Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды; білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді; жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
|
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеуілі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ; оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады.
|
Білім:
мектептің педагогикасы;
педагогикалық психология;
мектеп жастағы балаларды тәрбиелеудің инновациялық технологиясы;
оқу пәндерінің(пәндік сала) тәрбиелік әлеуеті ;
Тәуелсіз Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім мазмұнының біріктіру қағидаттары;
білім алушыларда оң өзін-өзі бағалау, тілдерді оқу мүддесін, азаматтық бірдейлік пен лингвистикалық толеранттілікті қалыптастыру әдістемесі.
|
3-еңбек қызметі Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
|
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайды;
өз бетімен интернет көздерінен ақпаратты таңдайды;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушыларда іскерлік дағдыларды қалыптастыратын әдістерді және тәсілдемелерді анықтайды;
тәлімгердің жетекшілігімен белгіленген мақсатқа немесе нұсқаулық пен талаптарға сәйкес оқу материалдарын әзірлейді;
әріптестерімен бірлесе білім алушыларға қолайлы орта құрады.
|
Білім:
қосымша білімді меңгеру деңгейін анықтау әдістері;
кәсіби дамудың жеке жоспарын жүзеге асыру әдістері ;
педагогикалық жағдаяттық міндеттерді құру әдістері мен қағидаттары;
оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу әдістері мен қағидаттары;
пәндік-тілдік оқытудың технологияларын есепке ала отырып оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).
|
4-еңбек қызметі
Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін
зерделейді, білім ортасын зерттейді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |