Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды; білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді; жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ; оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады.
Білім:
бастауыш мектептің педагогикасы;
педагогикалық психология;
бастауыш мектеп және мектеп жастағы балаларды тәрбиелеудің инновациялық технологиясы;
оқу пәндерінің(пәндік сала) тәрбиелік әлеуеті ;
Тәуелсіз Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім мазмұнының біріктіру қағидаттары;
Білім алушыларда оң өзін-өзі бағалау, тілдерді оқу мүддесін, азаматтық бірдейлік пен лингвистикалық толеранттілікті қалыптастыру әдістемесі.
|
3-еңбек қызметі
|
Іскерлік пен дағдылар:
|
Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
|
өз бетімен педагогикалық міндеттерді құрастырады;
өз бетімен қажеттілігіне сәйкес тұлғаның дамуына бағытталған оқытудың бағдарламалары мен әдістерін қолданады;
өз бетімен сабақтарға негізгі және қосымша оқу-әдістемелік материалдарды дайындайды;
өз бетімен өзіндік сандық білім ресурстарын әзірлейді;
өз бетімен жетістіктерді бағалау үшін табыстылық критерийлерін әзірлейді;
өз бетімен пән мен тілді кіріктіріп оқытуға арналған қажетті материалдарды, білім ресурстарын, оның ішінде сандық және тұпнұсқаға сай мәтіндерді жинақтайды және дайындайды ((көптілді
бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).
|
Білім:
білім ресурстарының әдістері мен қағидаттарын әзірлеу, соның ішінде сандық білім ресурстары;
оқу-тәрбиелік үдерістің жағдайын модельдеу әдістері;
тәрбие мен оқытудың авторлық технологияны дайындау әдістері мен қағидаттары; педагогикалық жұмыстың тиімді құралдарын жинақтау және тарату әдістері.
|
4-еңбек қызметі
Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін
зерделейді, білім ортасын зерттейді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |