Пән аты: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері


Сөз өнерінің Батыс Еуропа әдебиетінде зерттелуі



бет8/17
Дата26.02.2023
өлшемі2.8 Mb.
#470087
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Әдебиет теориясы емтихан (копия)

Сөз өнерінің Батыс Еуропа әдебиетінде зерттелуі




  1. Шағын көлемді эпикалық түрге тән сипаттар

Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді:
1. шағын көлемді эпикалық түр;
2. орта көлемді эпикалық түр;
3. кең көлемді эпикалық түр.
Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау үш түрдің біріне жатады. Эпостың ендігі ерекшеліктерін неғұрлым ұтымды аңғарту үшін осы айтылған жанрлық түрлердің әрқайсысын (құрамындағы кейбір үлгілерін мысалға ала отырып) жеке-жеке сипаттауға көшеміз.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде,адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында – баяндаудан да, суреттеуден де тыс; авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла, т.б.
Миф
Аңыз
Ертегі
Мысал
Новелла
Әңгіме
Очерк
Фельетон
Өлең(мифтен ерте не кейін туғаны белгісіз)


Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Греция (Троя, Фивы циклдері), кейін римляндарға ауысқан.
Бұл секілді мифтер көне дүние көркем әдебиетінде көп және әр алуан; бәрі бірігіп, әлемге әйгілі грек мифологиясын құрайды. Мұны әдебиет теориясында мифологиялық эпос деп атайды.
Мифологиялық эпос – жалпы эпос атаулының басы. Бұл эпостың идеялық-тақырыптық негізі – адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылым тумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық, синкретизм тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұғым нанымдары. Демек, мифологиялық эпосты адамдардың басын тұмандай тұтқан бірыңғай діни сенімдер ғана туғызады деуге тіпті де болмайды. Мифологиялық эпос – халықтың бүкіл қауым болып қанаттандырған қиялынан туған қымбат қазына. Ондағы негізгі мотив жеке бастың күйкі тіршілігі емес, кейінірек өрбіген батырлар жырындағыдай, жалпы жұрт тағдыры болуы да сондықтан.
Эпостың көне түрлерінің бірі – аңыз. Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық хикая, бірақ мифтен өзгешелігі – аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар – аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Қазақ ауыз әдебиетінде Асан Қайғы туралы аңыз бар. «Бұл – тарихта болған адам, бірақ тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәл кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір кешіп еді. Ол жайының ешқайсысынан дәл дерек жоқ»Бір ескеретін нәрсе – Асан жайлы аңыздар екі ұдайы; бірі – халыққа жат, онда Асан Жәнібек ханның жанындағы кертартпа сәуегей халінде көрінеді де, екіншісі – халықтық аңыз, онда Асан жалпы жұрт үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» жайлы қоныс, құтты мекен іздеп жүрген ел қамқоры кейпінде көрінеді. Соңғысы қызық аңыз, бізге керегі де осы аңыз. Бұл аңыз – шағын эпикалық түрдің қазақ әдебиетіндегі тәп-тәуір, нұсқалы туындысы да, Асан кәдімгідей көркем шығарманың кейіпкері.
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Бұл да миф пен аңызға ұқсас, адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық,, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Мысал – эпостық, шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясыз астарсыз, ашық, тілі мірдің оғындай өткір, шымшымалы.
Мысалдың классикалық үлгісі ретінде Ахмет Байтұрсыновтың атақты «Қырық мысалындағы» И.А.Крыловтан аударған «Аққу, шортан һәм шаян» атты өлеңін ұсынсақ, осының жанрлық ерекшелігін әркім өзінше айтпай-ақ аңғара алады:
Жүк алды Шаян, ІІІортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Асылы, жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орныңда тұр, Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек, болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Көркемдік дамудың жаңа кезеңдерінде эпикалық шығармалардың да бұрынғы түрлері өзгере, жаңғыра тұра, тіпті тың түрлері туады. Феодализм мен капитализм тұсындағы шағын эпоста сондай жаңадан туған түрдің бірі – новелла (италянша novella – жаңалық, соны сөз) — «бұрын-сонды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме» (Гете).
Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің эраның бас жағында көріне бастағанмен, ол шағын эпикалық түр ретінде Европадағы Ояну дәуірінде туып қалыптасты. Бұл тұста қоғам назары бір түрлі жеке адамдарға ауа бастады: әркімнің дара тіршілігі, іс- әрекеті, оның басынан өтетін оқшау оқиғалар, кездейсоқ құбылыстар көп көңілін көбірек алаңдататын болды. Новелла осындай жеке адамдар басынан кешкен оқыс, оқшау оқиғалардан туған еді. Ренессанс кезіндегі Италияның көрнекті жазушысы Боккаччоның әйгілі «Декамероны» – сондай новеллалар циклі. Бүкіл дүние жүзі әдебиетінде жұртқа мәлім айрықша шебер новеллистер – Н.Гоголь мен А.Чехов (Ресей), П.Мериме мен Г.Мопассан (Франция), Эдгар По мен О’Генри (Америка), т.б.
Біз новелланы эпостың шағын түріндегі даму сырларын қаперге алғандықтан ғана атап отырмыз. Әйтпесе, новелла біздің дәуірімізде көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері жойылып, бара жатыр. Әдебиет білімпаздарының бірқатары тіпті бұл екеуін бір-бірінен айыра қарауға қарсы, екеуін бір нәрсе деп түсіндіреді. Сондықтан біз кей реттерде новелланың жанрлық ерекшеліктері болып көрінетін сюжеттегі оқшау шиеленіс, оқыс шешім сияқты жайттарға арнайы тоқтап, айрықша мән бермей-ақ көркем әңгіме мәселесін пайымдауға көшеміз. Әңгіме новелладан кейінірек туған ұғым болғанмен, екеуінің табиғаты бір екені даусыз. Оның үстіне, әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі аса бір әсем үлгісі.
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшш, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді, оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі күрделі, қиын жұмыс, сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұғады.
Қысқасы, әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша асыл үлгісі.
Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс. Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешелігі бар. Ең бастысы: очеркте суреттелетін шындық – ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар адам. Содан соң очерк өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан ғана туады.
Очеркте беллетристиканың да, публицистиканың да сипаттары бар. Мұнда да ол – аралық нәрсе! Очеркті тегі жағынан алып қарасақ та әрі әдеби жанр, әрі газет жанры екенін аңғарар едік.
Эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі – фельетон (французша feuilleton – парақ); бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер, қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет