Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»



бет19/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

Кәсіби этика

Этика (грек тілінде ethika, от ethos – дәстүр) – философиялық ғылым. Бұл философиялық ғылымның обьектісі – мораль, оның дамуы мен оының қоғамдағы ролі мен нормалары болып табылады. Этика философияның бір бөлігі ретінде пайда болып, өте ерте қалыптасқан ежелгі шығармашылық пәндердің бірі. Философияда мораль мен танымды оқып тануда белгілі грек философы Аристотельмен «этика термині» ұсынылған болатын.

Теориялық білім тәжірибелік біліммен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, бұл адамның тәжірибелік қызметін қалыптастырады.

Этика білімнің объектісі мораль, оның дамуы, қоғамдағы нормалар мен рөлі болып табылатын философиялық ғылым. Философия ғылымының ажырамас бір бөлшегі ретінде этика адам алдында күнделікті кездесетін мораль мен таным сұрақтарын шығармашылық деңгейінде шешуге бағытталған. Этика философияның бір бөлігі ретінде қалыптасқан ежелгі теориялық пәндердің бірі болып табылады. Мораль және адамгершілік туралы философиялық білімнің ұғымын түсіндіру үшін Аристотель «этика» терминін енгізген.

Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас. Ол теориялық жағынан қарағанда заң-ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл адамзаттың дамуының қозғаушы күші.

Адамның еңбектік қызметі тәжірибелік қызметтің негізгі үлгісі болып табылады. Оыдан бастап кәсіби этика феномені туралы айтуға болады. Кәсіби этика – қандай да болсын кәсіптік қызметтің шығармашылық негізгі тірегі болып табылады. Кәсіби этика идеалдар мен құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері ретінде кәсіби мораль туралы ғылым, міндеттердің идеясы, этикалық принциптер мен өзін-өзі қажетті жағдайда ұстай білу нормалары туралы көрініс табады. Адамның өзін-өзі ұстай білуі сол кәсіптің мән-мағынасын көрсетіп, жұмыс жасау процесінде байқалатын және олардың кәсіби қызметінің аясынан шығатын адамдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кәсіби этика – бұл кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның психологиясы мен идеологиясы.

Кәсіби этика, өз қызметінің шегінде жұмысшы бағынып, ұстанатын белгілі бір нормалар мен ережелердің жүйесі ретінде, өте ерте кезде, жеке білім саласы ретінде әлі қалыптаспаған кезде пайда болған еді. Мамандардың іс-әрекетіне байланысты құрылған алғашқы этикалық талаптардың қатарына б.з.д. ІІІ мыңжылдықта қалыптасқан «Птаххеттеп визирінің және қала басшысының бұйрығы» атты ежелгі египеттік манускрипті атауға болады. Кәсіби талаптардың қатарына жұмысшының өз қызметін адал және сапалы түрде орындау қажеттілігіне назар аударылады, себебі еңбекке мұндай қатынас болашақ қызметтің жоғарылауы мен байлыққа әкелудің бірден бір тиімді жолы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет