Образдың тектік тұрғыдан жіктелуі.
Әдеби тек тарапынан келгенде образ үш түрлі, эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ.
Б.Майлиннің «Аштық құрбаны» әңгімесінің негізгі тақырыбы мен идеясы
Тақырыбы: Аштық
Идеясы: Әйел теңсіздігі, әйел тағдыры
Қысқаша: Қайрақбайдың қызы Таңсық, он алтыға шыққан Таңсық ата-анасына қалай көмектесерін біле алмай, өзінің ұл болып тумағанына тағдырына налып, назаланып жүреді. Қайрақбай мен Шырынкүл жалғыз қызына жапа шектірмей, таңдағанына қосып, теңіне беріп, тілегін алмақшы еді. Бірақ аштыққа қылар қайраны бар ма?
«Біздің бар тілегіміз сені теңіңе қосып, қызығыңды көру еді. Бірақ құдай онымызды, қош көрмеген секілді. Біз тұңғиық жарға кез боп отырмыз. Бұдан шығудың амалын қарастырмасақ, бәріміздің де өлгеніміз. Бәріміз өлмей, біріміз ғана өлейік десек, ортамыздан сені құрбан қылғалы отырмыз, сені сатқалы отырмыз!» дейді олар. Ұл болмасам да, пұл болып әжеттеріне жараса, мың жанын да қиярға бекіген Таңсық алпысқа келген бақуатты шалға барарын естігінде аза бойы қаза болады. Бірақ ол да не істей алады? Атасы мен анасы, жалғыз бауыры үшін жанын садаға етіп, оған да көнеді. «Мен – аштық құрбаны» деп зарлайды Таңсық.Шарасыз Таңсық Тілеумағамбет байға тұрмысқа шықты. Әке-шешеңнің алдына мал салып, қыстан алып шығамын деген бай уәдесінде тұрған жоқ. Таңсық сол үйдің басыбайлы күңіне айналды. Бірақ көрер жарығы бар екен, байдың үйіне түскен төре жігіт Қасенге арызын айтып, ақыры өзін күңдіктен, ата-анасы мен бауырын аштықтан аман сақтап қалды. Қасенге шығып, қалада бақытты тірлік кешті. Оқыды.
Бейімбет Майлин «Нан үшін жұрт не қылмай жатыр. Шұбырып кетіп жатыр, жүрегі үзіліп аштан қырылып жатыр! Әке-шешесі үшін құрбандыққа атап, Дәмеш сияқты қыздар құнсыз бәске сатылып жатыр!.. Әй, аштық, қылдың-ау!» деп аһ ұра күйінеді.
Әдебиеттанудағы эпикалық тек және оның түрлері
Образдың әдістік тұрғыдан жіктелуі
Т. Әбдіктің «Оң қол» әңгімесіндегі мазмұн мен пішін
Лирикалық тек, түрлері
Романтизм әдісі, түрлері (прогрессивтік, реакциялық)
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде өлеңге қойылатын талаптарды көрсетіңіз!
Әдеби дәстүр және жаңашылдық
Реализм әдісі, түрлері
Өлең құрылысының бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталуы қалай аталады, мысал келтіріңіз!
Стиль, стиль құрайтын бірліктер
Образдың тәсілдік тұрғыдан жіктелуі
Шығармашылық ерекшеліктің қалыптасуындағы Гетенің айтқан үш кезеңі туралы не білесіз?
Әдеби процесс
Реализм әдісі, түрлері
Ассонанс пен аллитерацияның көркемдік қуаты. Мысал келтіріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |