Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»


Аудиторлық қызметтің стандарттары. Аудиторлық қызметті ұйымдастыру



бет17/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

Аудиторлық қызметтің стандарттары. Аудиторлық қызметті ұйымдастыру
Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

—     ҚР Конституциясы;

—     ҚР азаматтық кодексі;

—     ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;

—     ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;

—     ҚР қылмыстық кодексі;

—     «Салықтар   және   бюджетке   міндетті   басқа   төлемдер туралы» кодексі;

—     ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;

—     ҚР бюджет кодексі;

ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция» туралы; «Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.

Жоғарыда аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралык стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық-несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады.

Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. «Ескі» заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі. Сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырак айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген.

Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігінен айырып, министрліктер мен ведомоствалардың нүсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет кайталанды.

ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет