Педиатрия факултетінің


БҰЛШЫҚ ЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ БЕЙІМДЕЛУ ЖƏНЕ ОРГАНИЗМНІҢ ҚЫЗМЕТТІК ҚОРЛАРЫ



бет3/6
Дата01.03.2024
өлшемі307.67 Kb.
#493526
1   2   3   4   5   6
Реферат Ахмурзиева ЗАмира

БҰЛШЫҚ ЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ БЕЙІМДЕЛУ ЖƏНЕ ОРГАНИЗМНІҢ ҚЫЗМЕТТІК ҚОРЛАРЫ
Бейімделу жəне оның кезеңдері Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемі бейімделуі арқылы дамиды жəне жоғары сатыға көтеріледі. Бейімделу (адаптация) – қоршаған ортаның құбылмалы əртүрлі жағдайларында организмнің икемделуі. Ол жасушалық, мүшелік, жүйелік жəне организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу əрекетінің барлық түрін көрсетеді. Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне адекватты (барабар) немесе адекватты емес (барабар емес) келеді. Организмнің барабар тітіркендіргіштерге бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасқан. Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе, организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды. Табиғи жəне өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге жағымсыз əсер ететін қоршаған ортаның қолайсыз факторлары жиі кездеседі. Бұларға физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық, семантикалық жəне биологиялық экстремалдық факторлар жатады. Организм барлық жағдайларға бар мүмкіндігінше өзінің құрылымдық жəне қызметтік жүйелері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи ортадағы əртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды (акклиматизация туралы толығымен 9-тарауда баяндалады). Ол бейімделудің жекеленген түрі болып саналады. Бейімделудің түрлері. Қазір бейімделудің əр алуан түрлері болғанымен, көпшілік мақұлдаған арнайы классификациялық топтары жоқ. Бейімделуді мерзіміне қарай ұзақ мерзімдік жəне қысқа мерзімдік деп жіктейді. Қысқа мерзімдік бейімделуді икемделудің «авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделудің бастапқы кезінде, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің функциялық күйі барынша өзгеріп, организмнің əсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімдік бейімделу организмнің икемделу қабілеті, 20 мінез-құлық пен жалпы əрекетін жоғарғы сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суыққа, тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады. Жеке организм деңгейінде бейімделудің: туа болған жəне жүре болған, жеке (даралық) жəне қауымды (түрлік), жалпы жəне маманданған, арнайы жəне бейарнайы, ішкі жəне сыртқы, шартты жəне шартсыз, қалыпты жəне төтенше, морфологиялық жəне физиологиялық, соматикалық жəне психикалық, т.с.с. түрлерін ажыратады. Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның бейімделуі арнайы физиологиялық реакциялар арқылы жүзеге асырылады. Физиологиялық бейімделу деп организмнің жүйе, мүше, ұлпа қызметтерінің белсенділігі мен олардың өзара байланысын реттеуші механизмдердің орнықты деңгейін айтады. Мұның мəні жаңа орта жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін əрекеттердің қайта құрылуына келіп тіреледі. Сонымен бірге қоршаған ортаның өзгермеліжағдайларында адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделудің көрнекті белгілері болып саналады. Морфологиялық бейімделудің негізін жасушалық бейімделу түзеді. Жасушалық бейімделу деп тіршілігін сақтап қалу үшін əртүрлі қоршаған орта жағдайларына жасушаның икемделуін айтады. Ол организмдік бейімделудің бастапқы кезеңі болып саналады. Жасушалық бейімделуді шамамен, генотипті жəне фенотипті деп екіге жіктейді. Генотипті (тектүр) бейімделу шыдамды, берік жасушаларды іріктеу нəтижесінде пайда болады. Ал фенотипті (белгітүр) бейімделу зиянды факторларға қарсы қорғаныш реакциясы ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мерзіміне байланысты болады. Сондықтан бейімделудің ұзақтығы жəне жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады. Организмнің фенотипті бейімделуін даралық бейімделу деп те атайды. Ол ортаның белгілі факторларына бұрын болмаған тұрақтылықты жəне алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша шешу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда ең əуелі осы нақтылы факторға жауапты физиологиялық жүйелер жұмылдырылады, соңынанжалпыбейарнайыстреске қарсыжүйелер іске қосылады. Даралық бейімделу түрлік икемделудің құрамына 21 кіріп, оның дамуына əсер етеді. Бұл популяциялық бейімделу. Популяциялық-түрлік бейімделу тұқымқуалаушылық арқылы жеке организмдерге беріледі. Жалпы бейімделу организмнің екі түрлі реакциясына байланысты болады. Біріншісінде, əсер етуші факторларды түйсіну үшін физиологиялық реакция белсендіріледі, ал екінші түрінде, оның факторлар əсерімен кездесуден организм қашқақтайды. Өйткені организмнің функциялық күйіне, жағдайына байланысты бейімделетін факторлар жағымды немесе жағымсыз реакциялар тудыруы ықтимал. Сондықтан көбінесе, бейімделудің мəнін толық ұғыну оның пайда болатын жағдайларын айқындауды талап етеді. Адамдарға төтенше факторлар əсер еткенде екі түрлі реакция байқалады. Біреуі барабар жауап беру болса, екіншісі – абыржу реакциясы. Барабар реакция организмнің арнайы жауаптары арқылы төтенше факторлардың əсерін əлсіретіп немесе жойып, оның қажетті іс-əрекетін сақтауға бағытталады. Мұндай жағдайда адам байыпты, мақсатты мінез көрсетеді. Оған көтеріңкі сезім күйі (эмоция) əсер етеді. Организм реакциясының бұл түрінде талдағыштардың сезімталдығы өзгереді, зейін шоғырланады, қысқа мерзімдік жəне оперативті зерде жақсарады, іс-қимылдар дəйекті жоспармен атқарылады. Адамды қырағылық, қосымша сақтық пайда болады. Абыржу реакциясы кезінде талдағыштардың түйсіну табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып, адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Абыржу реакциясының активті жəне пассивті түрлері бар. Активті түрін үрей билеген адамның мінезінен байқауға болады. Ол пайда болған жағдайдан қашу əрекетінен басталады. Алайда, бұл мінездік көрініс қисынсыз, орашолақ түсініксіз жағдайда байланысы жоқ қимылдардан тұрады. Адамның эмоциялық күйі тасып, еліктеу жəне илану қасиеттері жоғарылайды. Ал абыржу реакциясының селқос түрінде, керісінше, белсенді қимыл тыйылады. Адам дағдарып, еркінен айрылып, есінен танады. Ықпал еткен фактор əсерінен мелшиіп, қаша алмайды. Бүкіл талдағыштардың сезімталдығы өте төмендейді. Əдетте, төтенше факторларға жауаптың түрі оларды тудыратын себептердің сипатына байланысты. Осы себептерді жағдайға байланысты сыртқы, ішкі жəне əлеуметтік деп жіктейді. Сыртқы себептер əсер етуші факторлардың күші, қарқыны, мерзімі, ырғағы, қасиеттеріне байланысты болады. Сонымен бірге іс-əрекетті 22 ұйымдастыру сатысы, яғни жұмыс орны, мекені адамның техникамен қарым-қатынасы ықпал етеді. Ал əртүрлі реакция тудыратын ішкі себептерге адам психикасының ерекшеліктері, мінез-құлқы жəне организмнің хал-ахуалы жатады. Əлеуметтік себептердің ішінде іс-əрекеттің мақсатын, адамдардың өзара қатынасын жəне талаптарын атауға болады. Осы себептердің салдарынан организмнің қалыпты жағдайы өзгеріп, негізгі əрекеттері зор күш салу арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан оның физиологиялық қосалқы қоры тез азаяды, тіпті, кейде сарқылады немесе үдеріске компенсациялық механизмдердің тиімсіз түрлері жұмылдырылады. Алайда, организм сыртқы жəне ішкі ортаның əртүрлі факторларымен өзара əрекетінде осы белсендіру немесе тосқауылдау механизмдерін барлық деңгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің бірнеше кезеңнен өтетін бейімделу үдерісін қамтамасыз етеді. Бейімделу кезеңдері Бейімделу нақтылы физиологиялық механизмдермен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің 1-кезеңі – бастапқы кезең тітіркендіргіштер əсер еткен алғашқы сəттен басталады. Мұнда əртүрлі бағытталған құрама реакция байқалады. Бірінші құрама реакция бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі іс-əрекетті тежейді. Жалпы тежеуші реакция күшті тітіркендіргіштің бəріне жауап ретінде туады. Екінші құрама реакция – қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда жүйкелік трофикалық ықпалдар белсендіріледі жəне мүшелердің қызметі күшейеді. Бұл əсерленістерді симпатикалық адреналдық жүйемен бірге орталықжүйкежүйесі атқарады. Алайда, бейімделудің бастапқы кезеңінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл кезеңге организмнің эмоциялық өзгерістері де қатысады. Бейімделістің келесі сатысы – 2-кезең өтпелі кезең. Мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың белсенділігі азаяды. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері ұлпаларда тереңдей түседі. Бейімделудің 3-кезеңі тиянақты кезең – организмнің жəне оның мүшелері мен жүйелерінің жаңа жағдайларға мұқият икемделу сəтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің бейарнайы төзімділігі көтеріледі жəне əркелкі арнайы бейімделудің механизмдері дамиды. Бұл кезең физиологиялық үдерістерді үнемді атқарады жəне энергия шығынын азайтады. Бейімделудің бұл кезеңін ұдайы өзгермейтін тұрақты жағдай деп қарастыруға болмайды. Организмде оның ауытқулары, өзгерістері жиі болуы ықтимал. Өйткені оған əр алуан қосымша жанама факторлар ықпал еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа деңгейін үнемі сақтауға тиіс. Сондықтан бүкіл физиологиялық функциялар зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организмнің энергия шығынын ұлғайтады, иммундық жəне гормондық қосалқы қорын азайтып, аяғында бейімделудің бұзылуына – дизадаптацияға əкеліп соғады. Дизадаптация кезеңі организмнің қызметтік қоры сарқылуы немесе нейрогуморалдық жəне зат алмасудың өзара байланысы бұзылуы нəтижесінен орын алады. Бұл жағдайда бейімделудің бастапқы кезеңі сияқты іс-əрекеттің тұрақты көрсеткіштерінің ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіштер шамадан тыс немесе кездейсоқ факторлар көп уақыт əсер еткенде туады. Организм бейімделу тудырушы əсерлер болмаған жағдайда, соның салдарынан туындаған морфологиялық жəне физиологиялық ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда, оның жойылған икемделу реакциялары сол бейімдеуші факторлар тағы да əсер етсе, қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделу (реадаптация) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет