Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет57/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

М.В.Ломоносов кәсіби тарихшы емес еді. Сол кездегі орыс ішінен шық­қан алғашқы білімді адамдардың бірі ретінде, орыстар туралы та­ри­хи сананы қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді. Жоғарыда айт­қаны­мыз­дай ше­тел­дік­тер­дің жасаған орыс тарихының концепциясына риза бол­ма­ған ол, өз халқының тарихына арнап бірнеше еңбектер жазды.
М.В.Ломоносовтың негізгі тарихи шығармалары мыналар:"Древняя российская история от начала российского народа до кончины вели­кого кня­зя Ярослава Перваго или до 1054 года…" (Санкт–Петербург, 1766); "Крат­кий Российский летописец с родословием" (Санкт–Петербург, 1760); "Опи­сание стрелецких бунтов и правления царе­в­ны Софии" (осыны Вольтер түгелімен өзінің "История Российской им­пе­рии при Петре Ве­ли­ком"деп аталатын кітабына кіргізді. Амс­тер­дам, 1761). Отансүйгіштік пиғылдан жазылған ұлы ғалымның тарихи шы­ғармалары орыс халқының тарихи санасының қалыптасуына игі әсер етті. Деректерді таңдау прицип­те­рі, зерттеу әдістері, тарихи процессті концептуалді түрде қайта қарауы, методологиялық мәселелерді қарас­ты­руы бүгінгі күнгі жас тарихшыларға үлгі боларлық.
М.В.Ломоносовтың 1761 жылы И.И.Шуваловқа ұсынған "О сохране­нии и размножении русского народа" трактатында "Начало сего по­ла­гаю самым главным делом: сохранением и размножением российс­ко­го на­ро­­да, в чем состоит величество, могущество и богатство всего госу­дар­с­тва, а не в обширности земель без обитателей"деп мем­ле­кеттің байлығы да сапасы да сол жерді мекендейтін халықта деп атап көр­сетеді. Меніңше оның пікірі бүгін де өзекті сияқты.
Ол кейбір жаратылыстану ғылымдарының өкілдері сияқты тарих жазу ісіне ат–үсті қарамаған. Мысалы өзінің негізгі тарихи шығармасы "Древ­ней Российской историей…" жазу барысын былайша суреттейді : "…читал для собрания материй к сочинению Российской истории Нестора, Законы Ярославли, большой Летописец, первый том ра­бо­ты Татищева, книги Крамера, Вейселя, Гелмонда, Арнольда и другие, из которых брал… выписки и примечания, всех числом 653 ста­тьи…"; "читал российские академические летописи без записок, чтобы общее понятие иметь пространно о деяниях российских". 
М.В.Ломоносов орыс мемлекетінің пайда болу жөніндегі нормандық тео­рия­сына қарсы шықты. Кейбір шетелдік ғалымдардың орыс елінің артта қалған­дығы туралы айтқан пікірлерін сынайды: "Немало имеем сви­­детельств, что в России толь великой тьмы невежества не было, какую представляют многие внешние писатели". Ол бірінші Петрдың тарихтағы роліне зор баға береді. Оның өнеркәсіпті, сауданы, әскер мен флотты құрудағы еңбегі, оқу–ағарту және мәдени өмірді жандандыруы Ресей мемлекетін ілгері жылжыт­қандығын жазды. М.В.Ло­­­­­моносовтың та­ри­хи еңбектері неміс, француз, ағыл­шын тіл­дері­не аударылды.
1754 жылы М.В.Ломоносов Ғылым Академиясына Бірінші Петр, Бірін­ші Екатерина, Екінші Петр және Елизавета Петрқызының қызметі­не арналған "медалическая история" жазуға ұсыныс жасайды.
М.В. Ломоносов ұлттық тарихшы–кадрларды дайындауды мақсат ет­ті. 1754жылы И.И.Шуваловқа жазған хатында ол Мәскеу универ­си­те­ті­нің фолософия факультетіне тарих профессоры штатын кіргізуді өті­не­ді. Ал заң факультетінде профессор "политики, который должен по­ка­зывать взаимные поведения, союзы и поступки государств и го­су­да­рей между собою, как были в прешедшие веки и как состоят в ны­не­шнее время" болуы керек деген пікір білдіреді.
1764 жылы Ғылым Академиясының жаңа жобасына орыс тарихын жазу үшін материалдар жинайтын тарихнамашы қызметін кіргізу жө­нін­де ұсыныс кіргізді. Бұл қызметті атқаратын адам барлық мұрағаттарға кіру құқығына ие болу шарт және ол "человеком надежным и вер­ным", не склонным в своих исторических сочинениях" ко шпын­ст­вуи посмеянию". Ол 748 жылы Петербург академиясы жанынан құрыл­ған «Историческое собрания»–ның мүшесі болды.
М.В.Ломоносов Ресейдің озық дәстүрлерін насихаттау, келер ұрпақ­ты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу үшін ұрпақтар сабақтастығын үзбеу­де тарихтың ролін жақсы түсінді. "Велико есть дело смертными и пре­хо­дя­щими трудами дать бессмертие множеству народа, соблюс­ти по­хваль­­ных дел должную славу, и, пренося минувшие деяния в потом­ство и в глубокую вечность, со­единить тех, которых натура дол­го­тою времени разделила" – деп жазды ол.
Оның сол кезде айтқан идеялық тұжырымдарының өзектілігі бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Әсіресе тәуелсіздігін жаңа алған елдер өз тарихын қайта жазғанда осы М.В.Ломоносовтың ақыл–кеңесіне жү­гін­ген дұрыспа деп ойлаймыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет