Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 18. 09. 2013ж «Мемлекет және құқық тарихы»



бет2/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#18228
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ежелгі Үндістан.


Ежелгі Үндістан мемлекеті тарихының кезеңдері. Сословиелік-варналық жүйенің қалыптасуя (брахмандар, кшатрийлер, вайшилер, шудралар) және алғашқы «тайпалық мемлекеттердің» пайда болуы. Маурилер империясы. Империда мемлекеттік бірлікті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Монархия және қауымдық ұйым. Патша билігі. Орталық және жергілікті шенеуніктік аппарат. Алқалы органның маңызы. Әскер. Сот.

Құқықтың қайнар көздерінің арнайы сипаты: әдет ғұрып, дхрамашастра, артхашастра, дхармашастраға түсінік. Дін мен құқықтың байланыстылығы. Ману Заңы (б.з.д. IІғ. – б.з. II ғ.). Мүліктің және отбасылық қатынастарды реттеу. Қылмыс және жаза. Соттық іс жүргізу.


Ежелгі Қытай.


Ежелгі Қытайда мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Шань Инь династиясының алғышқы мемлекеттік құрылымы (б.з.д. XV – XІ ғғ.). Алғашқы орталық танған Цинь мемлекетінің құрылуы. Легизм және Шан Ян реформалары (б.з.д. III ғ.).

Хань династиясының орталықтанған империясы (б.з.д. IIIғ.). Деспотиялық Қытайдың дәстүрлі орталықтанған басқару жүйесінің қалыптасуы. Император Ван Ман реформалары (б.з.д I ғ.). қаржы, әскери және цензорлық және т.б. ведомствалардың рөлі. Шенеуніктіктің құқықтық мәртебесі. Әскер. Сот.

Дәстүрлі құқықтың қалыптасуы. Құқықтағы легизм және конфуция ағымдарының күресі мен өзара байланысының көрінісі. Құқықтың қайнар көздері. Конфуциялық мораль нормасы «ли» және құқық. Отбасылық-неке қатынастарын реттеу. Соттық іс жүргізу.
Пысықтау сұрақтары:

Ежелгі Египеттегі 3 акт бойынша жердің қолдан қолға өту тәртібі?

Қандай Ежелгі Шығыстық мемлекетте үй иесі әйелі мен балаларын кері сатып алу құқығынсыз құлдыққа сата алды?

Ежелгі Вавилонда жерге аренда мерзімі?

Ежелгі Вавилондағы сатып алу-сату шартының 3 шарты?

Ежелгі вавилонда төленбейтін борыштардың орнын толтыру мерзімі?

Ежелгі Египет және вавилондағы әділ сот құдайы?

Ежелгі Египеттегі тұлғаға қарсы қалмыстардың ішіндегі ең ауыры?

Б.з.д. ХҮІІІғ. өмір сүрген алғашқы Вавилон династиясының алтыншы патшасы кім?

Ван Ман реформасы бойынша әр отбасы қандай мөлшерде жер көлемін иелене алды

Ежелгі Үндістанда меншік құқығының пайда болуының 8 мүмкіндігін атаңыз?
Тақырып 2. Ежелгі греция және Рим мемлекеті және құқығы

А) антикалық полис

Б) Афина және Спарта басқару жүйесі

В) принципат және доминат

Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен белінеді.

Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы' қам-тамасыз етілген болатын.

Бүкіл Афин халықын біріктірген Тезей деген базилев­с, ол барлық рулардың басьш қосты. Тезейдің саясаты «синойкизм» деген терминмең аталды. 6ул сөз «біріктіру» деген магынаны білдіреді. Гректердіц төрт руыныц косылуына объективтік себептері бар. Онтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу қаупі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бүрын Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын' Бүкіл Аттиканың бірлесуі XI-X ғасырлар. Жаңа бірлескен өкіметтің ба-сында рулардың ақсүйектері тұрды.

Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар және демиургтар болып үш бөлікке белінді.

Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың әкесі де, атасы да ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бөрі де ірі жер иелері еді.

Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар - колөнершілер.

Аттиканыц бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға үйымдасуына себеи болды. Оныд аты-Ареопаг, Арес соғыс қүдайының аты. Ареопаг Арес тауында жиналды. Бүл кезеңде Афинаның рулық қүры-лысы озгеріп, ол енді 4 филаға болінді, әрбір фила 3 фратрияға болінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан түратын болды. Афина қүдайы бүкіл Аттиканың қүдайы деп саналды.

VII ғасырда Афины окіметі 12 навкарияға бөлінді, әрбір навкария согыс уақытында бір кеме жабдықтайтын. Бүлда мемлекет болудыц белгісі еді.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын ролі томендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қоддады. Археопагтыңхқрлында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай өткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына түрып айыптайтын созін айтса, айыпкер өкпе тасына түрып сөзін айтады. Екі жақ та шындығын айтып түрғаны туралы қүдайга ант береді. Ареопагтың мүшелері оздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына және ажал урнасына боліп салатын.

Бүрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолы­на көшті де, солардың нарыктық жағдайын корғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48навкарияларға болінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін болды және архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жа-ңадан екі алқа күрылды. Бүл сала аумактық боліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді.

Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет күрамына енгізілді, олар аткарушы үкімет болды. Бүл қызметке алған адамдар 10 жылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын бол­ды.

Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-полемарх, калган алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы архонттардың бөрі ареопагқа кірді.

Біздін дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Дра-конт жазған қүқық нормалары халықка жарияланды. Олар тарихқа "дра-конт зандары" деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып кетті.

Драконт зандарының шектен тыс қаталдығы алдымен үрлық үшіи берілетін жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын үрлық жасаған адам өлім жазасына тартылатын. Үрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт заңдарына ғана тән емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық когамның заддарына тән нәрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келгеп жеке меншіктің қалыптасу және нығаю процесін корсетеді. Драконт зан­дары қанға қан алатын кекшілдікке шек қойды, олген кісіні жерлеген уақьпта моласында найзаны жерге қадаса, өлген кісінің балалары оған жаудан кек алатынан көрсеткені. Бірақ Драконт заңы кісі елтірушіні азаи-тауға тыйым салады. Бүл заң кастықпен әдейі олтіру жоне абайсыз олтірудің айырмашылығын айтқындауды кажет деп санайды. Дегенмен Драконттың ауызша қарапайым қүқықты қағазға түсіріп жазуы, қанга қан алатын кекшиідікке шек қойып, жеке меншікті қорғауы, сот ісінің барысын анықтап, айқындауы оз кезеңі үшін прогрессивтік болды.

Заңның қағазға түсіріліп, қабылдануы демос пен евпатридтер ара-сындағы қайшылықтарды токтата алған жоқ. Өйткені ол демостың на-рықтық жағдайын кандай да болмасын дәрежеде айтарлыктай озгерте алмады. Оның бүрынғысынша қүқыксыз калган жағдайы тіпті ескерілгеи де жоқ. Ал демостың күші барған- сайын арта түсті. Түрғылықты демос басқа полистерден келген гректермен толықтырылып отыратын.

Б. д. дейінгі 630 жылы эвпатридтерге карсы Килон қуғын-сүргіні болып отті. Бірақ ол жеңіске жете алган жоқ. Б. д. дейінгі 594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның алдында екі мак-сат түрды: Афина полисін басқару және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинага багындыру. Саламин аралы Афинанын Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға колайлы орналасқан, сондықтаи оны өзіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі.

Афина мемлекетінің басты билік органдары – халық жиналысы, бесжүздіктер кенесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер,архонттар комиссиясы болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы – эклессия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ төбе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар Ат-тиканың қала түрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру, жаттығуларын үйренуі үшш Пир ауданында бірге жиналады. Бір жыл оқудан кейін олар күзет қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20 жасында Аттика азаматтары деп санала­тын болды. Олардың үстазы-софронистер өте беделді, белгілі адамдар, оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп түрды, олар 500-діктер кеңесінің мүшесі деп саналды. Афина азаматтарынын негізгі қүқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік, жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық кемек алу жататын. Ал міндеттеріне мүлікті сақтап үстау, өзі түрған полиске көмек беру, отанды қорғау, үкіметтің заңын орындау, қүдайды сыйлау, мемлекет ба-сқару ісіне белсенді қатысу кіретін.

Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер - метектер және сондай-ақ қүлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Ха-лық жиналысының ең біріншісі негізгі, басты деп атадды. Бүл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің есебін тыңдайтын, егіы жағдайын және мемлекеттік қауіпсіздік сақшысының ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір рет жиналды. Басқа жиналыстары Афина саясатының бар-лык негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін, қаржы мәселслерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін, өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тындайтын және сондай-ақ күнделікті кептеген мәселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында әрбір афина азаматы кез келген мәселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық дауыспен қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бүршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар ыдыстыц сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн бүрын халық жиналысының күн тәртібін жария-лайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы халық жиналысына қатынасқан азаматта-рға ақы төлеу тәртібі енгізілді.

Халық жиналысынан тысқары озге де демократиялық мекемелер омір сүрді. Дегенмен, өздерінің маңызы женінен олардыц ешқайсысы халық жиналысымен теңесе алмайтын. Афина халык жиналысының қызмет бабы ете кең болатын. Онда: заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржы-ның қалай жүмсалғанын тексеру, жоғарғы сот қызметін откізу, халык жиналысын басқару органдары болды. Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып түрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бүрын докимасияға салынды. Бссжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы комиссиялары деген қызмет орган-дары болды.

Архонтар. Афина түрғындары архонттарды сайлады. Бірінші архонт соттың торағасы болды және басты діни кызметті аткарды. Екінші ар­хонт-базилевс, ол дін салтын басқарды, үшінші базилевс-полемарх күрбандық шалу қызметінде, калган архонттар-фесфомет кызметінде болды. Буле-бесжүздіктер кеңесі. Бүл кеңес халық жиналысы талқылауға тиісті мәселелерді әзірлеп, олардыц күн тәртібін белгілейтін. Бүдан тыс-кары бесжүздіктер кеңесі Афинаньщ қызмет адамдарыныц істерін қарай-тын.

Булевтерді әрбір аумактық филадан жасы 30-ға келген 50 ер адам сайлайтын. Булевтерді докимасиядан откізеді. Әрбір булевтің ойын, жүріс-түрысын, бет алысын, міндетін және қүқығын тексереді. Булевтер міндетке ие болудан бүрын озінің жүмысын адал атқарамын деп халыққа ант береді. Булевтер басына жасыл жапырақ кадап, сайланган уақыты біткениен кейін оз жүмысы туралы сайлаушылары алдында есеп беріп отырады.

Бесжүздіктер кеңесі. Бесжүздіктер кеңесінің қызметі. Бүл жоғарғы ба-' скару органы болып саналды. Бесжүздіктер кеңесі қаржы жүйесінің ба-сқару органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анықтап, үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жәр-дем ақша берді. Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.

Бесжүздіктер кецесі гибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дық қүрылыстардың қамын ойлады.

Бесжүздіктер кецес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық фила­дан сайланган 50 кецес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн жүмыс істейтін. Бүл уақыт-притания, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50 адам 36 күн үлкен базардың жанындагы дөнгелек үйде бірге түрып, мемлекетті басқарған.

Гелиэй. Гелиэй - ант берупіілер соты - ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Бар-лығы 6000 судья сайланатын, олардың ант берген 5 мыңы 501 кісіден он комиссия қүрды. Ал бір мьщы косалқы судьялар еді. Афина соты 10 комиссияға болінді. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша кеп болуы-олардың тек афины азаматтарына ғана емес, езгелелерге де қыз-мет етуіне байланысты еді. Мүнда Афинаиың барлық одақтастары, бас-каша айтқанда, іс жүзінде Кіші Азия жағалауының, Оңтүстік Франция-ның және Эгей теңізі аралдарының барлық түрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.

Гелиэйда бірде бір азамат езінің ісі қай комиссияда каралатынын алдын ала білмейтін. Ол мүны сот болатын күні немесе мәжіліс баста-лардыц алдында ғана білетін. Мүндай ереже сот қызметкерлері пара ал-мауы үшін қажет болды. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері немесе айыпталушы шығып сейлейтін, соңцай-ақ олар-дың туыстары да сейлей алатын. Сотта сөйлейтін сездерін оларға заңгер-лер жазып береді. Жазылган сөзді жаттап алып, жылдам әрі дүрыс айту шарт еді. Соттың мәжілісі ашық өтті. Екі жақа дәлел келтіріп, біреуді куәлікке салды.

Құлдардың сотқа берген жауабы оларды тек қинағаннан кейін ғана дүрыс деп саналатын.

СПАРТА


Біздің дәуірімізге дейінгі VH-VIII ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде ежелгі Спарта мемлекеті емір сүрді. Мемлекет Спарта деп аталғанымен, ол ел өздерін Лакония деп атады. Спарта ежелгі Грекияның тарихына үлкен із қалдырған ел. Спарта мемлекетінгң пайда болуына алып келген себептердің ерекшеліктері болды. Олардың бірі - таптық қоғамның пай­да болуына соғыс эсер етті. Жеңіп алған дорийцтер жергілікті ахей тай-паларымен бірігіп, Спарта қоғамын қүрды. Олар көрші Мессенияны бірігіп жаулап алды да, өздерінің жерлерін кеңейтті.

Спартаға біз саяси демократиялық мемлекет деп мінездеме береміз. Жаулаушылар жерге, қүлдарға жеке меншік күрып, оғам таптық сарала-уды өткізді, спартиаттар үстем тапқа, жеңіліп қалған түрғындар қүлда-рға және қүқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар деп аталды. Илоттардың жерлері ең қүнарлы болатын, сондықтан олар өздерініц жерлерін спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен соғысты. Лако-нияның басқа шаруалар қауымы Спартаға бағынып, өздерінін жерлерін бере салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға қарағанда периэктердің қүқықтары коп болды. Өздерінің қауымында олар азаматтық қүқықтар-ды пайдаланатын, бірақ Спартаның озінде олар екінші сортты адам деп саналып, үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен Спартада 3 тап пайда болды: олар спартандықтар, илоттар және периэктер еді.

Дорийліктер өздерін басты қаласы Спартаның атымен спартандық-тармыз деп атады.

Пелопонестің аумағында, таулы жерлерде түратын тайпалар, сондай-ақ дорийліктерге оз еркіменен бағынған ахейліктердің кейбіреулері пе­риэктер деп аталды. Бүлар толық қүқылы азаматтар болмаса да, қүлдыққа түсе қоймаған халық.

Илоттардың қүқығы қүлдардың қүкығына жақын екені белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері: спартандар, периэктер жөне илот­тар осылай бөлінді.

Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін алып болған-нан кейін оларды 9000 жер учаскесіне болді. Сол жер учаскелері спар-тандарға таратылды. Учаскені белуге болмайтындай етіп, илоттармен бірге берідді. Әрбір жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары түратын еді. Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.

Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, әлсіз болып туылса, оны әкесіне шатқалдан лақтыруға бүйы-ратын.

Денсаулыгы дүрыс мықты баланы тірі қалдыратын да, ол жеті жаска дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.

7 жастан бастап бала коғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жаскз дейін уақытын откізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: "Ликург заңымен балаларды ақысына жүмыс істейтін мүғалімдерге откізуге болмайды" Балалардың 12 жасқа дейін окитын жері Агела деп аталды. Агеланы ең күшті, ақыл-ды бала басқарды.

Мектептің тәртібі оте катал болатын. Балалар қатты тесеніште жас-тықсыз үйыктап, жеңіл көрпе ғана жамылатын. Олардың киімі де жеңіл болатын. Қысы-жазы жалаң аяк, жалаң бас жүретін. Олар ыстыкты қалай котерсе, суықка да солай шыдауы керек еді.

Спарта балалары озара коп төбелесетін еді. Қарттар олардың тебелесіне қаран, балалардың мінез-қүлқын зерттеп отыратын. Спарталықтар ба-лаларын төзімділікке тәрбиелеу үшін, оларды аштық пен сусын ішпеуге үйретті. Кейбір күндерде оларға су бермейтін. Оларды жараның ауырға-нына шыдауға үйрететін.

Мектепте балалар дене шынықтырумен және әскери іспен шүғыл-данды. Тәрбиенің максаты - күшті де шыныққан жауынгер өсіру еді. Олар оқуды, жазуды, санауды, ән салуды және билеуді, патриоттық та-қырыпка олең оқуға үйренді. Философиямен, онермен айналысуға рүқсат етілмеді. Балалар мейлінше қысқа да ыкшамды сөйлеуге үйретілді.

Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Спарталықтар денсаулығы жақсы бала тек денсаулыгы жақсы анадан ғана туады деп санайтын. Сондықтан қыздар үй тіршілігімен айналыспайтын. Мүның бәрін илот әйелдері істейтін. Спартаның әйелдері ерлер сияқты бала күнінен бастап гимнастикамен және спортпен шүғыл-данды.

Қыздар ұл балалар сияқты оқитын, жаза және санай алатын. Спартандар кәмелет жасқа жеткенде үйленін, шаңырақ қүрды. Бірақ олар-дың кейінгі емірі таза әскери сипатта болды. Күні бойы олар әскери отрядта, сол оздері мектепке бірге оқыған жолдастарымен бірге болды. 20 жасынан бастап еркін спартандар сисситияга қатынасады, жерге кожа болады. Сисситияның мүшесі болу үшін белгілі бір мөлшерде заттай үлес қосуы тиіс еді.

Сисситияның әрбір мүшесі үн, арақ, май, ірімшік, жеміс тәрізді оз үлесін екеліп тапсырады. Сисситияда олар әскери жаттығуларды бірге жасап, бірге тамақ ішті. Сисситияныд мүшелері "тең адамдар қауымыпа" кірді және барлық саяси қүқықтарды пайдаланды. Егер спартандык кедейленіп, сисситияга озінің үлесін қоса алмайтын болса, ол қауымнан шығып қалады, содан барып «тең адамдар қауымынан» да шығарылатын. Сөйтіп ол саяси қүқықғын да жоғалтатын.

Спарта азаматтары 30-ға жаска толғанша өзінің қүкығын толық пай-далана алмады. Оған базарға барып бірдеме сатып алуға рүқсат берілмеді, озіне керек заттарын ол 30-ға толган туысқандарына сатып алғызады.

Рим жергілікті патриархалдық қауымға жататын. Патрицийлер ру, курия және трибаларға бөлінетін. Рим үш трибаның одағы болатын. Бір курия он рудан, триба он курийден тура-тын. 3 трибаның әрқайсысы жүз рудан, ал бүкіл кауымның халқы үш жүз рудан қүралатын. Ру бірлестіктеріне кіретін азаматтар өз әскерлерін қүратын. Халық жиналысына қатынасып, қауымның алгашқы мүшелері болып саналатын. Алғашқы толық қүқықты азаматтыкты тек патриций­лер иеленді.

Әрбір рудың аты болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесіне, атап айт-қанда сот қызметін жүзеге асыратын санаға енді. Ең басында Рим қауымы 300 рудан түрғандыктан, ежелгі сенат 300 сенатордан түрды. Сенат омірлік көсемді сайлады. Патша Сенаттың төрағасы болып, бүкіл қауым атынан қүдайга қүрбандық берді және "легиондарды" басқарды. Ең маңызды мөселелер курияның, рудың халық жиналысында қойылып отыратын.

Халықтың ең ауқатты бөлігінен түратын бірінші топтың жүздіктеріндегі адам саны небары оншақты еді. Керісінше, соңғы топ жүздіктеріңде аза-маттардың саны жүзден едэуір асып, ал ақырғы центурияда 4 мыңға дейін жетті. Соиымен дүрыс шешілсе, 1 топ шешімі дүрыс және қуатты болып шыгады. Олар 193 дауыстан 98 дауыс береді. Басқа топтар дауыс беруге қатыспаса да болатын, ойткені олардың дауыстарының ешқандай кажеті жок еді.

Сервий Тулий реформалары Рим патрицийлері арасында наразылық-тар туғызды. Осыны иайдаланып Тарквииий Суперб озінің алдындағы патшаны өлтірген. Бірақ біраз уақыт откен соң өзінің зорлығымен және қаталдығымен Тарквиний жалпы жүрттың наразылығына үшырады. Б. д. дейінгі 510 жылы Рим халқы патшаға қарсы көтеріліп, оны Рим жерінен қуып шығарды.

Патрицийлерге карсы плебейлер күресінің ең ірі нәтижесі рулық-тай-налық қатынастардан қүл иеленушілік мемлекет күруы болды. Плебей­лер-Рим аумагына кошіп келген адамдар. Олардың қүқықтары шектел-ген болатын. Оларга патрицийлермен неке қиюға, жер сатып алуға, әс-керге қатысуға болмайтын. Өздерінің жағдайларын жақсарту үшін пле­бейлер патрицийлермен күресті. Плебейдің жеңісі ескі рулық қүрылыс-ты өзгертті де, оның орнына мемлекет қүрылды. Мүның ішінде рулық аристократия мен плебей кешікпей мүлде жойылып кетті.

Сервий Тулий реформалары. Б. д. д. VII ғасырда Сервий Тулий патша Римде саяси және экономикалық реформа жүргізіп, плебейлердің жағ-дайын жаксартты. Ол плебейлерді халык, жиналысына қатыстыратын болды. Азаматтардың куриялары және ежелгі жиналысымен катар илебсйлсрді Рим жасағы қатарына да ресми жіберуге жол берген Сервий Тулийдің реформалары. Жауынгерлер центуриагтың комицияларын қүрды. Жауынгерлер мүліктік белгілеріне сәйкес бес топқа болінетін. Байлық мөлшері асспен саналды. 1. 100000 асе, 2. 75000 асе, 3. 50000 асе, 4. 25000 асе, 5. 11000 асе. Одан кемі - пролетарийлер. Сонымен, бірінші топка мүлігі 100 мың жез ассыларға бағаланған неғүрлым ауқатты аза­маттар жатқызылады. Олар толық қару-жарақтанған 18 атты және 80 жаяу әскер жүздігін беруге міндетті болды. Центуриат комицияларында дауыстар жүздіктер бойынша берілді. Бір жүздік бір дауысқа ие болды. Сүрақ қою бірінші топтың азаматтарынан басталды, олар 193-тен 98 да-уысқа ие болды. Ал қалғандарының 95 қана дауысы болды. Ең кедей азаматтар ақырғы центурияға біріктірілді. Бүл "пролес" яғни "балалары-нан, түқымдарынан басқа еінтеңесі жоқ адамдар" еді. Оларды әскери қызметке жібермеді. Сервий Тулийдің жүргізген реформасы Римнің әскерін күшейтіп, плебейлер мен патрицийлердің қүқығын теңдеді. Ре-формадан кейін патрицийлер бәрі жоғарғы биліктегі міндеттерді оздері иеленді және жер алу қүқығын сақтап калды. Плебейлер мен патрицийлердің езара қатысы мүнымен шектелген жоқ. Сырттай ескі трибаларға бөлуді сақтай отырып, Сервий Тулий трибаларды ежелгі ру одағынан аумақтық болініске айналдырды. Ол бүрын әкімшілік округ-тарда ғана болған 4 аумақтық трибалар күрды. Кейін осындай трибалар-дың саны біртіндеп осіп, б. д. дейінгі 1 ғасырда 35-ке дейін жетті.

Рим аристократиялык республикасы. ^^J^*"

Мемлекеттік қүрылысы. Б.д. дсйінгі V-VI гасырлар бойында иатрицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі орістеді. Б. д. д. 510 жылы Римде республика қүрылды. Патшаның орнына 2 консулды сайлайтын болды. Рим респуб-ликасының тарихы 500 жылдан асады. Бірақ Римде республика қүрылғ-анымен, қоғамдық қүрылыста айтарлықтай озгерістер бола қойған жоқ. Рим ерте республикалық кезенде полис, яғни, еркін қүл иеленушілік сипатындағы азаматтық қауым болып қалды. Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен шүғылданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзім, зәйтүн егіп, осірді, бақша шаруашылығымен шүғылданды. Диқандар темірді еңбек қаруы ретінде қолданды. Олар ірі және үсақ қара мал, шошқалар өсірді.

Б. д. д. V-III ғ.ғ. Рим мемлекеттік қүрьигысының түжырымдалу процесі жүрді. Мемлекеттік екімет органдары-халық жиналыстары, магистрату-ралар, Сенат болатын. Рим республикасының жоғарғы мемлекеттік органы б. д. дейінгі 1 ғ. басына дейін 300 адамнан түратын Сенат еді. Сенатор-ларды цензорлар тағайындайтын. Сенаторлардың көбі омір бойына се­натор болып қалды. Кез келген адам сенатор бола алмайтын. Ақсүйек рудан шыққан, жасы 60-қа толған, өуелі диктатор, консул яғни, претор болып істеген адам гана бул лауазымга сайлана алатын.

Сенат заң қабылдамайтын, бірақ ол занды талқылау қүқығын иеленген еді. Бүл функцияны ол жаңа заң қабылдағандай шебер қолдана білді.

Сенатты магистраттар ғана шақыра алатын. Мәжілістерге төрағалык етуші Сенаттың қызмет бабы өте жоғары еді.

Ол мемлекет мүлкіне басшылық жасады, қазынаға иелік етті, бюджетті, салықты белгіледі. Ол комиция қаулыларын, ол сайлаған қызмет адам-дарын бекітіп, сыртқы саясатқа басшылық етіп, діни тәртібін бакылады.

Сенат республиканың әскери емірін басқарды. Жауынгерлерді жинау мерзімін, әскерлер контингентін, әскери бастықтар өкілдігін белгіледі. Бакылау мақсатын көздеп, елшілерін өзі соғыс жүргізіп жаткан магист-ратқа жіберіп отырды. Рим Республикасының аристократиялық ерекшелігі Сенаттың рөлінен-ақ көрініп түрды. Сенаттың ықпалы орасан зор бол­ды.

Аристократиялық республика халық демократиясының көп белгісін сақтап қалды. Халық жиналыстары - сол демократияның бір көрінісі. Ең маңызды мемлекеттік органдары - халық жиналыстары. Олар комиция деп аталды. Римде комициялардың үш түрі бар.

Куриялар жиналыстары (комициясы). Римде ежелден келе жаткан комиция жиналыстары болатын. Бүған үкіметтің жоғарғы иесі, әкесі мен шешесінің азаматтық қүқығы бар, толық қүкылы Рим азаматтары (пат-рицийлер) жататын. Рим азаматтары халык жиналысына қатысып, мемлекеттік қызметке алынып, жеке меншікке ие болып, Рим әскерлерінде қызмет ете алатын.

Халық жиналыстарыныц тағы бір күрделі түрі - центуриаттық коми-циялардың маңызы зор болды. С. Туллий жүргізген реформадан кейін олардыц саны 193-ден-373 дейін көбейді. Центуриаттық жиналыс патри-цийлер мен плебейлердің жиналысы болатын. Бүл жиналыстарды жоға-рғы қызмет адамдары қаланың шетінде, Марс алаңында шақырды. Ма­гистрат жиналыс алдында шешілетін мәселені қойып, дауыс беру ісін жүргізуді биледі. Алғашқы дауыс беру центурия ішінде өтті. Әрбір центу-рияда бір-бір дауыстан беретін. Центуриат жиналысының қызметтік ықпа-лы күшті болатын, біріншіден олар қабылдайтын, центуриат комицияла-ры Рим халқының еркін білдірді. Олар жоғарғы кызмет адамдарын - кон-сулдарды, преторларды, цензорларды сайлады. Соғыс жариялау жөне бітім жасау мәселелерін шешті. Комиция қабылдаған заңдарды бекітті.

Қатты жазаға үшыраған азаматтардың шағымын қарайтын таблица зандарын қабылдау Рим плебейлерінің үлкен жеңісі болды. Патриций мен плебейге ортақ зандар плебейлерді патрицийлердің жүгенсіздігінен қорғауға тиісті болды. Эдилдер плебей трибундардың көмекшілері бол­ды.

Б. д. Д. 445 жылы Канулейдің заңы қабылданды. Ол плебейлерге пат­риций әйелдерге үйленуге рүқсат етті. Б. д. дейінгі 409 жылы плебейлерді квестор етіп сайлайтын болды. Кейін оларды-367 жылы-консул, 364 жылы-куруль эдилі(курульный эдил), 366 жылы-диктатор, 351 жылы-цензор, 337 жылы-претор ретінде сайлап қоятын болды. Б. д. д. 287 жылы Яни-куль төбесінде плебейлердің ақырғы жиналысы болды. Плебейден шық­қан диктатор Квинт Гортензий халықты тыныштандыру үшін, трибут комициялардың шешімі бойынша жалпы мемлекеттік зандары болатын-дығын тағы да растайтын заң шығарды.

Рим халқының төменгі жігі қүлдар болды. Бүлардың көбі соғыс түтқындары еді. Басқалары көршілес тайпалардан немесе осында келген қүл сатушылардан сатып алынатын. Қүлдарды толықтырып отырудың маңызды көзі - кіріптарлык, күлдық болды.

Онер мен сауданың дамуы Рим плебейлердің жіктелуіне әкеліп со-қты. Плебейлер арасынан сауда-қолөнер шонжарлары шықты. Екінші жағынан плебейлер саны өсті. Плебейлердің патрицийлермен нарықтъіқ түргыдағы күресі жер үшін күрес болды. Кедейленген плебейлердің кіріптарлығын жою талаптары күресті қиындата түсті. Б. д. д. V-VI ғасыр-ларда плебейлер нарықтық және саяси қатынастарда патрицийлермен теңдік жолындағы үзақ күреске кірісті. Олар патрицийлер ие болып отыр-ғандай азаматтық қүқықтарды, магистратураларды, Сенаттан орын алу қүқықтарын талап етті.

Плебейлердің патрицийлермен күресінің басталуы б. д. д. 494 жылға жатады. Эквалармен соғыс кезінде ауыртпалық тартқан плебейлер Рим өскерлеріне қызмет етудеи бас тартты да, Римді тастап, Әулиетау үстіндегі лагерьде түрды. Плебейлердіц Рим әскерін тастап кетуінен шошынган патрицийлер оларға кеңшілік жасауға мәжбүр болды. Плебейлердің дер-бес үйымдасу қүқығы танылды. 493 жылдан бастап олардыц өз ортасы-нан б. д. д. олар екі лауазымды адамды халық трибундарына сайлай алды. Трибундар сенат пен магистраттардың плебейлердің мүдделеріне қайшы келетін шешімдеріне тыйым (вето) салу қүқығын алды. Сонымен, олар­дыц міндеті плебейлерді иатрициан магистраттары мен сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болды. Алғашында 2 трибун, содан соң 4, ал кейінірек 10 трибун сайланды.

Б. д. д. 449 жылы 12 тақтаға ойылып жазылған зандар форумга қой-ылды. Атам замангы патрицийлермен катар Римде еркін халықтың тобы-плебейлер де пайда бола бастады.

Плебейлер патрицийлердіц рулық бірлестіктеріне кірген емес. Ежелгі заманда жер иеленуге қүкығы болмады. Бүлардың копшілігі қолонермен және саудамен шүғылданды. Плебей азаматтық қүқықтарға коп қол жеткізе алмады. Бірақ уақыт өткен сайыи оларды Рим әскери жасағы-ның қүрамына енгізетін болды. Плебейлердің салық толеп, өскерге қыз-метке араласуы нақты көрініске айналды.

Плебейлердің қалай пайда болғаны бірнеше болжам бар. Қазіргі зерттеушілердің пікірі бойынша, плебей халқының тегі ішінара еркін қоныс аударушылардан, ішінара еркіндікке жіберілген қүлдардан, Римде қоныс тебуге римдіктер зорлап көндірген кейбір коршілес шағын қала-лардың түрғындарынан қүралды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет