Марк Блок (1886–1944) француз тарихшысы. Зиялы отбасыңда дүниеге келген, әкесі тарих профессоры, ұлтты еврей. Француздың алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқыған. Өзі де тарих және география пәндері бойынша Франция мектептерінде сабақ береді.
Европа феодализмі, Франциядағы аграрлық қатынастары тақырыптарындағы бірнеше іргелі еңбектердің авторы. Тарих методологиясының жалпы мәсеелеріне байланысты зерттеулері тарих ғылымына қосылған үлкен үлес еді. Әріптесі әрі досы Льюсиен Февер екеуі «Анналдар мектебінің» негізін қалады.
Марк Блоктың тарих ғылымына кіргізген негізгі жаңалығы, ол ғылымның зерттеу әдістерін жетілдіруге өз үлесін қосты. Тарих ғылымына өткен заманда орын алған оқиғалардың арасындағы логикалық байлынысын зерттейтіндігін дәлелдеді. Өз еңбегінің негізгі мақсаты тарихи зерттеулердегі әдістерді қарыстыру екендігін ескертеді.
Алдымен ол тарихи зерттеулердің пәніне тоқталады. Блоктың пікірінше оның пәні – «уақыт шеңберіндегі (аралығындағы) адам». Адамның санасы тарихи уақыттың әр деңгейінде бірдей» болып қала алмайды. Әр заман қоғамыңдағы әртүрлі факторларға байлынысты адамның санасы да өзгеріп тұрады. Өзінің «Апология истории, и ремесло историка» еңбегінде былай деп жазады: «Когда отблески... черно–белую окраску», өткен заман адамын түсіну зерттеушінің негізгі мақсаты. Ол үшін тарихшы өзінің «Менінен» бас тартуы қажет. Сонымен Блок зерттеу жұмысының субъекттісі мен объекті арасындағы байланысты «ғасырлар адамдарының кездесуі» деп түсіндірді. Зертеуші мақсаты өткен заман адамын түсіну. Осыған қарағанда Марк Блок тарих ғылымындағы феноменология бағытын қолдайтындығын көреміз.
Марк Блок «тарих уақыт» категориясына өз түсініген береді. «Время истории...». Өткенді түсіну үшін зерттеуші өзі өмір сүріп жатқан заманды түсінуі қажет. Тарихи уақыттың шекарасы болмайды. Тарихта болған уақиғаның ұзақтығы емес, сол оқиғаның белгілі бір уақыт аралығындағы маңызы мәнді – деп жазды М. Блок. Қазіргі заманда өтіп жатқан оқиғалардың түп тамыры тереңде жатыр. Сондықтан бүгінгі оқиғаны түсіну үшін өткен замаңдағы оқиғаларды білу қажет. М. Блоктың тарихи хронология мәселесіне өз қөзқарасы болды. Ол уақытты ай, жыл, ғасыр сияқты уақыт бірліктеріне бөлуді қолдамайды.
Шарль Сеньобос (1854 –1942) француз тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1890 жылдан бастап Сарбон униерситетінде қызмет істеген. Алғашқы еңбектері көне және орта ғасырлар тарихына арналды. Еңбектері позитивизм тұрғысында жазылған. Нақтылы тарихи материалдарға сүйене отырып ол саяси тарихқа баса көңіл аударады. Тарихи зерттеудің әдіснамасына арналған ұжымдық жұмыстың авторларының бірі. 1897 жылы «Политическая историю современной Европы», 1921 жылы – «Падение империи и установление третьей Республики», 1933 жылы жазылған «Искренняя история французской нации» атты еңбектері әлемдік тарихнамаға қосылған сүбелі үлес.
Достарыңызбен бөлісу: |