Бағалық дискриминация
Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігн ескер отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сатса онда, ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз. Монополист бағалық дискриминация саясатын, қайталанып сатуға жатпайтын тауарлар өндіргенде ғана іске асыра алады. Бұл жағдай орындалмаса бағалық дискриминация саясаты алыпсатарлыққа әкеліп соқтырады да монополистке қосымша пайда алуға мүмкіндік бермейді.
Монополистің бұл саясатын жүргізудің негізгі тәсілі сұранысы икемділі және икемсіз тұтынушылардың табысын өзара қайта бөлу болып табылады және көбінесе бұдан сұранысы икемсіз тұтынушылар ұтуы керек. Егер монополист әрбір тұтынушыға жеке баға тағайындайтын болса, онда біз жетілген бағалық дискриминация саясатын көреміз (8.12-сурет). Егерде монополист 8.12-суреттен көріп отырғанымыздай: тауарды тұтынушылардан барлық тобына бірдей бағамен сататын болса, онда РmBDP1 тікбұрышының ауданына тең пайда алады. Ал жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізген жағдайда, ол тұтынушылар санын көбейтеді. Бағаны төмендеткен уақытта, ол шекті шығындардан төмен б олмауы керек. Монополист бағаны Рm нана жоғары белгілегенде экономикалық пайдасын АВРm үшбұрышының ауданына көбейте алады. Тауардың бір данасының бағасын Рm – нан төмен белгілеген жағдайда, монополист өз тауарын сатып алушылардың санын көбейтеді немесе табысы төмен тұтынушыларды қамту арқылы пайдасынының шамасың ВСD үшбұрышының ауданына жоғарылатады. Сонымен монополист жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде экономикалық пайдасын АСР1 үшбұрышының ауданы шамасына дейін ұлғайтады. Бұдан төмендегідей қорытынды шығаруға болады.
Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде-бір тұтынушы ұтым ала алмайды, себебі монополист сатып алушының әрқайсысына төлей алатын ең жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополиске пайда ретінде келіп түседі. Мемлекеттік басқару ұжымдары бағалық дискриминация саясатына өте катаң қарайды, себебі монополистер, бұндай саясат жүргізе отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.
№8 тақырып «Жетілмеген бәсеке нарығы. Монополия» дәрісіне тестік тапсырмалар.
1. Монополия жағдацында шектi түсiм қисығының көлбеуi қандай?
А) Терiс сан
Б) Ол горизонталь болады
В) Оң сан
Г) Ол тiк (вертикаль) болады
Д) Көлбеу терiстен оңға өзгередi
2. Фирма – монополист оң пайдаға ие болады, егер:
А) Баға орташа шығындардан жоғары болса
Б) Баға тұрақты шығындарға тең болса
В) Баға айналымы шығындардан аз болса
Г) Баға тұрақты шығындардан аз болса
Д) Баға айналымы шығындардан жоғары болса
3. Мына айтылғандардың қайсысы монополиялық нарықтың белгiсi болады:
А) Бiр сатушы және бiр сатып алушы
Б) Нарық шарттары туралы ақпараттар бар
В) өнiмдердi дифференциациялау
Г) Көп тұрақты шығындар
Д) Баға шектi шығындарға тең
4. Нарыққа еркiн кiрiп және одан шығу төмендегi нарықтың қайсысында жоқ:
А) Монополияда
Б) Еңбек нарығында
В) Жетiлген бәсекеде
Г) Олигополиялық бәсекеде
Д) Монополиялық бәсекеде
5. Мұражайға кiру ақысы шетел азаматтары үшiн қазақстандықтарға қарағанда едәуiр жоғары. Бұл жағдай төмендегiлердiң қайсысына мысал бола алады:
А) Бағалық дискриминация
Б) Берiлген ауқымдағы монополия
В) Мемлекеттiк реттеудiң болмауы
Г) Берiлген ауқымды мемлекет тарапынан қаржыландыру
Д) Үкiмет тарапына бақылау болмау
6. Монополистiң шектi шығындары 20 теңге. Өнiмнiң әрбiр қосымша бiрлiгiнен түсетiн түсiм 60 теңге. Қосымша пайда қандай?
А) 40
Б) 20
В) 60
Г) 80
Д) -40
7. Монополистiң жалпы шығындар функциясы: ТС=100+3Q. Шектi шығындар қандай?
А) 3
Б) 100
В) 103
Г) 30
Д) 0
8. Монополистiң өнiмiне деген сұраныс функциясы Р=15-Q. Егер монополист 5 бiрлiк өнiм шығаратын болса, онда түсiм қандай болады?
А) 50
Б) 10
В) 25
Г) 15
Д) 20
9. Монополистiң жалпы шығындар функциясы:TC=100+3Q2. Шектi шығын 30теңге тең. Монополист қанша өнiм шығаруы керек?
А) 5
Б) 30
В) 6
Г) 50
Д) 15
10. Табиғи монополияға мысал бола алатын:
А) Қала монополитенi
Б) ОПЕК – халықаралық мұнай картелi
В) IВМ – компаниясы
Г) "Центр-кредит" банкi
Д) "Караван" баспасы
№9 тақырып. Монополиялық бәсеке
Жетілген бәсеке және өнімді сараптау.
Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
Монополиялық бәсекелес фирманың шығыны.
“Микроэкономиканың” бұл бөлімі нарықтың монополиялық бәсеке моделіне арналады. Нарықтың осы құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі. Монополилық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді.жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті.
Нарық құрылымының бұл модеоін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезендерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде,сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:
А) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай.Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
Б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқада жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
В) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады.Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады,мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
Достарыңызбен бөлісу: |