Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет46/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Ойын ой сергітер.
І. «Жасырынған мақал» ойыны
Жақсы сөз жан семіртер ...
Досы көппен сыйлас ...
Отпен ойнама ...
Ер туған жерінде ...


3-тапсырма. «Ғана», «тек қана» шектік демеуліктерн қолданып, 5 сөйлем құрыңыздар


5-ТАҚЫРЫП. Бұқаралық ақпарат құралдары


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Бұқаралық ақпарат құралдары, оның түрлері. БАҚ-тың ақпараттық және білімдік қызметі.
2. Мәтінмен жұмыс
2-сабақ
1. Бүгінгі таңдағы БАҚ-тың қоғамдық рөлі туралы мәлімет. Ақпарат көздеріне сілтеменің берілуі. Предикаттың күрделенген түрі («...деп», «... екен», «... -уға болады», «... -у керек», «... деді»);
2. Тақырыпқа қатысты материалдар жинау
3-сабақ
1. Етістік+ -са(-се) да, де түрінде қолданылуы
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 13, 18, 20, 21


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы мәлімет жинау
2. «БАҚ-өмір айнасы» тақырыбында презентация жасау.
3. Тақырыпқа қатысты сөздік жасау
4. «Баспасөз беттері сөйлейді...». Материалдар әзірлеу


ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы мәліметтермен жұмыс жүргізу
2. «БАҚ-өмір айнасы» тақырыбында презентацияны қорғау.
3. Тақырыпқа қатысты сөздікті жаттау
4. «Баспасөз беттері сөйлейді...» тақырыбындағы материалдармен жұмыс


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша әңгімелесейік...


Бұқаралық ақпарат құралдары


Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:

  • жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;

  • арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;

  • ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы;

  • тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 жылы французжазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

  • БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

  • БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

  • БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет