СӨЖ-ге арналған тапсырма: 1.«Сән үйінде» тақырыбында диалог құру.
2. «Сәнгерлік» сөзіне сөзжұмбақ құру
3. Тренд қандай? Сән үрдістері мен тенденциялары тақырыбында презентация жасау.
4. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді құру
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма: 1.«Сән үйінде» тақырыбында диалог жүргізу.
2. «Сәнгерлік» сөзіне құрылған сөзжұмбақты шешу
3. Тренд қандай? Сән үрдістері мен тенденциялары тақырыбында презентацияны талқылау.
4. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді әңгімелеу
1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңыздар. Түсінгендеріңізді әңгімелеңіздер. Қазақстанның қазіргі сәнгерлері ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады. Киім – адамның күнделікті және әлеуметтік тіршілігіне аса қажетті бұйым. Киім адамға эстетикалық сән береді. Жапырақ ағашқа көрік берсе, киім адамға көрік береді және оның ыстық, суықтан, жауыннан қорғайды. Киім мақта, жүн, синтетика, жібек, барқыт маталарынан тігіледі. Киім-белгілі бір ұлттың, мідениеттің бет- бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Қазақ халқының ұлттық киімдері- оның тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрінің белгісі. Ұлттық киімдердің етек-жеңіне ою-өрнек салынады. Киімге бағалы тастар тағылады. Қазіргі кезде адамдар жұмыс орындары мен мекемелерде костюм-шалбар, жағасы бар жейде, галстук, көйлектер сияқты киімдерді киеді. Бүгінде сәнгер- дизайнерлер жаңа заманға сай ыңғайлы әдемі киім үлгілерін ұсынуда. Қызметкерлер салтанатты кештерге, ресми жиналыстар мен кездесулерге сәнді әрі талғаммен киінеді.
2-тапсырма.Берілген стиль түрлеріне анықтама беріңіздер.
Классикалық стиль –
Спорттық стиль –
Романтикалық стиль –
Фольклорлық стиль –
3-тапсырма.Ұсынылған жоспар бойынша материалдар әзірлеңіздер. әркім өзі жинақтаған материалдары бойынша реферат қорғау керек.