлық диктатураның» орын алуына әкеліп соқты. Империяның құлауына христиан діні де өз үлесін қосты. Жауынгерлердің рухының төмендеуі, олардың белсенділігінің азаюы, құлшылдық пиғыл, «еретиктерді» қуғындау, жалпы қоғамдық өмірдегі шіркеудің ролінің артуы, олардың бассыздығы халықтың ұнжырғасын түсірді. Міне Э.Гиббонның тарихи көзқарасы осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |