Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кзеңіндегі жұмысын талдау



бет46/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кзеңіндегі жұмысын талдау
Қысқа мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың жұмысые талдауды 9.1-сурет бойынша түсіндіреміз.




9.2-сурет. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі кезеңі:
А. Фирманың пайдасын барынша көбейту жағдайы.
Б. Фирманың шығынын төмендету жағдайы.

Бірінші көңіл аударатын жағдай, монополиялық бәсекелес фирманың сұраныс қисығы ( D). Бұл қисық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы сияқты абсолютті икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне параллельді емес, теріс көлбеулі болады. Бұнын басты себебі монополиялық бәсекелес фирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы. Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма-тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз семенінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұрагыс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.
Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа нарықтық құрылымдағы сияқты монополиялық бәсекелес фира пайдасын мейілінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.
MC=MR
Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша бірлігін өндіруге жұмсалатын шекті шығын осы өнімді сатқанда түсетін шекті түсімнен артық болғанша фирма өнім өндіруін жалғастырады.Графиктен MC пен MR-дың қиылысу нүктесі Q өнім көлеміне сәйкес келіп тұр.Фирма Ро тағайындай отырып , өз пайдасын барынша көбейтеді ( 9.1а –суретте көрсетілгендей ) немесе ( 9.1.б- суретте көрсетілгендей шығынын азайтады ).
Графиктен көріп тұрғанымыз Q2 > Q1.
Егер дәл осы баға Ро таза бәсекелес жағдайында қалыптасса, фирма онда Q2 өнім көлемін өндірер еді.
Қорыта айтқанда, қысқа мерзім кезеңіндегі монополистік бәсеке фирмасының іс-әрекетін талдау жасағанда,басқа бәсекелес емес нерықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет