Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Жак Ле Гофф (1924–2014) – француз тарихшысы–медиевист «Ан­нал­дар мектебінің» ізбасары болған француз «Жаңа тарих ғылы­мы­ның



бет92/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Жак Ле Гофф (1924–2014) – француз тарихшысы–медиевист «Ан­нал­дар мектебінің» ізбасары болған француз «Жаңа тарих ғылы­мы­ның» көр­нек­ті өкілі. «Тотальды тарих» концепциясын қолдаушы. ХҮІІ ғасыр тарихының белді маманы. Әулие ІХ Людовик жәнеАссиздік Францискнің өмірбаян­дарын жазған. Орта ғасырды бөлек өркениет ретінде қарастырады.
Карл Теодор Ясперс (1883–1969) – неміс ойшылы. Бала жасынан филосо­фиямен әуестенеді. Бірақ әкесінің жолын қуып, Гейдельберг уни­верситетінің заң факультетіне оқуға түседі, кейін Мюнхен универ­си­те­тіне ауысады. Деген­мен көңілі медицинаға кетіп, 1909 жылы Гейдель­берг уни­вер­ситетін­ің меди­цина факультетін бітіреді. 1909–1915 жыл­да­ры Гей­дель­берг психиатрия ауру­хана­сында жұмыс істеді. 1913 жылы Ясперс «Жал­пы психопатология» тақырыбында докторлық дис­сер­та­ция қорғады. Осыдан кейін ол қалған өмірін Гейдельберг универ­си­тетінде оқытушылық қызметке арнайды.
Шығармашылығының шыңы неміс тарихының ең ауыр кезеңі ХХ ғасырдың 30–40 жылдарына сәйкес келді. Сол кездегі Алмания, Италия, Жапо­ния, Испания және КССРО елдеріндегі тоталитарлық режим Еуро­паның ғана емес бүкіл әлемдік тарихи даму процессінің дағдарысын көр­сетті. Бүкіл әлемдік масштабтағы әлеуметтік катаклизма Ясперс көз­қа­ра­сы­ның негізгі бағыт­тар­ының қалыптасуына үлкен әсер етті. Оның шығармашылық ой қорытуының негізінде адам және оның тари­хы жатты.
Ол өз шығармаларында әлемдік тарихтың бастауы мен оның мақ­сат­ы­ның бірлігін дәлелдеді. Барлық өркениеттің пайда болуы дамуы және күй­реу про­цессі бірзаңдылыққа бағынатындығын дәлелдеді. Адам­зат тарихы­на талдау жасау­да ол «уақыт», «заман», «әлем» сияқты негізгі түсініктерді пайдаланады. Батыс елдерінің ғылымдағы рацио­нал­ды Шығысқа қараған­да басымдылығы уақытша деп түсіндіреді. Түбі ол елдер де мәдениеті жа­ғы­нан Еуропа елдерімен теңеседі. Бұған қарағанда ол сол кездің өзінде «жаһандану» процесінің жақын екендігін түсінген.
1949 жылы жазған «Смысл и назначение истории» атты еңбегінде «әлемдік тарихи процестің бірлігі концепциясын бірлігін» ұсынады. Адам­зат қо­ғамы дами келе, ешқандай зорлықсыз, түбі бірігуге келеді.
Тарихты ол төрт кезеңге бөледі; тарихқа дейінгі адамзат қоғамы, көне замандағы ұлы мәдениеттер, «білікті уақыт» және ғылыми–техни­калық за­ман. Тарихқа дейінгі адамзат қоғамыдәуірінде адам отты пайдалануды үй­­­­­­рен­ді, өз ара қатынас құралы–тіл пайда болады, құрал–жабдық жа­сал­ды. Адамдар топтары пайда болады. Дәл осы кезде аңыздар туады, бірақ та­рих ұғымы әлі жоқ. Адам биологиялық жағынан әлі қалыптасу процесін басынан өткізеді.
Біздің түсінігіміздегі тарих тек «мәдениетті» қоғамда пайда болды. Б.э.д. Ү–ІІІ ға­сырлар арасында вавилон, египет, эгей әлемі, Инд алқа­бын­дағы, Қытайдағы ариға дейінгі мәдениеттер қалыптасады. Тарихтың пайда болу себе­бі бір орталыққа бағынған мемлекеттердің дүниеге келуі. Жазу өнері пайда болды, жылқыны қолға үйретті, тілі, әдет–ғұрпы, аңыз–әң­гі­ме­лері және мекені ортақ адамдардың қауымы пайда болды.
Келесі б.э.д. ҮІІІ–ІІ ғасырлар арасын қамтитын, «білікті уақыт» ұғы­мы­мен белгіленетін, кезеңде адамдар ортақ рух негізінде бірігеді. Адам эк­зистенция (әрбір адам болмысының ерекшелгін, басқаға ұқса­май­тын­ды­ғын білдіретін фило­софиялық термин) негізінде өзін еркін сезінеді. Оның мифологиялық санасы бұзылады. Ол өзінің өмірі жа­йын­да ойлана бас­тайды. Өздерінің терең пікірлерімен Конфу­ций, Лао–Цзы, Будда, Зара­тус­тра, иудея пайғамбарлары, грек ойшылдары сияқты данышпандар та­рих сахнасына көтерілді. «Человек осознает бытие в целом, само­го себя и свои границы. Перед ним откры­вается ужас мира и собственная бес­по­мощность. Стоя перед пропастью, он ставит радикальные вопро­сы,требует освобождения и спасения. Осо­­з­­навая свои границы, он ставит перед собой высшие цели, поз­нает абсолютность в глубинахса­мосознания и в ясности трансцен­дент­ного» (Трансценде́нттік – философия термині, тәжрибелік жол­мен жетуге болмайтын танымның формасы)– дейді Ясперс. «Білікті уақыт» іргелі ұғым, ол адам­зат қоғамы­на ортақ. Тарихтың бұл кезеңінде тарих әлемдік мағынаға ие болады.
Ғылыми–техникалық заман ХҮІІ–ХІІІ ғасырлар арасын қамтиды. Тех­ника мен ғылым жаңалықтары адамзат қоғамы дамуының қуатты фак­торына айнал­ды. Ғылымның пайда болуын Ясперс «құпия тарих» деп атай­ды. Библия ақи­қатқа жету рухын тудырды. Дүниені тану күмәндану ар­қылы жүзеге асады. Адам өзінің мұраты мен ұстанымы үшін күреседі. Егер әрбір адам өз өмірінің мән–мағынасын айрылатын болса ол ғылыми–тех­никалық прогресстің дағда­рыс­ына, жеке адамның санасыз тобырдың бір мүшесіне айналуына әкеледі. Адам өз тарихымен байланыстан қол үзеді, рухынан айрылады. Ол техника мен ғылымның билігіне тәуелді болып, (‘демонизм техники’) өзін–өзі бақылау мүм­кіншілігіне ие болудан қалады. Міне, Ясперстің тарих көзқарасы осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет