Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 18. 09. 2013ж «Мемлекет және құқық тарихы»



бет4/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#18228
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

  1. Англия мемлекеті мен құқығының орта ғасырда пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері

  2. Орта ғасырылық Англиядағы басқару органдары

  3. Орта ғасырлық Англиядағы әкімшілік-территориялық бөлініс

  4. Англиялық феодалдық құқықтың қайнар көздері


Тақырып 8. Ортағасырлық Германия мемлекеті мен құқығы

Ерте феодалдық монархиялық – герман ұлттық Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.) ;

Германия князьдіктерінде сословиелік өкілетті монархиялық қалыптасуы мен нығаюы және курфюрстер олигархиясының орнығуы (ХІV- ХVІ ғ.ғ.)

Германия мемлекетінде князьдық абсолютизмінің орнығуы ХVІІ-ХІХ ғасырдың басы).

Пруссия мемлекетік құрылысы

Германия дербес мемлекет ретінде Франк мемлекеті құлаған кезде пайда болды. Алғашында ел Тевтондық мемлекет деп аталды. Оған Швабия, Бавария, Франкония, Саксония және Лотарингия кірді.

Кезеңге бөлінуі.

1-кезең – ерте феодалдық монархиялық – герман ұлттық Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.) ;

2-кезең – Германия князьдіктерінде сословиелік өкілетті монархиялық қалыптасуы мен нығаюы және курфюрстер олигархиясының орнығуы (ХІV- ХVІ ғ.ғ.)

3-кезең – Германия мемлекетінде князьдық абсолютизмінің орнығуыХVІІ-ХІХ ғасырдың басы).

Ертефеодалдық монархия.

Көршілес ұлттардың көмегімен территорияның кеңеюі нәтижесінде Европа орталығында ХІІІ ғасырда Герман ұлтының «Қасиетті Рим империясы» деп аталатын империя пайда болды. Оның құрамына герман герцогтіетері және Солтүстік Италия мен словенияның мәжбүрлеп қосып алған жерлері кірді. Бұл әр халықты (неміс, славян) біріктірген жасанды мемлекет еді. әлсіз болғандықтан, жеке неміс қаладағы республикалық және дербес князьдігінің бөлінуіне әкеп соқты.



Қоғамдық құрылыс.

Бұл кезеңдегі тұрғындардың негізігі қабаты – феодалдар мен шаруалар болды. Феодалдар верхушка мен рыцарьлықтан тұрды, ал шаруалар бірнеше категорияларға бөлінді : еріктілер - өз жерін өзі иеленуші ; чиншевиктер – басқалардың жерін ұстаушылар және сол үшін чинш-оброк төлеушілер ; басыбайлы шаруа және халықтар және қалалықтар – саудагерлер мен қолөнершілер,

Германияның мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшеліктері болды.

а) король (император) сайланбалы болды.

б) жергілікті феодал, әсіресе князьдық билігінің лауазымдылығы сонша, тіпті олар дербес государьға айналып кетті. Формальды түрде герман королінің билігі кең болғанымен шын мәнінде зайырлы феодалдарға берілген, артықшылықтар нәтижесінде шектеулі еді. Х ғасырда басқарудың сарайлық – вотчиналық жүйесі бекітіледі.

Әскер.

Германияның қарулы күштері бұл кезеңде император-вассалы – рыцарьлардан тұрды. Феодалдық әскери қызметі 6 аптамен шектелді. Қажет жағдайда жасаққа шаруаларда шақырылды.

Сот.

Императордың сот билігі шектеулі болды. Жоғарғы юрисдикция зайырлы және рухани феодалдық жолында шоғырланды. Сословиелік соттар пайда болды. өзіңе тең соттасу принципі бекітіледі. Шаруаларға сот билігін феодалдар жүзеге асырады.



Сословиелік өкілеттік монархия.

Қоғамдық құрылыс.

Таптық құрылыстағы өзгерістер орта феодалдық жоғалуынан, рыцарьлықтың құлауынан көрініс табады. Духовенство 2 топқа бөлінеді. Жоғарғы духовенство – ірі жер иелері және төменгі духовенство – ауылдық және қалалық священниктер. Қала тұрғындарының ішінен жоғарғы қабат – патрициат, ортаңғы топ – шеберлер және тұрғындардың плебейлік бөлігі – подмастерья бөлініп шығады.

Мемлекеттік құрылыс.

Князьдықтың экономикалық нығаюы сәтінде Германияның саяси ыдырауы өседі. Бұл кезеңде Германияда дербес мемлекет құқығы бар 324 территориялық бірлік, 1475 ерікті рыцарьлық иеліктер болды. ХІV ғасырдың басында мемлекеттері ірі 7 князьдан құралған топ басқарды: Бранденбург, маркграфы, Саксондық герцог, Рейн пфальцграфы, Чехия және Богемия корольдері және Кельн, Майнцс, Трирск епископтары бар. Олар курфюрст деген атаққа ие болды. Курфюрсттер әрбір император сайланардың алдында өз билігін өзі шектейтін өзі ойлап тапқан шарттарды қабылдауы тиіс дегенді ойлап тапты. Бұл талаптар Сайлау капитуляциясы дкп аталады.

ХІV ғасырда өкілетті орган ұйымы – Рейхстаг тұрақты сипат ала бастады. Ол 3 алқадан тұрды : Курфюрстер алқасы, князьдар, графтар алқасы және қала өкілдігі алқасы. ХVІІ ғасырдан бастап бұл алқалар империя сословиесі немесе шен атауына ие болды. әр мемлекетте өзінің сословиесі (шені) болды. Олар оқшауланған тұйық корпорацияны құрады. Көптеген мемлекеттерде 3 тұйық және бір-біріне тәуелсіз курия құрылды. Олар: духовенство, рыцарь және қалалықтар. Бұл курияның жиналысы – ландтаг деп аталады.

Қалалар өздерінің саяси маңыздылығына қарай 3 топқа бөлінді : империялық, ерікті және князьдық немесе земдік.

1495 жылы империялық сот құрылды. Онда барлық мәселелер рим құқығы негізінде шешілді.



Абсолюттік монархия.

Германияда аболюттік монархиялық өзіндік ерекшеліктері болды. Экономияның тұрақсыз дамуы нәтижесінде елде көп уақытқа дейін ыдырау күйінде болды. Бірақ әрбір жеке мемлекетте абсолюттік монархия бекітіліп отырды. Бұл князьдық немесе облыстық абсолютизм болды.

ХVІІ- ХVІІІ ғ. Германияның қоғамдық құрылысы өзгеріссіз қалды. Императорлық билік құрметті атаққа ие болды. Князьдар әскери міндеттен босатылып, императорға алым-салық төлемейтін болды. Рейхстагтың маңызы жойылды. Ландтагтар тек қана көзбояушылық үшін жиналып отырды.

Пруссия.


Барлық Герман мемлекетінің ішінде ХVІІІ ғ. Бранденбург маруграфы ерекше күшейе түсті де, ол 1702 жылы Пруссия корольдігіне айналды. Бұл полицейлік мемлекет еді. Мұндағы негізгі принцип азаматтың кез келген жеке құқықтарын мойындамау, жоққа шығару. Бюрократизм тән болды. Мемлекет басшысы – король болды. Ол курфюрстер алқасына енді. Король жанында жасырын кеңес болды – ол мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы. Ол 3 департаментке бөлінді : сыртқы істер, ішкі істер және юстиция. Пруссияда жергілікті басқару дворяндық өзін-өзі басқаруға негізделді. Дворяндар өз ішінен толығымен орталық билікке бағынатын – ландратты сайлады. Пруссиядағы барлық басқару жүйесі шенеуніктің иерархия – төмендегілердің жоғарыдағыларға толық әрі қатаң бағынуы принципінде құрылды.

Құқығының негізгі белгілері :

Х-ХІІІ Германияда біріңғай құқық жүйесін білмеді : әр еркін саяси территорияда өз құқығы әрекет етті, яғни бұл кезеңде құқықтың басты қайнар көзі – әдет-ғұрып болды.

ХІІІ ғ. әдет-ғұрыптарды жазып көруге тырысты. Олар жеке сипатта болды және олардың ішіндегілерінен Саксондық және Шваб зерцалоларын айтуға болады. Саксондық зерцалоланың негізігі қайнар көзі солтүстік-шығыс Германияның әдеттегі құқық нормасы болды. Ол 2 бөлімнен тұрды :



  1. еркін адамдар арасында туындайтын азаматтық, азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік, мемлекеттік-құқықтық қатынастарды реттейтін земдік құқық.

  2. Феодалдар арасында туындайтын вассалитет қатынастарын реттейтін лендік құқық.

Шваб зерцалоланың қайнар көзі ежелгі герман құқықтары – Бавар, Аллемен правдалығы, император капитулярийі, рим, канондық құқықтары және Саксондық правда.

Құқықтың қайнар көздеріне тағы мыналар жатады : Магдебург және Любекс қалаларының құқықты (ол адамдарды еріктілер, еріксіздер деп бөлмеді және барлық қатынастарды реттеді), рим құқығы , канондық құқық.

1532 жылы рейхстаг жалпы германдық «Каролина» деп аталды қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу уложениесін қабылдады. «Каролина» бойынша қылмыстың мынадай түрлері болды:


  1. дінге қарсы қылмыстар – даулаушылық, антты, сертті бұзу.

  2. Мемлекеттік қылмыстар – опасыздық, билікке қарсы бүлік, земдік бейбітшілікті бұзу, жалған ақша жасаушылық, тонау.

  3. Меншікке қарсы қылмыстар - ұрлық, тонау, өртеу.

  4. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар – адам өлтіру, мүшеге зиян келтіру, зорлау, жала жабу, қорлау.

  5. Адамгершілікке қарсы қылмыстар – 2 әйел алушылық, ерлі зайыптылық сенімді бұзу, жезөкшеліе, араласқандық, жас балаларды азғыру.

  6. әділсоттылыққа қарсы қылмыстар – сот алдында жалған куә ьолу және жалған акт беру.

  7. Сауда тәртібіне қарсы қылмыстар – таразыдан жеушілік, жазалардың түрлері: өлім жазасы, мүшесіне зиян келтіру, дене жзасы, елден қу және айыппұл.



Пысықтау сұрақтары:

Англия мемлекеті мен құқығының орта ғасырда пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері

Орта ғасырылық Англиядағы басқару органдары

Орта ғасырлық Англиядағы әкімшілік-территориялық бөлініс

Англиялық феодалдық құқықтың қайнар көздері

4 тақырып. Франция мемлекеті және құқығы

а) франциядағы феодалдық мемлекеттің құрылуы

б)сословиялық монархияның құрылуы

(X ғ.).Оттан -1 ежелгі феодалдық мемлекет

18ғ Франция буржуазиялық революциясының өндірістік күштер мен феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы өткір қайшылықтар болды. Феодализм елдің объективті тарихи дамуын тежеді. Жаңа формация: өндірушілер, банкирлер, көпестер.

1788ж терең экономикалық дағдаррыс.

Король Бас штаттардың шақырылуы туралы жариялады. Бас штаттардың ашылуы 1789ж 5 мамырда болды. Қаралған мәселелер:



  • депутат өкілеттіктерін тексеру тәсілдері туралы;

  • біріккен және жеке отырыстар туралы ,

  • Бос штаттардың міндетері туралы,

  • 3ші сословие\ буржуазия құқықтары туралы (буржузия).

Буржуазия сайлауды бірігіп өткізуді және шешімдерді дауыстардың көптігіне қарай қабылдауды талап етті. Үкімет даус берудің мұндай тәртібін қолдаудан бас тартты. 1789ж 14 шілдеде халық Бастилияның қамау-түрмесі – король абсолютизмінің символы алынды. Бұл күн Француз халқының ұлттық мерекесі деп есептеледі.

Провинцияларда ескі органдардың орнына өзін-өзі басқару органдарын құра бастады. Олар – муниципалиттер. Ұлтық гвардия – революцияның қарулы күштері құрыла бастады. Ұлттық гвардия басына маркиз Лафайетті қойды.

1789ж 26 тамызда Құрылтай жиналыс 1ші конституциялық акт – «адам мен азамат құқығы декларациясын» қабылдады

Декларация салтанатты түрде адамдардың заң алдындағы теңдгін, ұлттық егемедігін, биліктің бөліну принципіт және т.б. жария етті.

Декларацияда жеке тұлға құқығының және заңдылық принципінің маңызды кепілдері бекітілген: қылмыс болмаса – жаза да жоқ, кінәсіздік презумпциясы (егер сотпен дәлелденбесе, ешкім кінәлі емес деп саналды), жазаның қылмысқа сәйкестігі.

Декларацияда жалпыға бірдей теңдік бекітілді, алайда 1789ж желтоқсанда бірнеше ай өткен соң, құрылтай жиналысының шешімімен сайлаушыларға мүліктік және басқа даценздерді енгізу туралы декрет қабылданды. Барлық азаматтар «белсенділір» және «белсенді местер» деп бөлінді. Белсенді азаматтар болып саналу үшін: 1) француз болу керек; 2) 25жасқа толу керек; 3) 1 кантонда 1 жылдай уақыт тқрақты тұру керек; 4) 3 күндік жалақы мөлшерінде салық төлеуі керек; 5) қызмет көрсетуші (прислуга) жағдайында болмауы тиіс. «Белсенді емес» азаматтар сайлауға қатыспады.

1790ж басында бірқатар маңызды декреттер күшіне енді. Шіркеулік меншік мемлекет қарамағына өтті. АХА жазу құқығы алынды. АХА жазу мемлекетпен бақыланды.

Жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді, Франция 83 департаментке бөлінді, олардың әрқайсысына дистриктер, кантондар, коммуналар кірді. Салық жүйесі бірігіп, дворяндық титул және чиндер жойылды.

1791ж 21 қзанда халықтық көтерілістерді басу үшін қарулы күштерді қолдануға рұқсат туралы декрет қабылдады. 1791ж 14 шілдеде қақтығыстар мен көтерілістердің өткізілуіне тиым салған Ле Шопалье заңы күшіне енді

Конституциялық монархия

1791 ж. 13 қыркүйекте Құрылтай жиналыс конституциялық монархияны ресми заңдастыру үшін конституцияны бекітті. Конституцияға сәйкес заң шығарушы орган деп 2 жылға сайланған бір палаталық ұлттық жиналыс танылды. Атқарушы билік оның алдында жауапты король және министрлерге берілді. Сот билігі сайланған судьяларға берілді. Кассациялық және Жоғарғы соттар бекітілді.

1791 ж. 3 негізгі топтар анықталды:

фельяндар: конституциялық-монархиялық буржуазия мен либералдық дворяндық мүддесін қорғады.

жирондистер: провинцияларды сауда-өнеркәіптік буржуазияны қорғады.

якобиндіктер: ұсақ, жартылай орта буржуазияны, қолөнершілерді, крестяндықты қорғады.

1789-1791 ж. Елдің саяси өмірінде фельяндар басым болды.

Жирандық респубиканы жариялау.

1792 ж. Революциялық монархия еуропаның ірі монархияларының антифранцуздық әскері коалициясының нысанасында болды. Оның мақсаты революциялық Францияны әскери талқандау. Контрреволюция корольмен келісімге кіріп, елді соғысқа итермеледі. Халық якобиндықтарға үміт артты. 1792 ж. 10 тамызда Парижде халықтық көтеріліс болып, король сарайы алынып, Людовик ХVI тұтқындалды. Билік біраз уақытқа Париж Коммунасның қолында қалды. Ұлттық конвент шақыру туралы декрет шығарылды.

1792 ж. 17 тамыздағы Декрет бойынша контрреволюционерлер үстінен Төтенше ылмыстық трибунал бекітілді.

Қыркүйекте Конвнтке сайлау аяқталды. 783 депутат сайланды, олардың 200 жирондисты, 100 якобиндықтар, қалған депутаттар «болоты» деп аталды.

21 қыркүйекте Ұлттық Конвент монархияның жойылғанын жария-етті. 1792 ж. 25 қыркүйекте Конвент Декретімен Франция республика болып жарияланды. Бірақ, революцияның басты мәселесі – ауылдардағы феодалдық қатынастарды түпкілікті және толық жою шешусіз қалды.

21 қаңтарда Людовик ХVI өлтірілді.

1793 ж. 2 маусымда париждіктер мен ұлтық гвардияшылар Париждық Коммунаның басқаруымен Жирндиндық Үкіметті құлатты.

10 маусымдағы декретпен салалардағы феодалдық тәртіптер жойылды. 17 маусымдағы декрет бойынша барлық феолалдық құқықтар жойылды. 1793 ж. 24 маусымда өзінің мазмұны жағынан «адам мен азаматтардың құқығы Декларациясынан» тұратын Конституция қабылданды. Якобиндық диктатура басқарудың демократиялық режимін бекітті. Ол 21 жасқа жеткен барлық француздарға сайлау құқығын берді. Мемлекеттік басқару функциялары 24 адамнан тұратын Атқарушы кеңеске жүктелді, ол қабылданған заңдар мен декреттер шегінде әрект етуі тиіс болды.

Заң шығарып, талқылау құқығы бар мемлекеттік биліктің жоғарғы органы – Конвент; Елді қорғау және басқару бойынша ерекше өкілеттіктерге ие қоғамдық құтқару Комитеті сияқты органдар болды. Бұл комитеттің басқаруы мен бақылауында барлық министрліктер мен ведомствалар болды. Қоғамың құтқару Комитеті армияны қайта ұйымдастырып, 1793 ж. 23 тамыздағы Декрет бойынша жалпыға ортақ әскери міндеттілікті енгізді.

Істерді Комитетте қарағанан кейін ревоюциялық трибунағаға берді. Қоғамдық қауіпсіздік Комитеттің қарамағында полиция мен түрме болды.

1793 ж. 29 қыркүйекте «Жалпыға ортақ максимум туралы» декрет бекітілді, барлық негізгі тауарларға қатаң баға және еңбек ақының максималды мөлшерін енгізді. Якобиндықтар революциялық күштен карательный күшке айналды. 1794 ж. 10 маусымдағы Декрет «халық жауы» ұғымын енгізді. Халық жауы көбінде революция жаулары емес, М. Робеспьердің жеке жаулары мен оның саясатымен келіспейтін адамдар болды.

Директория (Термидоримдік Республика)

Термидориандық конвент 1795 ж. Конституцияны дайындады.

1795 ж. Конституцияға сәйкес жоғарғы заң шығарушы жиналыс болып 2 палата: жоғарғы – ақсақалдар кеңесі, төменгі – 5 жүздіктер Кеңесінен тұратын заң шығарушы корпус жарияланды. Төменгі палата заң жобаларын жасады, оны жоғарғы палаты бекіте және қайтара алды.

Заң шығарушы корпусқа сайлау 2 деңгейлі болды. Дауыс берушілер Заң шығарушы корпустың және жоғарғы сот органдарының мүшелерін сайлады.

Атқарушы биліктін құрамында 5 мүшесі бар Директория қалды.

Басқарушылар жаңа революция мен келе жатқан былықтан құтқаратын әскери диктатура енгізді. Генерал Н. Бонапарт үлкен қолдауды Италия мен Еуропадан тапты.

1799 ж. әскердің көмегімен Бонапарт Заң шығарушы корпусты қуып, Директорияны жойды.

1799 ж. Конституция жаңа режимді заңды түрде бекітті. Үкімет 3 консулдан тұрды. Барлық билік 1-ші консулдың қолында болды. 2-ші және 3-ші консулдар кеңесші дауысқа ие болды.

Заң шығарушы билік органдары ретінде мемлекеттік кеңес, Трибунат, Заң шығарушы корпус және Корғаушы сенат бекітілді. 1-ші консул заң жобасын ұсынды, мемлекеттік кеңес оларға редакторлық етті, Трибунат талқылды, Заң шығарушы корпус қабылдады, қорғаушы сенат бекітті.

1802 ж. Бонапарт өмірлік консул болып жарияланды. Оған мұрагер тағайындау құқығы берілді. Сосын ол француздардың императоры болып жарияланды.

1814 ж. әскер одақтық армияның қысымынан құлады.(ағылшын, орыс, австрия және пруссия)

Легитимді монархия.

17 Король Людовик толық революцияға дейінгі түрде абсолютизмді орнатуға болмайтындығын түсініп, конституциялық басқаруға келісті. 1814 ж. Ол хартиямен рәсімделді. Елде легитимді конституциялық монархия пайда болды(легитимдіктің мағынасы, Бурбондардың «заңдық» династиясы қайтадан басқарды дегенді білдірді). Корольға атқарушы билік толық берілді. Заң шығару облысында ол жарлық шығару құқығын иеленді. Сонымен қатар оған пэр титулын иелену құқығы берілді, ол өмірлік және мұрагерлік болды.

Сайлау цензін енгізу нәтижесінде 31 млн. Тұрғынның 50 мыңы ғана сайлауға қатыса алды, ол 15 мыңы ғана сайлануға құқығы болды.

Легитимді монархия негізінен Наполеон тусында пайда болған әскери – бюрократтық және сот апаратын сақтады.

1830 ж. Маусымында Карл X корольдің үкіметі 1814 ж. Хартиямен бекітілген конституциялық режимді жоюды шешті. 4 ордонанс қабылданды: депутаттар палатасын тарату; төменгі палата депутаттарының санын 2-ге қысқарту; баспасөздің толықтырушы прессасын енгізу; жиналыс пен манифестацияға тиым салу туралы. Карл Х қашты, легитимді монархия құлады.

Король деп ірі буржуазиядан шыққан Луи-Филипті жариялады.

1830 ж. Хартия жаңа редимнің конс/сы болды. Парламент ролі біраз кеңейді, заң шығарушы билік король мен 2 палатаға да берілді.

1848 ж. Ақпанда Луи-Филипп тақтан түсті. Уақытша үкімет құрылды және гвардия жасақталды. 1848 ж. Көктемде Құрылтай жиналысқа сайлау болды. Жиналыстың көп бөлігін ірі буржуазия, жер иеленушіліер, генералдар, жоғарғы духовенство құрады. Еңбекшілердің жағдайын жақсартатын барлық актілер доғарылды.

1848 ж. 22 маусымда жұмысшылар көтеріліске шықты.

1848 ж. Жаңадан енгізілген Конституция бойынша басқарудың республикалық формасы мен, биліктін бөлінуі жарияланды. Жоғарғы заң шығарушы орган болып Ұлттық жиналыс бекітілді. Атқарушы биліктің басшысы – Президент болды.

Заңдардың қолданылуын бақылаушы Кеңесші орган Мемлекеттік Кеңес болды. Оның құрамын 6 ж. Мерзімге Ұлттық жиналыс тағайындады.

ІІ - Империя

1ші сайланған президент Луи-Наполеон болды (Н. Бонапарттың жиені). 4 жылдық мерзімді азсынған және қайтадан сайлануға тиым салумен келіспеген Луи-Наполеон 1851 ж. Желтоқсанда Ұлттық жиналысты қуып, 1848 ж. Конституцияны жойды.

1852 ж. Конституция Луи-Наполеон төңкерісін заңдастырды. Жаңа конституцияға сәйкес бүкіл билік президентке тапсырылды. Заң шығарушы билікті Мемлекеттік кеңес, заң шығарушы корпус және Сенат жүзеге асырды. Ол мемлекеттік Кеңес пен Сенат мүшелерін тағайындады. Президент 10 жылға сайланды.

1852 ж. Қарашада арнайы заңмен Империя орнады, Луи-Наполеон француздар императоры – Наполеон III болды. Елде әскери-полицейлік диктатура белгіленді.

1871 ж. Жаңа биліктің басқарушы органы Ұлттық гвардияның Орталық комитеті болды. Өкілді жоғарғы орган – Париж Коммунасының Кеңесі болды. Ол өз құрамында әр-түрлі сұрақтар бойынша 10 комиссиядан тұрды.

Әділ сот ісімен әділет комиссиясы айналысты.

1871 ж. 19 сәуірде Коммуна Француз халқына Декларацияны жариялады: Декларация елді Коммуналарға бөлуді ұсынды, яғни республикалық режимді өзгертпестен. Орталық үкімет Коммуналардан шыққан депутаттар жиналысы ретінде қызмет етуі тиіс болды.

1875 ж. елдің конституциясын құраған 3 заң қабылданды. 1) Мемлекеттік билікті ұйымдастыру туралы конституциялық заң; 2) Сенатты ұйымдастыру туралы заң; 3) Мемлекеттік билік қатынастары туралы заң.

Президент сенат пен депутаттар палатасының абсолютті көпшілік дауысымен 7 жылға сайланды. Заң шығарушы билік сенат және депутаттар палатасымен жүзеге асырылды.

Бүтіндей басқарудың республикалық режимі жарияланды. Бұл Францияның саяси өміріндегі 2 ағымның күресімен түсіндірілді: монархиялық және республикалық.

1877 ж. 3 монархиялық топтар республикаға қарсы астыртын сөз байласып бірікті. (Мак-Магон) Президент Мак-Магон мемлекеттік төңкеріліс жасауға тырысты, бірақ республикандықтардың күшті қарсылығын кезіктіріп, отставкаға кетті.

2ші рет министр Буланже шара қолданды, бірақ париждіктердің көтерілісінен қауіптеніп, ол ашық әскери қақтығысқа шыға алмады.

1884 ж. Демократиялық қозғалыстың жандануы жағдайында 1875 ж. Конституцияға маңызды түзетулер енгізілді. Келесі кезеңдер қарастырылды:

1) депутаттар палатасы мен Сенат мемлекеттік биліктің негізгі звеносына айналды;

2) президент билігінің келуі байқалды;

3) үкімет парламент бақылуында болды;

1879-1880 ж. Республикандықтар Париж Коммунасының ұлттық гимні етіп «Марсельезаны» тануды, ал 14 шілдені Францияның ұлттық мерекесі деп тануға қол жеткізді. Республика негізінен бұрынғы әкімшілік-аумақтық бөліністі сақтады. Кейбір министрліктердің департаменттерге және кантондарда өз бөлімшелері болды. Департамент басында префект, округ басында – суперфект тұрды. Жергілікті органдарға департаменттің бас кеңесі, аймақтық кеңес, Коммуналардағы (муниципалитет) қалалық және селоық өзін-өзі басқару органдары өкілдік етті.

Коммуна басшысы сайланған мэр болды. Бұл органдар салық, жергілікті басқару сұрақтарымен айналысты. Префектіні ішкі істер министірінің ұсынуымен президент тағайындады, суперфектіні – ішкі істер министірі тағайындады. Бұл тұлғалар округтер мен департаменттерде орталық билікті иеленді.

Француз колониалдық империясы.

Көлемі бойынша 2ші колониалдық империя салыстырмалы қысқа мерзімде пайда болды : 1880-1918 ж. Оған: Батыс Африка - Сенегал, Гвинел, Судан, Мавритания, Нигер; Экваторлық африка – Конго, Чад, Габон, Жоғарғы Вольта; Солт. Африка – Тунис, Алжир, Марокко; Аралдар – Таити, Мадагаскар, Маркиздік, Гвиана; Солт. Америка – Канадалық Квебек; Индо-Қытай – Вьетнам, Камбоджа, Лаос кірді.

Француздық колониялардың негізгі массасы 4 генерал-губернаторлыққа бөлінді: Француздық Бат. Африка, Француздық Экваториялық Африка; Мадагаскар, Индо-Қытай. Индо-Қытайды басқаруға қолайлы болу үшін : Кохинхин (оң. Вьетнам), Аннам (ор. Вьетнам), Камбоджа, Лаосқа бөлінді. Камбоджа мен Аннамада номиналды басқаруға жергілікті династиялар жіберілді. Алжирда территория 3 департаментке бөлінді. Азаматтық басқару префекттерде болды, әскери-дивизионды генералдарда болды. Тунисте жергілікті монархты, Мароккода – султанды сақтады, бірақ олардың билігі номиналды болды.


Пысықтау сұрақтары:

  1. Наполеон кодекстерінің мәні және мазмұны?

  2. Легитимді монархияның мәні?

  3. Француздық колониялардың құқықтық жағдайы?


Тақырып 5 Англия буржуазиялық мемлекет. XVII ҒАСЫРДАҒЫ Византия империясы мемлекеті және құқығы .

а ) мемлекеттік құрлым

б) мемлекет, шіркеу феодалдық құқық

в)Англиядағы буржуазиялық мемлекеттің шығуы.

г) XVII – басы XVIII ғасырдағы конституциялық актілер.

XVII ғасырдың басында Англия Европаның басқа елдерімен салыстарғанда әлде қайда сәтті дами түсті. Кең жайылған отаршылдық басқыншылықтар, дамыған мануфактуралық және жеңіл өндіріс бул елдің жемдік нарықтағы алдыңғы қатаршы позициясын анықтап берді. Елде 2 шаруашылық топ қалыптасты: капиталистік және феодолдық. Көпшілікке ортақ жерлерді қоршап алу нәтижесінде шаруашылар жерден айырылды (феодалдар шаруаларды жерден күштер кошірді). Абсолютизм жерден айырылган көптеген шаруаларды жұмыс орнымен қаштамасыз ете алмады. Халықтың әлеуметтік суретін мынадан коруге болатын еді: елдегі турғындардың онының тоғызы парламенттік сайлауға қатысу қуқығынан айырылган түлғалар болды. Ер адамдардың теқ оныншы бөлігін ғана басқаруға қуқығы бар джентельмендер, бюргелер, курады. Дворяндық та қурамы жағынан бір текті болған жоқ: ескі дворяндық және жаңа дворяндық немесе джентри болды. Бұлар буржуазияға жатты. Турғандардың әр түрлі қабатын өзіне тартқан революция пісіп жетилді.

1628 ж. парламент корольға Құқық туралы Петиция берді. Петиция томенгі палата парламенттің келісімінсіз ешқандай салық енгізбеуде және сотсыз ешкімді тутқындамауды сурады.

Петицияның негізгі мазмуны бойынша бузылған құқықтар мен бастандықтарды қалпына келтіруді талап етті.

Карл I Петицияны бекітуге мәжбур болды және ол заңға айналды. 1629 ж.король мен парламент арасында жаңа қақтығыс болды. Сол кезде Карл I парламентті таратып, өзі жалғыз басқарды. Король жағынан әділетсіздік күшейіп, елде революциялық жағдай қалыптасты.

Пресвитериандық ірі буржуазия мен аристократияны біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын насихаттады. Индепенденттік орта және шағын буржуазиядан құралды. Олар жалпы конституциялық монархия идеясымен келісті, бірақ парламентте өз жақтастарының санын көбейту үшін сайлау округтерін қайтадан болуді және еркін адамға ар-ондан еркіндігі мен сөз еркіндігі тануды усынды. Қолонершілер мен еркін шаруалдарды біріктерген левеллерлердің қозғалысы радикалды болды. Олар барлық азаматтардың тең қуқылығы мен республиканы усынуды талап етті.

Қысқа парламент (1629-1640 ж.) король билігінің әділетсіздігімен сипатталды. Парламенттің таратылуы шотландықтардың Англияға басып кіру қаупін туғызды.

Әскери сәтсіздіктер Карл I-ні 1640 жылдың 13 сәуірінен – 5 мамырына дейін өмір сурген, тарихта Қысқа парламент деген атпен белгілі парламентті шақыруға мәжбур етті. Көпшілік палатасы корольді шотландықтармен соғыста жәрдем беруден бас тартып, Карл I-ң саясатын сынға алуға кірісті. Жеке басқарған жылдарында Карл бул парламентті таратып жіберді, сол арқылы өз жағдайын ауырлатты.

Ұзақ парламент 1640 ж/ң қарамасында шақырылып 1652 ж/ға дейін әрекет етті. Парламент конституциялық деп атвалған революцияның бірінші сатысына бастама берді (3.11.1640-22.08.1642). Ұзақ парламент король еркіне қарамастан әрбір 3 жыл сайын парламенттің шақырылуын қарастарған үш жылдық акт және парламенттің келісімінсіз оның таратылуына тиым салатын акт сияқты маңызды қунаттарды қабылдады. Арнайы актімен «Жулдызды палата» және «Ұзақ комиссия» бектілді.

1641 ж. 1 желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды. Ремонстрацияда епископтарды лордтар палатасынан аластату және шіркеу реформацияның өткізу, сонымен қатар көпшілік жерді қоршауға тиым салу және салық жинауды король билігінің әділетсіздін тоқтату талабы қойылды.

Ұзақ парламентпен қабылданған актілер король билігін шектеді, король мен парламент арасында азаматтық соғыс басталды.

Азаматтық соғыс 2 саттыға бөлінеді: 1-де парламенттік армияның әскери басшылығы пресвитериандар қолында болды. 2-де индепенденттер қолында болды. Парламенттік әскердің алғышқа сәтсіздіктері генерал О. Кромвелльдің (1599-1658) «Жаңа моделі» бойынша әскерді қайта уйымдастыруға әкелді. Әскері басшылықтан аристократтарды аластау үшін туралы Билль шығарылды. 1645 ж.корольдік әскер жеңіліске ушырады.

1648 ж. Көктемінде 2-ші азаматтық соғыс король мен пресвитериандық парламент арасында басталды. О. Кромвель парламенттен пресвитериандарды аласатты.

Индепенденттік республика және Кромвель протектораты

1649 ж.король Өлімінен кейін парламент Англияны республика деп жариялады. Лордтар палатасы бекітіліп, көпшілік палатасы өзін жоғарғы билік деп жариялды. Атқарушы жоғарғы орган Мемлекеттік кеңес болды.

«Халықтық келісімде» әрекет етудің мынадай бағдарламасы болды: ұзақ парламентті тарату, бұкіл ер адамдардың қатысуымен сайлау өтқізу, заң алдандағы бәрінің теңдің және т.б. Дегенмен, Кромвель үшін «Халықтық келісім» әрекеттің нақты программасы емес, тек тактикалық шегініс болды. Бұны біліп қойған левеллерлер тасқулар котерді, бірақ О. Кромвель оны басып тастады. Парламенттен тірек таппаған Кромвель 1653 ж.оны таратып жіберді.

1653 аяғында «Басқару қаруы» деген конституция енгізілді, ол Кромвель диктатурасын бекітті. Оған сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-протекторге және бір палататық парламентке тиесілі болды. Атқарушы жоғары билік. Лорд-протекторға және қурамында 13 тел 21 ге дейін мушесі бар Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейін Кромвель парламентті шақыруды тоқтатып, Мемлекеттік кеңес мүшелерін өз ойынша тағайындады. Кромвельдің жеке диктатурасы революцияны кері – республикадан монархия еске түсіретін жеке жалғыз билікке алып келді.

Стюардттардың Рестварациясы. 1658 ж. О. Кромвельдің өлімінен кейін билік оның улы Ричард Кромвельге кошті, оның қоғамда беделі күшті болмады. 1659 ж. Ұзақ парламенттің қолдауымен корольдің ұлы Карл II-ні (1630-1685) отырды. Бірақ, Карл II өз уәделероіне қайшы ескі тәртіпті орната бастады. Осы нылдары Англияда 2 саяси партия пайда болды. тори-корольдің жақтастарын біріктерген, виги-корольға оппозициялық жағынан жиналған буржуазия мен орта дворяндардан турады.

1679 ж.виги, парламенттке көпшілікті қурай отырып «Хабеас корпус акт» және «Азматтардың еркігдігін қамтамасу ету актісін» атты жауа заң қабылдады. Осы заңға сәйкес тутқындамулы өзі н./е туыстары арқылы англия/ң жоғарғы соттарының біріне жүгініп «Хабеас корпус» туралы бұйрық шығаруды толап етуге құқығы болды. Бұл бұйырыққа сәйкес, ол ақшалай кепілдік арқылы бостылды Карл I таққа Яков II-ң отыруға қарсы болмайды деген шартты вигилерге қоя отырып, хабеас корпус актіні бекітті.

«революция на оның солдары». Жаңа король яков II (1633-1701) антибуржаизиялық саясат жургізді және парламент вигтермен біртіп революция жасады . 1689 ж. таққа Нидерландың штатгальтері Вильгельм оранский отырды. Осы сәттен бастар Англияда түркілікті түрде Конституциялық монархия бектілді. Жаңа король, такқа отырар сәтте «Қуқтар тураны Билльге» қол қайды. Оның басты мәні-заң шығаруда папрламенттің ноғарғы билігін бекіту б/ы. Дегенмен, парламенттің заң жобасына вето коюға да корольдің құқығы болды.

1701 ж. 2 маңызды еренені белгілеген «такқа мурагерлік Заңы» дегел Конституцияллық заң қабылданды. Ол 2 ерене : 1) контрассигнатура, оған сәйкес к ольдік заң актілері тек сәйкес министрдің қас қойғанынан кейін ғана жарамды және 2) соттардың (судьялардың) ауыспайтындығы.

Англия 17 ғасырда

Парламент екі палаталық болды: жоғарғы палата (лордтар палатасы) мурагерлік бойынша, лауазым бойынша немесе корольдің тағайындауы бойынша орын алған тулғанлардан турады; толенгі палата (көпшілік палатасы) сайлау қуқығы негізінде қурылды.

1710 жылы заң қабылданды, оған сәйкес парламентке ауылдық нерде қозғалмайтын мүшіктен 500 фунт стерлинг және қалалрда 300 фунт стерлинг кіріс алатың тулғалар сайлана олды. 1707 ж.король вето қуқығын пайдаланудан айырылды, сол арқылы парламентке заң шығару билігін тоғымен берді. 1716 ж.парламенттің томенгі палатасының окілеттілік мерзімі 3 тел 7 жылға дейін узартты. Осы кезде министрлер кабинетті пайда болды – бүл корольдің атқарушы билігін шектегендіктен мемлекеттік қурлыста атқарушы билігін шектегендіктен мемлекеттік қурлвста ерекше орын алатын, орган болды.

Қорольдің Министрлер кабинетіне ықпалын әнсіреткен маңызды нағдай парламент пен саяси партины күшей тумен байланысты корольдің тағайындаң және шығару қуқығын шектеу болды. Король парламенттің пікірмен санасуытиіс болды. 1727 ж. Георг II Р. Чолпалды қуды (уванил), 1721-1742 ж. премьер-минстрді қуды, бірақ оны билікке қайтак әкелуге мәжбүр болды.

Король билігінің әнсіреуімен парламент жағынан бақылау күшейді (министрлер кабинетіне қатысты). 17 ғ.ортасында мынадай маңызды принцип қурылды: министрлер кабинеті билікте болады. Парламент миндерлері қурамына кірген кабинетке парламент қолдау қамтамасыз етті. Осылайна, кабинет партиялық негізде қурылды Парламент копшілінің паартия лидерлері үкімет қуралына енді. Олар копшілік палатасы алдында жауапты болды, яғни «жауапты үкімет» лидерлері. Бұл 18 г.аяғындағы Англияның парламенттік жүйесінің айырықша белгісі болды.

19 ғ.басындағы Анлия

Үрі ондірісті күмейтумен өнеркәсіп өсімі жоғарлайды. Қалады өнеркәсіп буржуазия және пролетариаттар табы, ауылда-лэндлролар (жериеленушілер), арендаторлар және батрактар табы қалыптасты.

19 ғ басында 2 саяси партия билік етті: торияр –помещиктер, қаржылық буржуазия, консервативтік тарихи дәстур тасушылары; вигилер - өнеркәсіптік буржуазия. Бул 2 партиялар 18 ғасыр бойы билікке кезектесін келді. 18 ғас-ң ортасына дейін парламенте вигилер басым болды. 1783 ж.торилер копшілік қалатасынаның копшілік қурап 1830 ж.дейін билік етті.

Саяси жүйенің ең мәнді элементті парламент б/ы. Феодолжық окілдік-копшілік палатасы ерекше роль айнады. Сайлаудың ескі жүйесін аристократтар мен буржуазия қадады, бірақ қоғамның жаңа күштері мен тенденциясының талаптарың қанағаттандармады, бул сайлау реформасын откізу үшін күреске әкелді. Ұсақ буржуазия мен жумысшылар саяси қурлыстық демократиялануын және жалпыға отрақ сайлау қуқығын енгізуді талап етті. 1830 ж.саяси күрес ишеленісе түсті, буған Франциядағы шілдедегі революция (июльская революция) анғышарт болды.

1830 ж. Парламенттік сайлау реформа жақтастарына жеңіс әкелді.

1831 ж. көпшілік палатасы «реформа тур Билль» қабылдады. Оны Грейдің вигтік парламенті енгізді. 1832 ж.лордтар палатасы оған жол беріп «реформа тур Бильді» бекітуге мәжбир болды.

1832 ж/ғы сайлау реформасы 21 жасқа толған, жылына 10 фунт стерлинг жылдық кіріс беретін қазғалмайтын мүмгі бар ер адамдарға сайлау қуқығын берді. Реформа нәтижесінде сайлаушылар 652 000 ға дей нетті. Дегенмен, жумысшылар мен усақ буржуазия сайлау қуқығын алған жоқ. 1832 ж.реформ/ң маңызды нәтижесі саяси партиялардың қайта қурылды болды. Торилер консерваторлер париясы деп аталып, вигилер – либералдар партиясы д.аталды.

Бүтіндей мемлекеттік басқару жүйесі қайта уйымдастырылды. Осылайна, қаржы министрлігінде функционалды емес, символикалық сипаттағы лақызымдар бектілді.

Чартистік қозғалыс 1832 ж. Реформа Ұлыбритания еңбекшілерің қанағаттандырмады. Ол 1836-38 ж.экономикадағы кризис жүмысшы саяси қозғалыс – чартизмнің туындауына ықпал етті.

1836 ж.Лондонда жұмысшылар ассоциациясы қурылды, агар келесі талаптарды қойды:

1) турғылықты жерінде 6 ай молшерінде турып жатқан 21 жасқа толған ер адамдар үшін сайлау қуқығын беру.

2) парламент депутаттығына кандидаттарға мүліктік цензді алып тастау

3) тек окілдік және сайлау округтерін теңестіру

4) парламентке жыл сайынғы сайлау

5) депутаттар еңбегіне сыйақы беру (вознаграждение)

6) қупил дауыс беру.

Чартистер бул талаптарды халықтық хартия туралы петицил ретінде шығарып, 1838 ж.парламентқе усынды. Копшілік палатасы петицияны қайтарып тастады және қозғалыс қатысушыларына репрессия қолданды. 1842 ж. чартистер парламентке 2ші петицияны усынды. Оған 3 млн.300 мың адам қол қатған еді. 1848 ж.10 сәуірінде және шілдеде чартистер петицияны парламентке еңгізу үшін 2 рет умтымыс жасады, бірақ ол қайтарылып тастылып, чартистерге қарсы репрессия.

Чартизм жеңілгенген кейін Англияның жумысшы қоз ғалысы таза экономикалық бағып алды. Арнаулы білімді жумысшылардың кәсіптік одағы-тред-юниондар қурымды. Олар жумысшы-сайлаумылардың санысың осуі олардың копшілік палатасына ықпалы күшейтиді деп үшіттенді. 2 партия да, жумысшы қозғалысының кең қанат жаюын назарға ала отырып , реформа жолына түсті. 1867 ж. Б. Дизраэлидіқ консервативті кабинеті мына реформады жүргізді: депутаттық орындар онеркәсіптік қалалар мен графтықтар пайдасына үйлестерді. Салық толеушілете шуліктік ценз толендетілді. Жалдау ақысы қалалар үшін кедейлердің пайдасына 10 фунт стерлинг, графтықтарда: жер иеленушігер жылдық кірістің 5 фунт стрелинг ал болме жондаушылар жылдық кірістің 12 фунт стерлинг. Осылайма сайлаушылар тізімі усақ буржуазия, қаюнершілер және жұмысшылар есебінен кеңейе түсті сайлаушылар саны миллионнан асып түсті. Бірақ ер адамдардың 2/3-сі және әйел ад-р сол қалпында сайлау қуқығынан не бола алмады.

19 ғ аяғы мен 20ғ бас/ғы Саяси өзгерістер

Ұлыбритания/ң бул кезендегі саяси жүйесінің негізгін либералдық және консервативтік партия қурады. 1877 ж. либералдар Ұлттық либералдық асоциация қурді. 19ғ 80 ші жылд/а дейін консервативтік партия либералдаға күші жағынан да, ақпалы жағынан да жол беріп отырды және 1983 ж. либералдың улгісі бойынша консерваттық ассоциацияның ұлттық одағын қурды.

1876 ж. Ұлыбританияды онеркәсіптің негізгі салаларыф бойынша кіріқ басталуна байланысты либералдар полициясы әлсірей бастады. Германия мен АҚШтан кризистің сандарынан артта қала бастаған ағымнын буржуазиясы жүмысшылардың омір суру деугейінің томендетіп, отарымылдық саясаттың күшетуі тиіс болды, бул либерализмнің ескі қағидаларына қайшы келді.

Либералдық кабинет қулап, билікке консерваторлар келді. Алайда, либералдың билік етуі кезінде сотқа өзінің окімің арқылы келу туралы заң кабылдаған. 1872 ж.қупия дауыс беру туралы заң қабылданды.

1884-85 ж.консеваторлар кезінде сайлау реформасы жургізілді: қалалардағы шеріктің ценз алынын тасталды. Сайлаушылар саны 2ге кобейді.

Либералдар жүргізен реформалардың ішінде соттар реформасын атауға басады, соның нәтижесінде Англияның жағарғы соттары (высшие суды). Жоғарғы соттарға бірікті. Ол жоғарғы соттан және Аппеляциялың соттан (азаматтық істер б/ша) турді.

1911 ж/ғы парламент тураны Акт мынаны белгіледі : копшілік палатасынан отіп және лордтар палатасымен қайтарылып тасталған барлық қаржылық емес Билль корольға бекітуге өтеді; қаржылық билльдер мүндем лордтар палатасының келісінің талап етпеді; бильдің сипатың копшіліқ палатасының спикері анықтады; копшілік палатасының мүшелері шағымда анды. Соңғы шара 1906 ж.қурылған лейберандық партия үшін мәнді болды.

Британдық отаршылдық империя

Британ отаршыждық империясы 17-18 ғ/да қалыптаса бастады. Испания, Голландия, Фпранциялан соғыста Англия сауда және теңіз гегемонияста қол жеткізуге тырысты.

17ғ/да Англия Канада/ң, Австрияның, Оңт. Африканың үндістанның кең территориясын жаулап олды. Ерекше жағдайда 12 ғ/да отаралған германияда болды. 1800 жылы Ирландия Ұлыбританиясының одаққа бірікті, бул ирландық автономияның қалдығын жоғалтты. Гермндықтар тәуелсіздік үшін куресті, ал оның депутаттары ағылшын парламентінде гаирул идеясын (автономия) ұсынды (отставали).

1886 ж. Ирландиядаға иектеулі өзің өзі басқаруды беру туралы заң парламентқе берілді, бірақ ол копшілік палатасынан откеді. 1893 ж. Ирландия автономисяы туралы заң лордтар палатсынан оте алмады. 1914 ж. гаирул туралы заң қабылданды, ол бойынша ирландия автономиясы әдеттегі дамнион мәртебесінен тонен болды.

Британдық колониялар 2 типке байнді: жаулап алынған және қоныс аударғандар. Жаулап алынғардар саяси қуқытарда иектелді және генерал-губернатормен басқарылды. Қоңыс аударушылар өзінің басқаруында көтеген саяси қуқ/р ивгенді.

1867 ж. канаданы басқару жаңа негіздерде қайта қурылды, Канаданың 4 провинциясы конференцияны қурды, ол Канада дамнионы атауы алды. Бул процесс «Британдық Солтүстік Америка туралы Актіде» рәсімделді.

Оңтүстық африкандық иелектерден өзін-өзі басқаруды 1854 ж. Каптың жер, 1856 – Наталь алды.

1900 жылы Австралияның өзін-өзі басқаруны отарлары Австралиялық одакқа бірікті. 1900 ж. Коституция Австралияны федеравтивті мемлекет деп жариялады. Заң шығару билгін 2 палататық парламент жүзеге асырады, ол сенат пен палата окілдерінен турады. Атқарушы билік генерал-губернаторға берілді.

Жаңа Зеландия 1854 ж. конституция алды.

Үндістанды саяси буржуазиялық партия Үндістандық улттық конгресс 1885 ж. қурылды. Бул партиның негізгі бағдармалық талабы үндістерді елді басқаруға жіберу болды. 1892 ж. «Үнділік кеңстер туралы» заң бойынша, үгндістіқ буржуазия окілдері кеңеске жіберілді.

Заң жөніңде кеңесуші.

1906 ж.үндістірге атқарушы органдарды жумыс істеуге руқсат берді. Дегенмеген, тәуелсідікті үндістан 1947 ж.алды.

касония мен метропания қатнастарын реттеу үшін 1887 ж. « колониялдық конференция-р» өткізіле бастады, 1907 ж,алар империялық атқа не болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет