Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет94/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Шарль–Викто́р Ланглуа́ (1863–1929 ) – француз тарихшысы және па­лео­графы, Орта ғасырлар тарихының маманы. Париж университетін­де сабақ берді.
1917 жылдан бастап Ұлттық мұрағат директоры. 1897 жылы «Вве­де­ние в изучение истории» деген, бүгінгі күнге дейін өзінің құнды­лы­ғын жой­маған шығар­маның авторларының бірі. Орыс тіліндегі нұсқасы 1899 жылы, қазақ тілін­де 2014 жылы жарыққа шықты. Бұл кітапты кейде «по­зи­ти­вистік тарихна­маның библиясы» деп те атайды.



  1. Еуропа тарихнамасындағы эканомикалық және әлеуметтік ба­ғыт.

Позитивизм бағытын ұстанған ғалымдардың эканомика және әлеу­мет­тік тарихты зерттеулері ХХ ғасырда өз жалғасын тапты. Американ тарих­нама­сының эканомикалық бағытының негізін салған Фредерик Джексон Тёрнер (1861–1932). Оның ғылыми көзқарасы англо–саксон мектебінің дәстүрінде қалыптасты.Өзінің 1891 жылы жариялаған «Значение истории» мақаласында тари­хи зерттеулерде пәнаралық байланыс негізінде тарихи процестегі әлеумет­тік және эканомикалық факторларға көңіл аударуға шақырды. ХІХ ғасыр­дың 80 жыл­дарының соңында ол АҚШ эканомикасы дамуының негізгі детерминантын іздеуге талпыныс жасады.
1893 жылы Американ тарихи ассоциациясының конгрессінде Тёрнер «О значении границы в американской истории»деп аталатын тақырыпта баян­дама жасады. Тёрнердің бұл баяндамасынАҚШ–тың ұлттық тарих­на­ма­сының «Тәуелсіздік декларациясы» деп атайды. Мұның өзі американ та­рих­нама­сындағы прогресивтік бағыттың бастауы еді. Баяндамадағы не­гіз­гі ой – америка экономикасының қарыштап дамуының негізгі себебі оның батыста жүргізген отарлау саясаты. Осыған байланысты ол АҚШ–тың ба­тыс шекарасының жыл­жы­ма­лы­лығы идеясын күн тәртібіне қойды. Тёрнер Батыс­ты экспансиялау ел­дің дамуының негізгі заңдылығы. Америка тарихы Еуропа тарихының жалғасы концепциясына үзілді–кесілді қарсы шықты.
Американың келесі бір тарихшысы Чарлз–Остин Бирд Тарихнама­да­ғы эканомика мектебінің басшысы. Өзінің 1913 жылы жария еткен «Эко­но­­­ми­чес­кое объяснение Конституции Соединенных Штатов» деп атала­тын еңбе­гінде американ конституциясының дүниеге келуіне әсер еткен фак­торларға тоқталады. Оның ойынша негізгі заңды қабыл­дау барысында кү­рес тек меншік ие­лер­і­нің арасында ғана жүрді. Кітап­тың екі тарауының (Экономические инте­ре­сы делегатов Конвен­та, Кон­с­ти­туция как экономический документ)аты айтып тұрғандай конс­ти­туция тек мүлік иелерінің мүддесін қорғайтын құжат ретінде қа­был­дан­ды.
Әлеуметтік тарих жөніндегі сүбелі еңбектердің авторлары ерлі–за­йып­­ты ағылшын ғалымдары Джон және Барбара Хэммонд. Олар өз ең­бек­терінде ағыл­шын жұмысшы табының ауыр жағдайын баяндайды, оның се­бептерін ашу­ға тырысады. 1910 жылы «Сельский рабочий в 1760–1832гг.», бірінші дүние­жүзілік соғыс жылдары қала, ал 1919 жылы жоғары білік­ті жұмысшылар жөнін­дегі еңбектерін жариялады. Авторлар парламент пен оның комиссиялар­ының материалдарын, ар­нау­лы тексерулердің хаттамаларын және алғаш рет Ішкі істер минис­тр­лі­гі­нің мұрағат құжаттарын пайдаланды.
Жұмысшылар мен буржуазия арасындағы қарым–қатынасты зерттей оты­ра олар үстем таптың білімсіздігіне, саяси жүйенің келең­сіздіктеріне, би­леуші­лердің өз қызметін асыра пайлалануына тоқталады.
Әлеуметтік тарихтың институционалдық аспектісін зерттеу тақы­ры­бы­на арқау еткен Фабиан қоғамының мүшелері ерлі–зайыпты ағыл­шын ға­лым­дары Вебб Сидней ижәне Беатриса. 1894 жылы«История тред–юнио­низма» деп аталатын монография жазды. Авторлар ағылшын тред–юнио­н­дарының (жұмыс­шы кәсіп одақ ұйымы) мұрағат қорының құжат­тарына сүйене отырып оның қызметіне тоқталған. Екінші бір 1897 жылы жа­зылған «Промышленная демо­кратия» шы­ғар­масында кәсіподақ ұйым­дарының капиталистік қоғамның ажы­рамас бір бөлігі екендігін дәлел­деген. Олар 1932 жылы Кеңес еліне келіп матер­иал жинап 1935 жылы «Советский коммунизм – новая циви­лизация?» деп ата­латын кітап жазды.
Жұмысшы табы тарихын зерттеуде Америка тарихнамасында табысқа жеткен Висконсин университетінің профессроы Дж. Коммонс болды. Ол қоғамның экономикалық негізіне товарлы–ақша қатынасы­ның даму дең­гейі­нің жа­татындығын дәлелдейді. Капитал мен еңбек арасындағы қаты­нас рыноктық баға мен жалақы арасындағы қатынасқа байланысты дейді ол. Жұмысшы қоз­ғал­ысы дегеніміз ішкі (арзан жұмыс күші) және сыртқы (импорттық товарлар) қысымнан қорғанатын өндірушілер тобының әре­кеті. Кәсіподақ дегеніміз жал­дамалы жұмысшылар арасындағы конкурен­ция­ға байланысты пайда болған қо­ғамдық ұйым. АҚШ–тағы жұмысшы та­бы мен жұмысшы қозғалысының пайда бо­луына себепкер болған бос жат­қан жер телімдерінің болуы, ішкі рыноктың динамикалы түрде дамуы, тұ­рақ­ты түрде елге иммигранттардың келуі және жа­л­пыға бірдей сайлау құ­қы­ғының болуы. Коммонсовск–висконсин тарихшылар мектебі 1910–1911 жылдары 10–томдық «Документальная история амери­канского индус­триаль­ного общества» кітабын жарыққа шығарды.
ХХ ғасырдың басында Америка тарихнамасына әлеуметтанушылар мен көсем сөзшілердің радикалды–сыни бағытының өкілдері үлкен үлес қосты. Ол­ар негізіен финанс–өнеркәсіп олигархтарының қолайсыз әрекет­те­рін, партия–саяси машинаның сатқындығын, мемлекеттік ап­парат­тағы жы­мысқы саясатын сынға алды.
Конгресстің жылдық есептері, сот және басқа да мекемелердің құ­жат­тары негізінде 1894 жылы жазылған Г. Ллойдтың «Богатство против об­щества» де­ген кітабы «Стандард Ойл» тресінің баюына негіз болған кри­миналды уақиғалардың бетін ашады. Сол сияқты В. Лау­сон­ның «Объе­ди­ненная медная компания», Г. Мейерстің «Ис­то­рия круп­ных амери­кан­ских богатств» (1909–1910), Л. Стефенстің «Позор городов» (1904) шығар­ма­лары жұмыс­шыларды қанау, байлықтың бір қолға әділетсіз жиналуы, фа­бриканттар мен ірі капиталистердің мем­ле­кеттік билікпен бірігіп кетуі сөз болады.
Сенатор Р. Петтигру «Торжествующая плутократия» кіта­бын­да АҚШ–тың экономикалық күші ат төбеліндей азғана топтың қолында екен­дігін, сол топтың бүкіл мемлекет билігін ұстап отырғандығын дәлелдейді.
Францияда социалист Ж. Жорес «Социалистическая история Фран­­­ции» деп аталатын ірі масштабты жоба негізінде 1901–1904 жыл­да­ры төрт том­дық «Социалистическая история Французской рево­лю­ции» атты еңбе­гін жазып шықты. Аты айтып тұрғандай еңбек шаруалар мен жұмыс­шы­лар­дың тарихына арналған. Кітап қоғамдағы қатынас­тарға марксистік тұр­ғы­дан қарайды. Ж.Жорес: «Мен Маркс, Мишель және Плутархқа сүйен­дім»,– дейді. Шығарма француз револю­ция­сының әлеуметтік–экономи­ка­лық алғы шарт­та­рына, меншік түрінің эволюциясына, өнеркәсіппен ауыл шар­уа­шылығының дамуына, қоғам­ның эканомикалық құрылымының ру­ха­ни өмір мен мемлекетті басқару ісіне әсері сияқты өзекті мәселелердің шешімін табуға арналған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет