Педагогикалық КӘсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет12/14
Дата27.09.2022
өлшемі166.54 Kb.
#461474
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
лекция 2 (1)

Мұғалім профессиограммасы негізінде маманның бұл кәсіпке жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтауға болады. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы теориялық білімнің молдығында ғана емес, сол білімді үздіксіз дамытып отыруында, нақты педагогикалық үрдіс жағдайына бейімдей алуында. Сонымен қатар мұғалімнің өз білімдерін педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдістерімен, нақты жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.

Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де болып табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше, педагогикалық әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына байланысты келеді. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі.

Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.

Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам.

Педагогикалық шеберлік– кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.

5.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стильдері

Мұғалімнің іс-әрекет стилі деп оның кәсіби іс-әрекет түрлерін орындауындағы көрініс табатын әдіс-тәсілдердің тұрақты жүйесін атайды. Әр мұғалімнің іс-әрекетінде оның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, құндылық бағдарына немесе өзіндік ұстанымдарына байланысты қалыптасып қалған стильдері болады.

Жалпы қарастырғанда мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекет стильдері төмендегідей факторлардың әсеріне байланысты қалыптасуы мүмкін: а) іс-әрекет түріне, іс-әрекет ерекшеліктеріне; б) іс-әрекетке қатысатын субъектілер (оқушылар) ерекшеліктеріне; в) мұғалімнің даралық-психологиялық ерекшеліктеріне.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет