Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


тақырып «Олигополия» дәрісіне тестік тапсырмалар



бет53/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

10 тақырып «Олигополия» дәрісіне тестік тапсырмалар.

1. Олигополияда фирмалар жоғарғы пайда алуға не мүмкiндiк бередi:


А) Нарыққа кiруге тосғауылдың қойылуы
Б) Ерекшелiктерi бар тауарлардың болуы
В) Бәкелестердiң күні болуы
Г) Нарықаты сату үлесiнiң төмендегi
Д) Осу аукымынын тиiмдiлiгiнiн кемiмелi болуы

2. Олигополиялық фирма бәсекелестерiнiң қандай iс-әрекеттерiн ескеруi керек:


А) Iс-арекет стратегиясын
Б) Жарнама саясатын
В) Әлеуметтiк саясатын
Г) Имиджiн нығайту iс-әрекетiн
Д) Фирма бәсекелестерiнiң iс-әрекетiн ескермейдi

3. Олигополиядағы бiр фирманың өндiрiс көлемiнiң басқа фирмаға қатысты графигi қалай аталады?


А) Реакция қисығы
Б) Шығындар қисығы
В) Изокванта
Г) Изокоста
Д) Пайда қисығы

4. Дуополия қай нарықтың мысалы:


А) Олигополияның
Б) Монополиялық бәсекенiң
В) Жетiлген бәсекенiң
Г) Таза монополияның
Д) Монополияның

5. Олигополия қағидасын құруға атсалысқан экономист:


А) Огюстен Курно
Б) Франко Модильяни
В) Джон Гэлбрейт
Г) Карл Маркс
Д) Джоан Робинсон

6. Төменде келтiрiлген ұйымдардың қайсысы картельге мысал бола алады?


А) ОПЕК
Б) Бiртектi емес тауарларды стаумен айналысатын фирмалар
В) Салық инспекциясы
Г) ұлттық банк
Д) Бiрiгiп жұмыс iстейтiн колледжжер

7. Олигополия - бұл нарықтық құрылым, бұнда:


А) Бiрнеше фирма өнiмнiң бәрiн немесе бәрiне жағынын өндiредi
Б) Бiртектес өнiм шығаратын бәсекелес фирмалардың саны көп
В) өзiндiк ерекшелiктерi бар өнiм өндiретiн бәсекелес фирмалардың саны көп
Г) Өнiмдi өндiретiн тек қана бiр фирма
Д) Тек қана бiр iрi сатып алушы болады

8. Егер олигополиялық фирмалар алғашқыда өнiм көлемiн белгiлеп, одан кейiн бағаны анықтайтын болса, онда осыларды қорытындылайтын тепе-теңдiк төмендегiнiң қайсысы:


А) Курно тепе-теңдiгi
Б) Бертран тепе-теңдiгi
В) Штакелберг тепе-теңдiгi
Г) Парето тепе- теңдiгi
Д) Вальрас тепе-теңдiгi

9. Тепе-теңдiк жағдайда әрбiр дуополист өз өнiмiмен:


А) Бiрдей баға болғанда нарықтық сұраныстың үштен бiрiн қанағаттандырады
Б) Бiрдей баға болғанда нарықтық сұраныстың жартысын қанағаттандырады
В) Бiрдей баға болғанда нарықтық сұраныстың төрттен бiрiн қанағаттандырады
Д) Бiрдей баға болғанда нарықтық сұраныстың бәрiн қанағаттандырады

10. Олигополияда фирмалар көп пайда алады, егер:


А) Келiсiмге отырса
Б) Бағалық қақтығыстар жүргiзсе
В) Өнiм көлемi бойынша бәсекеге түссе
Г) ағаны төмендетсе
Д) Дайын өнiмге шегiрiм жасаса

11 тақырып. Өндіріс факторларының нарығы



  1. Өндіріс факторлары туралы түсінік.

  2. Өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс және ұсыныс.

  3. Еңбектің нарықтық ұсынысы.

  4. Өндіріс факторларының нарығындағы монополиялық билік. Қоғамның шығындарын сызба түрінде талдау.

Өткен тақырыптарда тауарлар мен қызметтер нарығындағы бағаны қалыптастыру принциптері қарастырылған болатын, яғни осы уақытқа дейін тек тауарлар нарығында ғана қалыптасатын тепе-теңдік механизмдері туралы субъектілердің шешім қабылдаулары зерттелген болатын. Жалпы осы тауарлар нарығының орын алуы өндіріс факторларын қолданусыз мүмкін емес. Фирмалар белгілі бір өнімнің түрін өндіруі үшін өндіріс факторларын үй шаруашылықтарынан сатып алуы қажет. Керісінше, үй шаруашылықтары игіліктерді тұтынуы үшін өздерінің қолындағы ресурстарды сатуы керек. Шеңберлі айналым үлгісі түрінде қарастырылатын экономика фирмалар мен өндіріс факторлары иелерінің арасындағы нарықтық айырбас механизмін сипаттайды. Сондықтанда ресурстар нарығының әрекет етуі мен оларда қалыптасатын баға механизмдерін талдау микроэкономикалық талдаудың аса маңызды және қажетті аспектісі болып табылады. Өндіріс факторларының бағалары табыстарды қалыптастырады, осы табыстардың көлеміне игіліктерге деген тұтынушылық сұраныс көп жағдайда тәуелді болып табылады. Сол ресурстардың бағалары ғана өндіріс шығындарының деңгейіне белсенді түрде әсер етеді, ал олай болса, олар тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдіктің шарттарына да әсер етеді. Және соңында, ресурстардың бағалары өндірісте осы ресурстардың қалай бөліну керектігін анықтайды. Алайда, ресурстар нарығындағы баға белгілеудің принциптері дайын өнімдер нарықтарындағы баға белгілеуге ұқсас болғанымен, оның өзіне тән ерекшеліктері мен қиындықтары болады. Өндіріс факторлары нарықтарының тауарлар нарығынан басты айырмашылығы, ол сатушылар мен сатып алушылардың рөлдерінің ауысуында көрініс табады. Мұнда фирмалар ресурстарды сатып алушы, ал үй шаруашылықтары ресурстарды сатушы ретінде қарастырылады, сәйкесінше, үй шаруашылықтары ресурстардың ұсынысын қалыптастырса, ал фирмалар осы ресурстарға сұранысты білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет