Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар, оның негізгі стильдерін білу маңызды. Педагогикалық іс-әрекет стилі-педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мұғалімнің балалармен қарым-қатынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады. Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында педагогикалық іс-әрекеттің мынандай стильдері топтастырылған:
авторитарлық
либералдық
демократиялық
- Педагогикалық іс-әрекеттің авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз қалдырып, өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімнің айтқанын, нұсқауларын орындаушылар ретінде қабылданады.
- Педагогикалық іс-әрекеттің либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті әріптестеріне, оқушыларға ысырады. Мұғалім тек оқыту үдерісімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұндай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те дұрыс болмайды.
- Педагогикалық іс-әрекеттің демократиялық стилінде оқушы мен мұғалім педагогикалық қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, оқушылардың жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділігі, шығармашылығы жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |