Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»


Талап ету - сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.  Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу



бет22/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

Талап ету - сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. 
Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. 

Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес. Өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз  қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін. 

Белсенді тыңдау.Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу - адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. 

Телефонмен сөйлесу мәнері. Телефонмен әңгіме  - мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. Телефонмен сөйлесе білу де - биік мәдениеттіліктің  белгісі.

Қызмет бабында телефонды пайдаланудың кейбір ұсыныстары: 

1.     Тығыз, орындалуы шапшандықты қажет ететін жұмысыңыз болса, телефонды тез көтеріңіз де: «Кешіріңіз, осынша уақыттан кейін қайта соғуыңызды сұраймын, тап қазір аса тығыз жұмыстарым бар» деңіз.

2.     Көптеген адамдар қарсы дауыс анық естілмесе, дауысын көтеріп сөйлеуге мәжбүр. Мұндайда желінің арғы жағындағы адамға қаттырақ, анық сөйлеуін ескертіңіз. 

3.     Өз телефоныңыздың құлағын көтергенде әдетте айтылатын «иә», «тыңдап тұрмын» деген сөздердің орнына «кадрлар бөлімі» және т.б., деп жауап берген дұрыс. Бұл уақытыңызды үнемдейді. Оның үстіне өзіңіздің жұмыс орныңызды атап жауап беру әңгіменің іскерлік жүруіне ықпал етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет