Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»



бет20/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

Іскерлік қарым-қатынас әдебі
Әлемдік мәдениетке бетбұрған бүгінгі жаһандану кезеңіне тұспа тұс келген тіл тағдыры әр түрлі деңгейде дамып келеді. Қай кезеңде болмасын тілдің қадір-қасиетін жоғалтпай, әрбір сөзді өз мақсатында қолданып сөйлей білу, тіл тазалаған сақтай отырып, жауапкершілікпен қарау – адамзаттың парызы.

«Тіл мәдениеті – тілдің тазалығын, тілдің ережелерге сай жұмсалуын, сөйлеуші мен оқушысының тіл жұмсау реттілігін, дұрыстығын қарастыратын ғылым. Сөз бен сөзді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс тіркестіру, сөйлемді грамматикалық заңдылықтарға сәйкес әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрау, әдеби тілдің нормаларын сақтап, белгілі бір өлшеммен, белгілі бір қалыппен жазу мен сөйлеу тіл мәдениеті саласының зерттеу міндеттерінің қатарынан саналады».

Тіл – ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай жеткен асыл қазына. Тіл мүмкіндігі Қазақстанның егемендік алуымен бірге дербес ұлттық тіл ретінде қоғамның барлық саласында қанатын жайып, қолданыла бастады. Қазақ тілі – тек қарым-қатынас тілі емес, бүгінде халықаралық деңгейде іскерлік бағытта біршама мүмкіндіктерге ие болды.

Тіл мәдениетінің сапалық жүйесін қалыптастыруда ғалымдар М.Балақаев, Р.Сыздық зерттеулер жүргізіп, осы салада ғылыми тұрғыда өз үлестерін қосты. Жалпы тілші ғалымдар әдеби тіл нормасына қайшы келетін сөздерді, сөз тіркестерін қайталап, ретсіз қолдануға қарсы.

Тіл мәдениетінің тілді тұтынушылардың деңгейіне де қатысты болатынын А.Байтұрсынов былайша түсіндіреді: «Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі - құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескеннен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы».

Сөзді ретімен дұрыс қолдануды А.Байтұрсынов сөйлеуші адамның танымына, білімі мен өмірде жинақтаған тәжірибесімен байланыстырады: «Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіп пен қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару болады».

Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет