Аудитор әдебі
Қазіргі кездегі қоғамда аудиторлар қызметіне маңызды роль берілетіндіктен, қоғамдық пікірде аудитор мамандығына құрмет пен сенімділікті ұстап тұрудың объективті тиімділігі бар. Кәсіби аудиторлық ұйымдар аудиторлардың жоғары моральді қасиеттері мен кәсіби жауапкершілігін сақтап тұру үшін аудиторлардың этикалық кодексін жасақтайды.
Аудитордың халықаралық этикалық кодексі бар, оның негізінде Қазақстанның аудиторлар палатасымен расталған Қазақстан Республикасы аудиторларының кәсіби этикалық кодексі жасақталған.
Аудиторлардың кәсіби әрекет ету этикасы аудиторлық бірлестік өзінің ортасында бекітетін моральдік, сыпайылық құндылықтарын анықтайды, ал олар барлық мүмкін бұзушылықтар мен асыра сілтеулерден қорғауға дайын болады.
Жалпы адамдық және кәсіби этикалық нормаларды сақтау – аудиторлық фирманың әр аудиторының, басшысы мен қызметерінің тікелей міндеті мен жоғарғы парызы.
Кәсіби әрекет етудің этикалық нормаларын бұзушылар барлық аудиторлық бірлестікке дөрекілігін көрсетіп, оған моральді және материалдық зиян әкеледі.
Сыртқы аудитор аудиторлық қызметке тапсырыс беруші тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге барлық қоғамның, бухгалтерлік есептің барлық пайдаланушыларының мүддесінен әрекет етуге міндетті.
Белгілі бір клиенттің тапсырысы бойынша аудитті орындай отырып, аудитор олардың арасында туындайтын объетивті қарама қайшылықтарды қоғамдық мүдде тұрғысынан шешуі керек.
Аудит қызметінің негізгі мақсаты – ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этика деген грек сөзі, оның мағынасы – нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. Өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек. этикада мамандардың әлеуметтік көзқарасы да ерекше орын алады.
Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың өз теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған.
Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол – жалпы жан дүние этикасы және мамандық этикасы. Қандай мамандық болса да, олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |