М.Мақатаев өлеңдерінен метафораға мысал келтіріңіз!
Ақын өлеңдерінде бір нәрсенің, құбылыстың белгісі сипатында келетін сөздер жиі қолданылады.
Мен – таулықпын,
Қыранның балапаны.
Маған-дағы тауымның таңы атады,
Қарапайым қалтқысыз жырларымды
Қажетіне өз халқым жаратады.
Мен әзірге бола алмай Расулдай
Бағым, жаным – барлығы жүр ашылмай
Алынады томағам, кетем ұшып,
Құсбегіден құтылған лашындай [4]
Бұл өлең жолдарындағы «қыранның балапаны, алынады томағам» деген метафоралық қолданыс «құсбегіден құтылған лашындай» деген теңеу жарасты сөз өрнегі, қанатты ой түйіні ретінде қолданылған Мұқағалиға тән ерекшелік.
Өзіндік метафоралар – ақын-жазушылардың ана тіліне тартқан ең қымбат асыл сыйы. Мұқағали өлеңдеріндегі метафоралар халық ұғымына таныс, түсінікті болып келеді.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымын мен елдің.
Шаруасы шайқалған шағын үйдің,
Шаңырағына шаншылдық уық болып.
Киіктің сүтін еміп, ер жетемін.
Қуат алып қыранның қанатынан.
Қайран, әке!
Піл сүйек, нар қылықты.
Отаны керегіне жаратсын деп,
Өзі өліп, мені артына қалдырыпты.
Мұндағы «желідегі құлынмын», «көгендегі қозысымын», «шаншылдық уық болып», «қуат алып қыранның қанатынан», «піл сүйек, нар қылықты» деген метафоралар тұрақты ауыспалы мағына алып, бұрынғы кезіндегі белгілі бір жүйрік тілді шешеннің терең толғанған ойлы сөз саптауын еске түсіреді.
Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектептер туралы
Әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
Әлем әдебиетінің тарихыңда әрбір әдеби ағымның қалай пайда болып, қалай дамығанын, қалай құбылып, қалай құрығанын әдебиеттің теориясы емес, әдебиеттің тарихы тексереді. Сондықтан біз жалпы әдеби дамудың кезең-кезеңдерінде туған кейбір әйгілі ағымдарды ғана мысал ретінде атап, аз сөзбен мінездейміз де, қоямыз.
XVII ғасырдың аяқ жағыңда туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе Еуропа әдебиетінде орасан кең өpic алған жұртқа мәлім ағым классицизм (латынша classicys – үлгілі, өнегелі бағыт).
Сөз өнеріндегі әрбір ағымның тууында таза әдеби «құпиялармен» қатар, қоғамдық сыр мен себеп болатынын да айттық. Классицизмнің туған тұсы – Еуропа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез. Классицистер қаламынан туған шығамалардың негізгі тақырыбы, ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты, ел өмірінің елеулі, ірі оқиғалары; негізгі идеясы – елдің елдігін қорғаушы «ессіз ерлердің» қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты; негізгі қаһармандары – қарапайымдар емес, қастерлілер — қолбасылар, корольдар, патшалар.
Классицистер жазған жанрлар да, кәдімгі антик әдебиетіндегідей, трагедия, комедия, батырлық поэма, желғабаз ода... Бұлардың тілі де сол көне әдебиеттегі көтеріңкі пафос, шешен һәм көсем сөз рухындағы бояма диалогтар мен монологтар, күлдібалам ақыл-нақылдар, атам заманғы архаизмдерге толы әсіре айшықтар болатын. Адам образдары да тым бір жақты не мінсіз жақсылар, не іске алғысыз жамандар кейпінде көрінді. Оның үстіне бұл ағымның көркем шығарма мазмұны мен пішініне қоятын қатал талабы, дәлірек айтқанда, кәдімгі «үш бірлік» (уақыт бірлігі, орын бірлігі, оқиға бірлігі) атанған бұлжымас шарты болды. «Үш бірлікке» бағынған шығарманың мазмұны: а) бір-ақ тәулік ішіндегі шындық, ә) тек бір орында өтетін тартыс, б) бір ғана сюжеттік желінің бойында жататын оқиға; бұл үш талап бұлжымай орындалуы шарт.
Классицистер қаламынан туған көркем шығармалардың ең жақсы үлгілері патриотизм, ұлт мақтанышы, қоғам алдындағы борыш, асқақ мүдделер үшін айқас секілді әп-әсем идеялық принцип ұсынып, негізінен, шыншылдық тенденцияда жазыласа да, ағымның жоғарыда айтылған ұшы-қиырсыз шарттылығы мен жасандылығы сөз өнерін ақиқат өмірден алшақ әкетіп, «өнердің табиғилығы мен еркіндігін талақ етті; шындықта болған адамдар орнына ешбір елде, ешбір жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті» (Белинский). XVIII ғасырдың орта кезінде өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (французша sentimentalisme – сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты.
Сентиментализм әуелі Англиядан ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» (ағымның аты да осыдан алынған) басталды да, кейін Францияға (Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Ресейге (Карамзин, жас Жуковский ауысты).
Сентименталистердің идеялық тұрғысы – елде енді-енді орнығып, нығая бастаған жас буржуазияның идеологиясы; творчестволық объектісі – сарай маңындағы ақсүйектер өмірі емес, кәдімгі «орта қол» адамдардың күнделік тіршілігі, солардың көңіл күйлері, жеке бастарына тән күйініш- сүйініштері, қуаныш-реніштері. Негізгі тақырыбы классицистердегідей тарихи оқиғалар емес, әдеттегі семья тұрмысы; негізгі қаһармандар – қолбасылар, корольдар мен патшалар емес, алпауыттар, қолөнершілер мен қарапайым шаруалар. Көркем шығармаға мазмұн болған оқиғалар енді сарай маңынан аулақ, ашық мөлдір аспан астына, көктемде
құлпырған көк майса шөп үстіне, өзен жағасына, жасыл төбе баурайына көшірілді. Адамдардың көңіл күйін сентименталистер осынау сұлу табиғат көркімен ұштастырып, бір алуан сезімдер мен сырлар қозғау – «жан тебіренту» тәсілдерін тапты. Олар оқырман көңілін оңай босататын иен дала, иесіз жұрт, жас қабір, құлаған қыстау... секілді көрністерді суреттеуге, әсіресе, құштар болатын. Ағымға тән осы ерекшеліктер енді әдеби жанрлардың да бұрын көп өріс алмаған (элегия, психологиялық роман, мещандық драма, «жылауық комедия» атанған) жаңа түрлерін туғызды.натурализм (латынша natura – табиғат). Бұл ағымды басында Золя ұсынды, оның «Эксперименталдық роман», «Театрдағы натурализм» тәрізді теориялық толғамдарында өмір құбылыстарына ешқандай идеялық баға бермей, қазқалпында суреттеуді талап еткен творчестволық принциптер бар. Алайда Золяның өзі іс жүзінде бұл «принциптерін» ұстана алмады да, ағым әртүрлі кертартпа қаламгерлердің экспериментіне айналып кетті. Демек, натурализмді, біріншіден, орыс әдебиетіндегі «натуральдық мектеппен» шатастыруға болмайтын болса, екіншіден, оның ағым ретіндегі табиғатын тереңірек тану қажет. Натурализм – бәрінен бұрын, әдебиет пен өнердегі принципсіздік; эстетикалық талғамның жоқтығы; ақиқат шындыққа енжар бейтараптық. Әдебиеттегі натурализм де философиядағы буржуазиялық позитивизм секілді лайсаң ағым. Натурализм өмірде ірі мақсаттар да, асыл мұраттар да жоқ, тіршілік ұсақ-түйектен ғана тұрады деген кертартпа ұғымға негізделген.
Әдебиеттануда көркемдiк әдiс ұғымымен етене бағыт, ағым, стиль, әдеби мектеп, әдеби топ деген түсiнiктер де бар. Бұлардың барлығы да түптеп келгенде бiрнеше суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат- белгiлерден туындайды. Ал ортақ белгiлер дегенде, жазушының әлеуметтiк, идеялық, позициялық тұрғыдағы ұқсастық мәселелерiн түсiнген жөн.
Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердiң шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестiгiне негiзделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердiң жиынтығы.
Бұл терминдердi түрлiше түсiндiрiп, түрлi мағынада қолдану әлi де жиi кездесiп жүр. Кейде оларды бiр-бiрiнiң орнына қолданса, кейде ағымды әдеби мектеппен немесе топпен теңестiредi, бағытты көркемдiк әдiспен немесе стильмен бiрдей түсiну де ұшырасады. Осы тұста айта кеткен жөн, ағымдар мен бағыттардың күресi мен алмасуы кезiнде әдеби үрдiстердiң негiзгi заңдылықтары айрықша анық байқалады.
Қысқа қайырар болсақ, бағыт көркемдiк мазмұнның рухани- эстетикалық терең мәнiн белгiлейдi. Бұл үлгiдегi көркемдiк мазмұн мәдени- көркемдiк дәстүр бiрлiгiнен, қаламгерлердiң дүниетаным ұқсастығынан және олардың алдындағы өмiрлiк проблемалардың ортақтығынан, түптеп келгенде, дәуiр тудырып отырған әлеуметтiк, мәдени, тарихи жағдайлардың ұқсастығынан шығады. Дегенмен, бiр бағыттағы әр қаламгердiң дүниетанымы, проблемаға қарым-қатынасы, оларды шешу жолдары мен тәсiлдерiне қатысты түсiнiгi, идеялық және көркемдiк концепциялары әр түрлi болуы әбден мүмкiн. Соған орай бағыттың әдеби мектептер мен топтардан айырмашылығы айқындалады. Әдеби мектептер мен топтардың мүшелерiн идеялық-көркемдiк таным бiрлiгi, яғни бағдарламалық- эстетикалық тұтастық топтастырады. Ал бiр бағытта бiрнеше ағым, мектептiң болуы ұшыраса бередi. Демек, ағымдар бағыттың алуан түрлерi болып табылады. Модернизм - (французша modern - жаңа, қазіргі, дәстүрге қарсы) – ХХ ғасырда көркем шығармашылықтың жаңа моделі ретінде көрінді. Модернизм - буржуазиялық әлем дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. әде- биет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Модернизмде адам - өзі танып білмеген жауыздық күштің құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады. Модернизмде бірыңғай, бірдей поэтика жоқ, ол алдына ондай мақсат қойған да емес. Модернизм белгілері – жазушының барынша ашық және еркін түрде өзін-өзі ашуы, көркем тілді барынша жаңартуға, жаңаша түлетуге ұмтылысы, өзіне жақын нақтылықтан гөрі алыс тұрған универсалды, мәдени-тарихи дүниеге назар аударуы. Осы қа- сиеттерімен модернизм классикалық реализмнен гөрі ро- мантизмге анағұрлым жақын тұрады. Зерттеушілер романтизм эстетикасынан поэтикалық екіұдайылық пен қосәлемділік идея- сын өзіне мұраға алған модернизмде суреткер идеалды әлем мен реалды әлемнің арасындағы қақтығыстың зардабын тартатынын» жазады.Постмодернизм тарихи және көркем дәстүрлердің бірігуіне негізделген. Әр түрлі халық, мәдениет, субмәдениет, уақыт ішін- дегі әдіс-тәсілдерді, стильдерді, тақырып, проблема, мотивтерді бір шығарма аясына біріктіру осы постмодернизмнің сипатты белгісі саналады. Постмодернистік мәтін оқырман көңілінде оқиға барысына қатысты үнемі күмәнділік тудырады. Қысқасы, модернизм көз алдында тұрған шындықты місе тұт- паса, постмодернизм өмірдегі құндылықтарды үлкен, кіші деп бөлмейді, кез-келген зат, құбылысты дүние санауға бейім
Достарыңызбен бөлісу: |