Методологиялық ізденіс.
Позитивистік методологияны сын тезіне салғандардың ішінде Алманиядағы неокантшылдардың Баден мектебінің белсенді өкіліМ. Вебер,ағылшынДж. Тревельян және италяндық– Б. Крочеболды.
Макс Вебер неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген. 1893–1896 жылдары Фрайбург университетінде, 1896–1898, 1902–1918 жылдары Гейдельберг университетінде, 1919–1920 жылдары Мюнхен университеттерінде лекция оқыған.
Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен «түсіну» біртұтас болу принципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протеантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Оның ойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жалғыз жарымфактілерді жүзеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жағынан Вебер идеялары Маркстың қоғамдық–экономиқалық формациялар туралы теориясына қарсы бағытталған.
Вебердің «идеалдық тип» теориясы, тарихи факторлардың «көптігі» концепциясы және «рационалдық» идеясы мемлекеттік институттар қызметінің негізі ретінде қазіргі әлеуметтану, саясаттану ғылымдарына зор ықпал етті. «Протестанттық этика және капитализмнің рухы» (1904–1905) еңбегінде ол өркендеп келе жатқан капитализм мен XVII ғасырдың протестанттық құндылықтары арасындағы байланысты нақтылы мысалдар арқылы анық көрсетеді.
Протестанттық этика бойынша капиталист заводтың немесе фабриканың қожасы емес, ол тек оның басқарушысы болуы керек дейді. Ол байлыққа қызықпай, өмірде аскеттік салтты ұстауға шақырады. Вебер бір ғана факті бойынша қортынды жасауға болмайды дейді. Тарихи құбылыстардың бірнешеуін салыстыра отырып оқиғаға конструкция жасауға болатындығын ескертеді. Ол тарихи және жаратылыстану заңдылықтарының айырмашылығын көре білді.
Джордж Маколей Тревельян (1876 –1962) – ағылшын тарихшысы. 1897 жылы Кембридж унверситетін бітірген. Келешектегі мамандығын таңдауда отбасылық дәстүрдің әсері мол болды. Нағашы атасы Т.Б. Маколей және өз әкесі Джордж Отто сол замандағы Англияның белді тарихшылары болған.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатынасады. 1927–40 жылдары Кембридж университетінің профессоры қызметін атқарды. Үш томдық "История Англии в эпоху королевы Анны" 1930–34, "История Англии в ХІХ в.". 1782–1901", Л., 1922), "Социальная история Англии" Л., 1942) және де басқа еңбектердің авторы. Еңбектерінің бәрінде Англия тарихын мадақтайды.
Тарих ғылымының міндеттері мен методологияға көзқарасын ол өзінің «Клио – муза истории, (Л., 1913)» кітабында айқын баяндайды. Ол тарихтың міндеті «воспитывать умы людей, заставляя их размышлять о прошлом" деп жазады. Тарих–өнер, өткен заман туралы білімнің уталитарлық мәні жоқ. Соңғы шығармаларында ол тарихты көркем әдебиеттің бір түрі деп жазады. Көне грек елінде тарихты жеті музаның бірі деп есептеген. Тарихтың ғылымға еш ғылымға қатынасы жоқ. МінеДж. Тревельянның тарихқа көзқарасы осындай.
Бенедетто Кроче(1866–1952)– итальян ғалымы. Философиядан неогегельян ағымын қолдаған. Жоғары дәрежелі мемлекеттік қызмет атқарған. Тарих ғылымына жасы ұяғайғанда келді. Тарих пен тарихнаманы философиялық тұрғыдан қарастырады. 1917 жылы «Тарихнама теориясы және тарихы» атты еңбек жариялады. Гегель мен Маркстың тарихы ой–пікірін жоққа шығарды. Тарихшы тарихи уақиғаларды қалпына келтіре алмайды. Ол тек сол уақиғаның тарихшы шығармасынан көрініс табуы мүмкін. «Тарих өнердің бір түрі» деген көзқарасты дәлелдеген. Б. Кроче кейін тарих пен философияның арасында ешқандай айырмашылық жоқ деген қорытынды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |