Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет34/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Театр және кино өнері» конспектіні талқылау.
2. «Танымал өнерпаздар» тақырыбына презентация туралы әңгіме жүргізу.
3. Тақырыпқа қатысты терминдерді жаттау.
4. Тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын шешу


1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
М.Әуезов атындағы қазақтың алғашқы профессионалдық театры 1925 жылы ұйымдастырылған. 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” трагедиясымен тұңғыш театр шымылдығы ашылды.
1934 жылы Қазақ драма театрынан қазақтың опера және балет театры бөлініп шықты.
Қазақтың кино өнері тарихында киноактерлер: Жұмат Шанинның, Шәкен Аймановтың, Әмина Өмірзақованың, Асанәлі Әшімовтың, Меруерт Өтекешованың т.б есімдері ерекше зор құрметпен аталады. 
1934 жылы Алматы кинохроника студиясы базасы негізінде Шәкен Айманов атындағы киностудия құрылды. “Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш.Аймановтың қосқан үлесі елеулі. 1953 жылдан 1970 жылға дейін осы киностудияның көркемдік жетекшісі Ш.Айманов болды. 1952 жылы тұңғыш рет “Жамбыл” атты толық метражды түрлі-түсті көркем фильм жасалды, ал 1965 жылы “Алдар көсе” атты алғашқы кең экранды көркем фильм түсірілді. Тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі жүлдеге ие болған қазақтың көркем фильмі “Ана туралы аңыз” 1964 жылы экранға шықты. Көрермендердің ерекше ілтипатына бөленген “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Шоқан” кинофильмдері осы “Қазақфильм” студиясында жасалды.


2-тапсырма. Жұмат Шанин, Шәкен Айманов, Әмина Өмірзақова, Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова және Құман Тастанбеков туралы деректер жинап, презентация жасаңыздар.


11-ТАҚЫРЫП. Мінез және келбет


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті, олардың үйлесімділігі туралы мәлімет.
2. Мәтінмен жұмыс, оқу, аудару, түсінгендерін әңгімелеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет