Шарль–Викто́р Ланглуа́ (1863–1929 ) – француз тарихшысы және палеографы, Орта ғасырлар тарихының маманы. Париж университетінде сабақ берді.
1917 жылдан бастап Ұлттық мұрағат директоры. 1897 жылы «Введение в изучение истории» деген, бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған шығарманың авторларының бірі. Орыс тіліндегі нұсқасы 1899 жылы, қазақ тілінде 2014 жылы жарыққа шықты. Бұл кітапты кейде «позитивистік тарихнаманың библиясы» деп те атайды.
Еуропа тарихнамасындағы эканомикалық және әлеуметтік бағыт.
Позитивизм бағытын ұстанған ғалымдардың эканомика және әлеуметтік тарихты зерттеулері ХХ ғасырда өз жалғасын тапты. Американ тарихнамасының эканомикалық бағытының негізін салған Фредерик Джексон Тёрнер (1861–1932). Оның ғылыми көзқарасы англо–саксон мектебінің дәстүрінде қалыптасты.Өзінің 1891 жылы жариялаған «Значение истории» мақаласында тарихи зерттеулерде пәнаралық байланыс негізінде тарихи процестегі әлеуметтік және эканомикалық факторларға көңіл аударуға шақырды. ХІХ ғасырдың 80 жылдарының соңында ол АҚШ эканомикасы дамуының негізгі детерминантын іздеуге талпыныс жасады.
1893 жылы Американ тарихи ассоциациясының конгрессінде Тёрнер «О значении границы в американской истории»деп аталатын тақырыпта баяндама жасады. Тёрнердің бұл баяндамасынАҚШ–тың ұлттық тарихнамасының «Тәуелсіздік декларациясы» деп атайды. Мұның өзі американ тарихнамасындағы прогресивтік бағыттың бастауы еді. Баяндамадағы негізгі ой – америка экономикасының қарыштап дамуының негізгі себебі оның батыста жүргізген отарлау саясаты. Осыған байланысты ол АҚШ–тың батыс шекарасының жылжымалылығы идеясын күн тәртібіне қойды. Тёрнер Батысты экспансиялау елдің дамуының негізгі заңдылығы. Америка тарихы Еуропа тарихының жалғасы концепциясына үзілді–кесілді қарсы шықты.
Американың келесі бір тарихшысы Чарлз–Остин Бирд Тарихнамадағы эканомика мектебінің басшысы. Өзінің 1913 жылы жария еткен «Экономическое объяснение Конституции Соединенных Штатов» деп аталатын еңбегінде американ конституциясының дүниеге келуіне әсер еткен факторларға тоқталады. Оның ойынша негізгі заңды қабылдау барысында күрес тек меншік иелерінің арасында ғана жүрді. Кітаптың екі тарауының (Экономические интересы делегатов Конвента, Конституция как экономический документ)аты айтып тұрғандай конституция тек мүлік иелерінің мүддесін қорғайтын құжат ретінде қабылданды.
Әлеуметтік тарих жөніндегі сүбелі еңбектердің авторлары ерлі–зайыпты ағылшын ғалымдары Джон және Барбара Хэммонд. Олар өз еңбектерінде ағылшын жұмысшы табының ауыр жағдайын баяндайды, оның себептерін ашуға тырысады. 1910 жылы «Сельский рабочий в 1760–1832гг.», бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қала, ал 1919 жылы жоғары білікті жұмысшылар жөніндегі еңбектерін жариялады. Авторлар парламент пен оның комиссияларының материалдарын, арнаулы тексерулердің хаттамаларын және алғаш рет Ішкі істер министрлігінің мұрағат құжаттарын пайдаланды.
Жұмысшылар мен буржуазия арасындағы қарым–қатынасты зерттей отыра олар үстем таптың білімсіздігіне, саяси жүйенің келеңсіздіктеріне, билеушілердің өз қызметін асыра пайлалануына тоқталады.
Әлеуметтік тарихтың институционалдық аспектісін зерттеу тақырыбына арқау еткен Фабиан қоғамының мүшелері ерлі–зайыпты ағылшын ғалымдары Вебб Сидней ижәне Беатриса. 1894 жылы«История тред–юнионизма» деп аталатын монография жазды. Авторлар ағылшын тред–юниондарының (жұмысшы кәсіп одақ ұйымы) мұрағат қорының құжаттарына сүйене отырып оның қызметіне тоқталған. Екінші бір 1897 жылы жазылған «Промышленная демократия» шығармасында кәсіподақ ұйымдарының капиталистік қоғамның ажырамас бір бөлігі екендігін дәлелдеген. Олар 1932 жылы Кеңес еліне келіп материал жинап 1935 жылы «Советский коммунизм – новая цивилизация?» деп аталатын кітап жазды.
Жұмысшы табы тарихын зерттеуде Америка тарихнамасында табысқа жеткен Висконсин университетінің профессроы Дж. Коммонс болды. Ол қоғамның экономикалық негізіне товарлы–ақша қатынасының даму деңгейінің жататындығын дәлелдейді. Капитал мен еңбек арасындағы қатынас рыноктық баға мен жалақы арасындағы қатынасқа байланысты дейді ол. Жұмысшы қозғалысы дегеніміз ішкі (арзан жұмыс күші) және сыртқы (импорттық товарлар) қысымнан қорғанатын өндірушілер тобының әрекеті. Кәсіподақ дегеніміз жалдамалы жұмысшылар арасындағы конкуренцияға байланысты пайда болған қоғамдық ұйым. АҚШ–тағы жұмысшы табы мен жұмысшы қозғалысының пайда болуына себепкер болған бос жатқан жер телімдерінің болуы, ішкі рыноктың динамикалы түрде дамуы, тұрақты түрде елге иммигранттардың келуі және жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы. Коммонсовск–висконсин тарихшылар мектебі 1910–1911 жылдары 10–томдық «Документальная история американского индустриального общества» кітабын жарыққа шығарды.
ХХ ғасырдың басында Америка тарихнамасына әлеуметтанушылар мен көсем сөзшілердің радикалды–сыни бағытының өкілдері үлкен үлес қосты. Олар негізіен финанс–өнеркәсіп олигархтарының қолайсыз әрекеттерін, партия–саяси машинаның сатқындығын, мемлекеттік аппараттағы жымысқы саясатын сынға алды.
Конгресстің жылдық есептері, сот және басқа да мекемелердің құжаттары негізінде 1894 жылы жазылған Г. Ллойдтың «Богатство против общества» деген кітабы «Стандард Ойл» тресінің баюына негіз болған криминалды уақиғалардың бетін ашады. Сол сияқты В. Лаусонның «Объединенная медная компания», Г. Мейерстің «История крупных американских богатств» (1909–1910), Л. Стефенстің «Позор городов» (1904) шығармалары жұмысшыларды қанау, байлықтың бір қолға әділетсіз жиналуы, фабриканттар мен ірі капиталистердің мемлекеттік билікпен бірігіп кетуі сөз болады.
Сенатор Р. Петтигру «Торжествующая плутократия» кітабында АҚШ–тың экономикалық күші ат төбеліндей азғана топтың қолында екендігін, сол топтың бүкіл мемлекет билігін ұстап отырғандығын дәлелдейді.
Францияда социалист Ж. Жорес «Социалистическая история Франции» деп аталатын ірі масштабты жоба негізінде 1901–1904 жылдары төрт томдық «Социалистическая история Французской революции» атты еңбегін жазып шықты. Аты айтып тұрғандай еңбек шаруалар мен жұмысшылардың тарихына арналған. Кітап қоғамдағы қатынастарға марксистік тұрғыдан қарайды. Ж.Жорес: «Мен Маркс, Мишель және Плутархқа сүйендім»,– дейді. Шығарма француз революциясының әлеуметтік–экономикалық алғы шарттарына, меншік түрінің эволюциясына, өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының дамуына, қоғамның эканомикалық құрылымының рухани өмір мен мемлекетті басқару ісіне әсері сияқты өзекті мәселелердің шешімін табуға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |