Пән аты: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері



бет7/17
Дата26.02.2023
өлшемі2.8 Mb.
#470087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Әдебиет теориясы емтихан (копия)

Драма қиындықтары:

  1. Көлемі: Эсхил кезінде трилогия болған 70-80 бетСебебі:көрермендерді сюжет қызықтырады

  2. Тілінде: автор драмасын өткіщгеннен кейін сахнала дәрменсіз. Ерекшелігі: баяндау, мазмұндау, сипаттау жоқ іс-әрекет монолог диалог арқылы өрбиді

  3. Тартыста-өмірдің шындығы ашылады

  4. Драманың сахналануында Гоголь сахнасыз дама денесіз дем деген




  1. Новелла жанрының ерекшелігін әңгіме жанрымен салыстыра отырып ажыратыңыз

Ұсақ әңгіме немесе новелла (итал. novella – әңгіме). Қара сөзбен баяндалған, көлемі шағын ғана қысқа шығармалар новелла немесе ұсақ әңгіме деп аталады. Қиял араластырып баяндайтын көлемі шағын, легенда деп аталған әңгімелерді біз орта ғасырдағы феодал әдебиетінен де кездестіреміз. Ал новелланың дәуірлеп өскен кезі буржуазия қоғамы кезінде болды. Новеллалардағы оқиға әрдайым шын бола бермеуі мүмкін, бірақ новеллада оқиғалар өмірде болған нәрсе сияқтанып көрсетіледі.
Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбенбаяндайтын шағын көркем шығарма жанры.  Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттікқұрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. 
Айырмашылығы: Оқиғаның Күтпеген жерден аяқталуында

  1. Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелері – ұсақ әңгіме, новелланың қазақ совет әдебиетіндегі көрнекті үлгілері.

  2. Әдеби ағым. Сентиментализм ағымы

Әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Әлем әдебиетінің тарихыңда әрбір әдеби ағымның қалай пайда болып, қалай дамығанын, қалай құбылып, қалай құрығанын әдебиеттің теориясы емес, әдебиеттің тарихы тексереді. Сондықтан біз жалпы әдеби дамудың кезең-кезеңдерінде туған кейбір әйгілі ағымдарды ғана мысал ретінде атап, аз сөзбен мінездейміз де, қоямыз.
XVIII ғасырдың орта кезінде өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (французша sentimentalisme – сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты.
Сентиментализм әуелі Англиядан ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» (ағымның аты да осыдан алынған) басталды да, кейін Францияға (Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Ресейге (Карамзин, жас Жуковский ауысты).
Сентименталистердің идеялық тұрғысы – елде енді-енді орнығып, нығая бастаған жас буржуазияның идеологиясы; творчестволық объектісі – сарай маңындағы ақсүйектер өмірі емес, кәдімгі «орта қол» адамдардың күнделік тіршілігі, солардың көңіл күйлері, жеке бастарына тән күйініш- сүйініштері, қуаныш-реніштері. Негізгі тақырыбы классицистердегідей тарихи оқиғалар емес, әдеттегі семья тұрмысы; негізгі қаһармандар – қолбасылар, корольдар мен патшалар емес, алпауыттар, қолөнершілер мен қарапайым шаруалар. Көркем шығармаға мазмұн болған оқиғалар енді сарай маңынан аулақ, ашық мөлдір аспан астына, көктемде
құлпырған көк майса шөп үстіне, өзен жағасына, жасыл төбе баурайына көшірілді. Адамдардың көңіл күйін сентименталистер осынау сұлу табиғат көркімен ұштастырып, бір алуан сезімдер мен сырлар қозғау – «жан тебіренту» тәсілдерін тапты. Олар оқырман көңілін оңай босататын иен дала, иесіз жұрт, жас қабір, құлаған қыстау... секілді көрністерді суреттеуге, әсіресе, құштар болатын. Ағымға тән осы ерекшеліктер енді әдеби жанрлардың да бұрын көп өріс алмаған (элегия, психологиялық роман, мещандық драма, «жылауық комедия» атанған) жаңа түрлерін туғызды.
Сентиментальдық шығармаларда сезімге табыну әбден шарықтау шегіне жетті, кітап беті ашылса-ақ болғаны, көңілдегі кірбің, көздегі жас, көкейдегі мұң-шер ағытыла жөнелетін. Мұндай шығармалардың тілі де бұрынғыдай асқақ, адуын емес, майда, нәзік орамдар мен өрнектер тапты.
Сентиментализм ағымы әдеби шығармаларға көл-көсір лиризм дарытты; классицизм тұсында тым аспандап кеткен асыңқы әуенді жерге түсірді; жұрт назарын арсы-гүрсі сырт әрекеттерден гөрі адамның ішкі сырына аударыңқырады; әдеби шығармалардың классицизм тұсында ұмыт қалған прозалық түрлерін туғызып, оларға әжептәуір табиғи, шыншыл сипат берді. Сөйте тұра сентиментализм классицизммен күресте біраз қажет нәрседен айрылып та қалды: әдебиетті ірі тақырыптардан аулақ әкетті; тіршіліктегі ұсақ-түйек, күйкі жайлармен көбірек әуестенді; адамның жеке қара басына ден қойыңқырап, қоғамдағы халықтық мәні бар келелі мәселелерден сырт қалып қойды. Сөйтіп, бұл ағымның ғұмыры да онша ұзаққа бармады.
XVII ғасырда кең өріс алған сүйіспендік және семья тақырыптарына жазылған сентименталдық романдар болды. Бұл романдардың қаһармандары қоғамдағы орта топтан алынып, олардың ішкі сезімдері толық суреттеледі. Жалпы алғанда сентименталдық роман сезімге күшті әсер ететін және көбінесе алдына қоятын мақсаты адамгершілікке үндеу болып келеді. Сентименталдық романдар буржуазиялық сананың өсе бастауын көрсеткен еді: жазушылардың төтенше назарын аударған ақсүйектер емес, «орташа» адам болды. Бұл адамдар мейлінше қайырымды және күшті сезімді, мейлінше әсерленгіш етіліп суреттелді. Сентименталдық романның көп жайылған жері сол кезде алдағы капиталистік ел болған Англия. Сентиментализм дворян жазушыларына да ықпалын тигізді, бірақ мұндағы патриархалдық өмірді қайырымды және сезімге күшті әсер еткендей етіп суреттеушілік, феодалдық қоғамның бұрынғы қалпын қорғау, қаланың «бұзатын» ықпалына қарсы күрес құралы ретінде жұмсалады. Дворяндық сентиментализмнің орыс әдебиетіндегі көрнекті бір тұлғасы Карамзиннің «Бишара Лиза» деген повесі болды.
Совет әдебиетінің романдары тақырыбы жағынан да, идеялық мазмұны жағынан адам баласының санасындағы капитализмнің қалдығын жою. Сөйтіп тапсыз, бақытты социализм қоғамын құруға атсалысу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет