Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет56/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Бекіту сұрақтары
1. Ағарту заманына шолу жаса?
2. Рационализм дегеніміз не?
3. Неміс ағартушыларының шығармаларын ата?
4. Ағылшын ағартушылары тарх ғылымына қандай жаңалықтар әкелді?
5. Француз тарихшыларының ғылымға қосқан үлесі қандай?


Тарихнамалық деректер:
Болингброк Г. Письма об изучении и пользе истории. М., 1978.
Вольтер Ф.М. Собрание сочинений. Т. 2. М., 1998
Ге́рдер И. Г. Идеи к философии истории человечества.М., 1976.
Гиббон Э. История упадка и разрушения Римской империи. М., 1883–1886
Кондорсе Ж. Эскиз исторической картины прогресса человеческого разу­ма. М., 1936.
Монтескье Ш.Л. Избранные произведения. М., 1955.
Руссо Ж.Ж.Рассуждение о происхождении и основаниях неравенства меж­­ду людьми. 2. Об общественном договоре, или Принципы политичес­ко­го права // Руссо Ж.–Ж. Трактаты. М., 1969; // Руссо Ж.–Ж. Об общес­твен­ном договоре: Трактаты. М., 1998.
Тюрго Ж. Рассуждения о всемирной истории. В кн: Избранное филосов­ские пройзведения. М., 1937.
Киссель М. А. Джамбаттиста Вико. М., 1980.

VI. ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ТАРИХНАМАСЫ


1.Ресейде тарих ғылымының қалыптасуы.
Орыстың ұлттық тарих ғылымының қалыптасу кезеңі XVIII ғасырда басталады. Ортағасырлық тарихи білімнің ғылымға айналуына әсер еткен Европадағы рационалистік ойлау әдістері еді. Бірінші Петрдың рефор­ма­ла­ры нәтижесінде Ресейге шетел ғалымдары келе бастады. Мектептер ашыл­ды, Университеттің ірге тасы қаланды, Академия құрылды.
Орыс патшайымы Екінші Екатерина тұсында мемлекет тарихи зерт­теу­лерге ерекше көңіл бөлді. Деректер корпусының толығуы тарихи тақы­рып­тар­дың ауқымының ұлғаюына игі әсер етті.
ХҮІІІ ғасырдың 60–70 жылдарында тарихи білімге жұртшылықтың ықы­ласы артты, оған қызығушылардың саны күннен күнге көбейе түсті. Оның жетістіктері ғылымда, әдебиетте, өнерде диломатиялық қатынаста, тіпті заң шығару барысында да пайдалана бастады.
Ресейде тарихи шығармалардың пайда болуы оның мәдени дең­гейі­нің өскендігінің белгісі еді. Осы кезде «Сөз» деп аталатын тарих пен көр­кем шығарманың арасындағы жанр пайда болды. Үйлену, нәрестенің дүниеге келу тойларында, жерлеу немесе еске алу рәсімдерінде сөз сөйлеу дәстүрі пайда болды. Тіпті бейбіт келісмдер жасау, патшаның таққа отыру, бір ме­ке­ме­лердің ашылуы сияқты іс–шараларда ұзақ–сонар сөздер айтылатын.
Орыстың белгілі ғалымы М.В.Ломоносов жаратылыстану ғылымы жөніндегі "О пользе химии", "О явлениях воздушных", "О про­ис­хож­дении света", "О рождении металлов" сияқты сөздері Ресей жұрт­шы­лығына, ел ішінде ғылым–білімнің таралуына игі әсерін тигізді.
И.А. Третьяковтың "Слово о произшествии и учреждении уни­вер­си­те­тов в Европе на государственных иждивениях" (М., 1768), "Слово о рим­с­ком правлении и о разных оного переменах" (М., 1769), "Рассуждение о при­чинах изобилия медлительного обогащения госу­дарства", Д.С. Анич­ковтың "Слово о свойствах познания чело­вече­ского" (М., 1770), сияқты сөз­дерінде тарихи ой–пікірлер айтылды 60–жыл­дардың орта шенінде орыс тарихының деректері жариялана бастады.
Академияны ұйымдастырған және аяғынан тік тұрып кетуіне ат салысқан шетелдік ғалымдар еді. Оның іщінде неміс ғалымдары ерекше көзге түсті. Байер Готлиб Зигфрид (1694–1738), неміс тарихшысы, филолог Ресей Ака­демия­сының академигі 1725 жылдан Ресейде тұрды. Кө­біне шығыс мәдениетімен айналысқан. Орыс тілін білмесе де, кейбір осы күнгі тарихшылар сияқты, орыс тарихына қалам тартады. Көне Русь мемлекетінің пайда болу проблемасында, көптеген тарихшылардың на­ра­зы­лығын туғызған, нормандық теориясын негіздеді. Бұл теорияның ав­тор­лары ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Петербург Академиясында қызмет істеген неміс тарихшылары Г.З. Байер, Г.Ф. Миллер және А.Л. Шлецер. Олар орыс жылнамаларына сүйене отырып «жабайы» славян тайпалары өз мемлекетін құруға шамасы жетпегендіктен Новгородқа сырттан келген үш варяг княздары орыс мемлекетінің негізін қалады деп дәлелдеді. Бұл теорияға М.В.Ломоносов бастаған орыс патриоттары қарсы шықты. Олар орыс мемлекетінің пайда болу процесіндегі скандинав­тардың ролін жоққа шығарды. Бірақ мәселе ашық қалды. Бірі оның негізін қала­ға хазарлар десе, екіншілері – франктер ал үшіншілері – литва немесе батыс славян тай­­палары деп есептеді. Бұл академиялық проблема осы күнге дейін ше­шімін тапқан жоқ. Кейбір монархист–тарихшылар және словянофил–та­рих­шылар бұл теорияны Ресейді Еуропаға қарсы қою үшін пайдаланды. Батыс Еуропадағы мемлекеттер жаулап алу нәтижесінде пайда болды. Ал Ресейде мелекет бейбіт түрде құрылды. Сондықтан орыс елінде билік пен халық арасында қарама–қайщылық жоқ деп дәлелдейді. Осы күнге дейін кейбір еуропалық норманистер славян халықтарының билік жасауға қабі­летсіз екендігін жазады. Шындығында алғашқы орыс княздарының есім­дері – Аскольд, Дир, Рюрик, Олег, Игорь, Ольга варягтардың есімдері екен­дігі тарихи жағынан дәлелденді. Олар билеуші әулетті негіздегеннен ке­йін орыс халқымен тығыз араласып кетті.
Орыс тарихнамасының негізін Фри́дрих Ми́ллер ́(1705–1783) қа­ла­ды. Неміс ғалымы орыс патшасының шақыруы бойынша 1725 жылы Ре­сей­ге келе­ді. Ресей Академиясында тарихнамашы қызметін атқарады. Ресейде гу­­­­­ма­нитарлы ғылыми–зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Оның әсіресе Сібір жерін зерттеуге қосқан үлесі айтарлықтай. «Екін­ші Камчатка экспедициясын» басқарды. Он жыл бойы ол бүкіл Сібірді аралап, гео­гра­фиялық мәліметтермен қатар, мұрағат құжат­та­рын, архео­логиялық жәдігерлерді және этнографиялық материалдарды жинады.
Ол материалдардың аз ғана бөлігін өз жұмыстарында пайдаланса, көп­­шілігін кейінгі авторлардың еңбектеріне арқау болды. Ол қайтыс бол­ғаннан кейін артында 258 портфель мұрағат құжаттары қалды деген ақпарат бар. Ресей жаулап алған Сібір хандығының бүкіл мұрағаты осы Мил­лер алып кетті деген де әңгіме бар.
Петербургке оралғанан кейін ол өзінің атын бүкіл әлемге паш еткен шығармаларын жазуға кірісті. Алғашқы еңбегі Ресейдегі ғылыми–зерт­теу жұмыстарына арналды. Француз тілінде жарық көрген осы еңбектің ар­қа­сын­да Европа жұртшылығы Ресейде жүргізіліп жатқан ғылыми–зерттеу­лер­ден хабардар болды.
1749 жылы Ресей ғылым Академиясының мәжілісіндегі баянда­ма­сын­­да орыс халқының тарихына байланысты айтқан пікірлері кейбір ғалым­­дар­ға ұнамады. Миллер орыс мемлекетін құру процесіндегі варяг­тардың роліне ерекше көңіл бөліп, олардың түбі Скандинвия екендігін дәлелдуге тырысты. Бұл концепция академик М.В.Ломоносов пен Кра­шенинников та­ра­пынан сынға ұшырады. Тіпті, кейін, оның ақыры Миллердің қызметі­нің төмендеуіне әсерін тигізді.
1750 жылы ол өзінің «Сібір патшалығының сипаттамасы» атты еңбе­гі­нің бірінші томын жарыққа шығарды. Әртүрлі себептерге бай­ланысты екінші томының шығуы созылып кетті.
1755–1765 жылдары ол «Ежемесячные сочинения, к пользе и уве­се­ле­нию служащие» журналының редакторлығына тағайындалды. Міне осы­ның бет­терінде Сібір туралы ғалымның мақалалары жариялана бас­та­ды.
Миллер орыс тарихы жөніндегі көптеген алғашқы еңбектердің авто­ры. Мыслы мына «О летописце Несторе» (1755), «Известие о запо­рож­­ских ка­за­ках» (1760), «О начале Новгорода и происхождении рос­сийского на­ро­да» (1761) и «Опыт новой истории о России» (1761) сияқ­ты шығар­ма­лар орыс тарихнамасына қосылған сүбелі еңбектер еді. Сібірді мекен­деген түркі тілдес тайпалар кейін қазақ халқының құ­ра­мына енді. Мысалы Сібір хандығының негізін қалаған керейлер бүгінде қа­зақ халқының құра­мын­да. Сондықтан Мил­лерді қазақ тарихын зерт­теуші деп те атауға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет