Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 18. 09. 2013ж «Мемлекет және құқық тарихы»



бет6/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#18228
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пысықтау сұрақтары:

  1. Германиядағы заң шыңарушы орган қалай аталды?

  2. 1871 ж. Герман Конституциясы бойынша басқару органдары


Тақырып 8. Социалистік мемлекет және құқық .

  1. Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.

  2. Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы

  3. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму

1930ж. ортасында бұрынғы КСРО –да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге өтетін өтпелі кезең аяқталып, социалистік қоғамдық қатынастар жеңіске жетті деп есептелді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мәдени революцияның шешуші жеңістерімен байланыстырылды. Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын өзгертуге негіз болды. 1936ж. 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Қазақстанға Одақтық республика мәртебесі берілді. Осылай ҚАКСР ҚКСР айналды. Бұл қазақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз еткен мәнді құқықтық акті және саты болды. Осыған байланысты 1937ж. бүкіл қазақстандық кеңестердің төтенше Хсъезі ҚКСР Конституциясын бекітті.

Ол 11 тараудан 125 баптан тұрды. І тарауда: ҚКСР жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Социалистік шаруашылықтың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратындығы анықталды. ІІ тарауда “Мемлекеттік құрылыс” бекітілді. 13 бапта экономика, саясат, отан қорғау, өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отыратындығы көрсетілді. Осыған сүйеніп ҚазКСРО КСРО конституциясының 40 бабында көрсетілген құқықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын жоғарғы өкімет органдары мен мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп берді. КСР заңдары міндетті түрде орындалуға жатты. Қазақстанның азаматы КСРО азаматы болып есептелді. Ш тарау мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарына арналды. ҚазКСР –да өкімет билігінің жоғарғы органы –ҚазКСР –ның жоғарғы кеңесі болды. Заң шығарушы орган –Жоғарғы Кеңес болды. Атқарушы және бұйырушы жоғарғы органы ҚазКСР-ының Халық Комиссарлар Кеңесі болды. Бұл орган респібликаның үкіметі болып табылды. УІІ тарау сот және прокуратураға арналды. Негізгі заң мемлекеттің ел таңбасын, туын және астанасын белгіледі. 1937ж. Конституция 40 ж. қызмет етті. Елдің экономикасы, мәдениеті мен саяси – құқықтық дамуына зор әсер етті. Бірақ тотаритарлық қоғамда оның адам құқықтарына қатысты нормалары аяқ асты етіліп, миллиондаған адамдар қуғын-сүргіннің құрбаны болды.



1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы мемлекет пен құқыққа үлкен ықпал жасады. Мемлекеттік құрылыс, оның қызметі, құқықтық қатынастар соғыстың талабына сай қайта қаралды. Бәрі де майданға, жеңіске қызмет етті.1941ж. 30 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының, БК(б)П ОК-нің және Халкомкеңесінің шешімімен төтенше орган Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылып, мемлекеттегі барлық билік түгелдей оның қолына берілді. Қазақстанда және басқа да республикаларда МҚК-нің тұрақты өкілі қызмет етті. Соғыс жағдайында орталықтанған директивалық басқару алдыңғы қатарға шығып, өкілді органдардың қызметі шегерілді. Жаңа мемлекеттік органдар құрылды. 1941ж. ұлттық құрамалар жөнінде республикалық комиссия, халкомкеңес жанында еңбекке жарамды адамдарды ауыл шаруашылығы жұмыстарына мобилизациялау туралы бөлім, эвакуацияланғандарды орналастыру бөлімі т.б. органдар құрылды. Соғыс барысында әскери қызметкерлердің отбасын орналастыру және қамтамасыз ету басқармасы қызмет етті. 1944ж. Кокшетау және талдықорған облыстары құрылды. Азаматтық құқық социалистік меншікті нығайтуға бағытталды. Мүлікті ұрлау, жоғалту, малды нашар қарағаны үшін жоғарғы жауапкершілік ендірілді. Кәсіпорындардың жоспарды орындауына, келісімдерді дер кезінде жүзеге асыруына ерекше көңіл бөлінді. Еңбек заңдарына өзгерістер енгізіліп, өкімет органдарына 16 мен 55 жасқа дейінгі азаматтарды міндетті еңбекке тартуға құқық берілді. Колхоздарда 12 жастан асқан жасөспірімдер еңбекке тартылды. Себепсіз еңбеккүн толтырмағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуға дейін шаралар қолданды. Әскери оқудан бас тартқан азаматтар да жазаға тартылды. Қылмыстық істер одақтық заңдар бойынша қаралды. Әскери сот органдарының рөлі артты. 1942ж. әскери трибунал туралы ереже бекітілді. Қазақстанда соғыс жағдайы енгілімегендіктен мұндай жағдай әскерилендірілген мекемелерде қолданылды.

  1. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару

  2. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер

  3. Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы

Соғыстан кейінгі мемлекеттік құрылыс пен басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946ж. 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-інің Министрлер Кеңесі, ҚазКСР-нің Халық комисариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Жаңадан өнеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Олардың өкілеттіліктері артты. 1946ж. ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды. 50 жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтері кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, өнеркәсіп, құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау, басшылық ету құқықтары артты. 1956жылғы КОКП ХХ съезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс болды. Сталиннің жеке басына табыну , социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50 жылдары жазықсыз атылған, қамалған азаматтардың бір тобы қайта ақталды. Одақтас республикалардың құқықтары артып, егемендігі біршама кеңейді. ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, ауыл шаруашылығына қатысты құқықтары кеңейді. Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың өкілдері кірген экономикалық комиссия құрылды. 1958ж. ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды. 60 жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлекет басшысы Н.С. Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И. Брежневтің келуімен байланысты. 1977ж. республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндегі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, селолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікті Кеңестердің атқару комитеттерінің құрамына 20 мың адам кірді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелене түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды.

1924ж. Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жерлері қайтарылды. Осы жылы қарақалпақ автономиялы облысы да қазақстанның құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСРінің құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді. ҚазКСР Конституциясы бойынша қазақстанның шекарасы тек оның Жоғарғы Кеңесінің келісімімен ғана өзгертілетін болды. 1955ж. 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қаулысымен Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданының жалпы көлемі 7049га РКФСР Астрахан облысының Владимир ауданына берілді. 1956ж. КСР –на Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданы (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы колхоздарының Бостандық ауданындағы жайылым көлемдерін қоспағанда) берілді. Голодностеп (Мырзашөл) каналының сол жағалауындағы 75 мың га жер ҚазКСР үкіметінің 1936-37жж. Өзбек КСР-не уақытша берілген 329 мың га жерлер Өзбек КСР-не берілді. Осылай барлығы 5 млн. Га астам жерлер Өзбек КСР-не берілді. 1971ж. майда Өзбек КСР-нің Сырдария облысының Жетісай , Киров және Мақтаарал аудандары сол кездегі шекарасымен Шымкент облысына қайта қосылды. Кеңес дәуірінде Қазақстанның территориясында осындай өзгерістер болды. Бұл өзгерістерді тәртіп бойынша алдымен ҚазқКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдап, онан соң КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекітіп отырды. Сонда бұл өзгерістер құқықтық жағынан Қазақстанның өз еркімен бергені болып саналады. Дегенмен мұндай “өз еркімен” жасалған өзгерістердің негізінде Мәскеудегі орталық билік органдарының қысымы жатқаны белгілі.



Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70 жж. Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды. 1959ж. қылмыстық және қылмыстық- процессуалдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды. 1971ж. ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу, оларға еңбекпен түзеу әдістерін қолдану, т.б. мәселелер шешімін тапты. 1963ж. республиканың азаматтық және азаматтық –процессуалдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталды. Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура және нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуда көпшілік бұқараның роліне көңіл бөлінді. Осы тұрғыдағы жұмыстарды жандандыруда жолдастық соттардың, жергілікті кеңестердің жанындағы бақылау комиссияларының, жасөспірімдер жөніндегі комиссиялардың, жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі қоғамдық тәрбиелеушілердің маскүнемдікке қарсы комиссиялардың ролі артты. Жоғарғы Кеңес 1983ж. тұрғын үй кодексін қабылдады. Оның қабылдануы тұрғындардың үй-жай алу құқығын тереңдетті. 1976ж. ҚазКСР-нің жер қойнауы туралы кодексі қабылданды. Кодексте жер байлығы, тау-кенг өндірісі, оларды тиімді пайдаланудағы мемлекет, кәсіпорын мен мекемелердің міндеттері белгіленді. Жер қойнауының байлығы түгелдей мемлекет меншігі болды. Осыларға қарамастан социалистік құқықтың өзі компартияның заңдастырылған еркі болды. Мұның бәрі де халық бұқарасының іштей наразылығын тудырды.
Пысықтау сұрақтары:

  1. Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.

  2. Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы

  3. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму



Тақырып 9. Қазақстан территориясындағы ме млекеті және құқығы

  1. Сак тайпа одағы

  2. Үйсін және қаңғылы

  3. ) Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді бастан өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.

  4. Адамдар тас дәуірінде табиғаттың дүлей күшіне қарсы бірігіп күресу үшін тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. қажеттігі адамдарды біріктірді. Некенің түрі топтық неке болды.

  5. Рулық қоғам туыстас адамдардың қауымдастығы. Экзогамиялық неке - ру ішінде некеге тыйым салыну. Рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер үстемдік құра бастады.

  6. Адамдар арасында тұрақты неке мен отбасы қалыптасты.

  7. Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.

  8. Адамдар игеруші өндірістен біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Артық өнімнің пайда болды.

  9. Ру мүшелері бір-бірімен тең болды. Руды рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы - халық жиналысында сайланған ақсақалдар басқарды.

  10. Патриархалдық отбасы - ер адамның - әке билігінің үстем етуі.

  11. Рулық қоғамда қатынастар моральдық, адамгершілік нормалармен, әдет-ғұрыптар және дәстүрлермен реттелді.

  12. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі - әскери демократия кезең. Әскери демократияға тән ерекшеліктер: рулар мен тайпалар арасында соғыстар мен қақтығыстардың болуы, қоғам өмірі әскери-соғыстық сипат алды; әскери көсемдердің ролі артады. әскери көсемдер әлі де халық жиналысына тәуелді болды. Бірақ, меншіктің пайда болуы, байлықтың шоғырлануы, үнемі жалғасқан соғыстар жағдайында әскери демократия рулық қоғамның шеңберінен шығып, әскери көсемдер жеке билігін орната бастады. Әдет-ғұрып пен дәстүрдің орнына құқық пайда болып, рулық қоғамды мемлекет ауыстырды.

  13. Б.э.д. 8-3 ғғ Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде сақ тайпалары өмір сүрді. Бұл әскери демократияның гүлденуі және мемлекеттің қалыптасу кезеңі. Алғашқы мемлекеттік белгілер байқалды. Рулар тайпалар тайпалық одақтарға бірікті. Тайпалық одақ - алғашқы мемлекеттік құрылым. Оларды көсемдер немесе сақ патшалары басқарды. Сақ патшасы - әскери басшы, ол соғыс және бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.

  14. Б.э.д. ІV- ІІІғғ. сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі – жазу пайда болған.

  15. Көшпелі өмірдің, сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.

  16. 2) Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі, көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі – ғұндардың мемлекеті.

  17. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.э.д. ІVғ. Қытай жазбаларынан кездеседі..

  18. Б.э.д. ІІІғ. басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шаньюй деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған. Ұлы Мөде тұсында мемлекет мейілінше күшейді.

  19. Б.э.д. 59ж. ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қоластына кіруге мәжбүр болды. Сволтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, одан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар соы өңірде алаңдармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.

  20. Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық билік жымдасқан үлгісі болды.

  21. Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.

  22. Ғұндар көшпелі өркениетке енгізделген көшпелі мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Алғаш рет әдет-ғұрыптарды заңдастырып, көшпелі әдет-ғұрып негізін салды.

  23. 3) Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.

  24. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дұңхуаң және Чилан тауы аралығынан б.э.д. ІІғ. шамамен 160ж.көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.

  25. Үйсін мемлекетінің басшысы күнбегі болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырды. Тақ үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер жиі болып тұрған.

  26. Ру мен тайпаларды күнбегі тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әкімшілікке бөлінді.

  27. Үйсіндермен қатар бір кезеңде көрші болып Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Б.Э.Д. ІІІ-ғасырдан бастап қаңлылар Сырдарияның орта алқабы Қаратау өңірін мекендейді. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер қараған.

  28. Қаңлы елінің басшысын хан деп атаған. Кейбір деректерде оны яғбу, жабғу деп атаған. Ханның билігі азаматтық істерге де, әскерге де жүрген. Қаңлы мемлекеті өз ішінде бес иелікке бөлінген, оларды ханның өкілдері басқарған. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.

  29. Деректерде қаңлылардың жазба заңы болғандығы айтылады. Олардың заңы хан сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды. Заңда өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады, одан соңғылары өлім жазасына үкім етіледі, ұрлық істегендердің қолы кесіледі делінген

  30. Қаңлылар Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым құрып, мәдениет пен өнердің, шаруашылықтың дамуына үлес қосты.

  31. Ғұндар мемлекеті


Пысықтау сұрақтары:

1Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған.

2 Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін
Тақырып 10. VI-XII ғасырдағы мемлекет жіне құқық

1) ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип – түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.

Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.

Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды. Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.

Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т.б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды қаған сайлап отырды.

Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.

Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды. Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.



Түркеш және Қарлұқ қағанаттары

Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.

Қарлұқ қағандығы (756-940) VІІІ ғасырдың ортасында түргештердің орнын басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды. Қарлұқ мемлекетінің басшысын жабғу, кейінірек қаған деп атады. Қарлұқтардың мемлекеттік жүйесі ұлыстық-тайпалық сипатта болып, орталық билігі күшті болмады. Орталықтың нашар болып, аймақтардың мықты болуы қарлұқ қағанының құлауына себеп болды.

Оғыз мемлекеті

Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы) тайпалары ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының одағы құрылды. Оғыздар 24 тайпадан тұрды. Өз ішінде оғыздар әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бөлікке: бузуктарға және ұшықтарға бөлінді. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерде көшіп-қонды. Астанасы Жаңакент қаласы болды.

Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу деп аталды. Жоғары билік мұраға қалдырылды. Күл-еркін – жағбудың орынбасарлары болды. Жабғуды тайпа өкілдерінен тұратын кеңес сайлады. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп атаған.

Оғыз басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қыпшақтардық соққысынан оғыздардың мемлекеті ХІ ғасырдың басында құлады.



Қарахан мемлекеті

Қарахан мемлекеті бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қарақытайлардың шабуылынан құлады.

Қарахан мемлекетінде әскери басшылық әкімшілік басшылықтан бөлінді. Мемлекеттің әкімшілік құрылымы көп сатылы (иерархиялы) принциппен құрылды.

Мемлекеттің жоғары билеушісінің құрметті атағы Арслан (арыстан) және Боғра (бура) деп аталды. Бүкіл елдің әскери, әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын басқаратын лауазым иелері бұғырыш, обғұ, туксин сияқты үш жүйеге жіктелді. Хан сарайындағы (аппаратындағы) қызметтердің белгілі штаты болды. Субаш (қолбасы), бек, ұлыққажин (бас кеңесші), ялауаш (елші), батықшы (хатшы), қабих (сарай күзетінің бастығы), хорұқшы (есік күзетшісі), ағшы (қазынашы), аспаз т.б. болды.

Қалалар мен қыстақтарды мехторлар, әкімдер мен райыстар басқарды. Пошта бастығын – саһипбарида, салықшылар бастығын – мустауфа деп атады.

Хан өзінің туыстары мен жақындастарына аймақтар мен қалаларды сыйға тарта алды. Мұндай сыйлықты “икта”, сыйлық иесін “иктадар” деп атады. Ханның келісімімен “иктадарлар” өзіне сыйға тартылған жерлерден бұған дейін мемлекет пайдасына алынатын салықты өздерінің пайдасына жинауға құқық алды.



Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері

Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы). ІХ ғасырда Алтай мен Сырдария аралығындағы көптеген тайпаларды біріктірген Қимақ мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің саяси ядросы Шығыс Қазақстан жерінде тараған имақ (қимақ) тайпасы болды. Қимақ одағы алғашында 7 тайпадан тұрды. Кейінірек 12 тайпаға жетті. Қимақтар бірлестігі конфедерациялық мемлекет болды.

Қимақтардың басшысын алғашында шад-тұтық, онан кейін жабғу, қаған деп атады. Қаған тайпаларға өз өкілдерінен басшылар тағайындады. Соңынан қимақтардың 11 тайпаларының басшылығы мұраға қалдырылды. Осылай ұлыстық-тайпалық жүйе қалыптасты. Мұны өзі жергілікті тайпа басшыларының сепартизмін күшейтті. ХІ ғасырдың басында Қимақ конфедерациясындағы қыпшақ тайпаларының күшеюіне байланысты Қимақ мемлекеті құлады.

Қазақстан мен Орта Азияда терең із қалдырған елдің бірі Қарахан мемлекеті. Мемлекеттің негізін салушы Сатук Богра хан (915-955). Қарахан мемлекетінің шекарасы шығыста Қашғарға, оңтүстікте Мәуереннахрға, солтүстікте Балқаш көліне, батыста хорезмге дейін созылып жатқан ірі ел болды.

Мемлекет көптеген ұлыстарға бөлінді. ХІ ғ. 30-жылдарында мемлекет екіге бөлінді. Батыс хандығының орталығы Бұқар болып оған Мәуереннахрдан Ходжентке дейінгі жерлер қарады. Шығыс хандықтың астанасы Баласұғын болып, оған Тараз, Шаш, Испиджаб қалалары, Ферғана, Жетісу және Қашғар өлеклері қарады.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219). ХІ ғ-ң басында қимақ қағандығының орнына қыпшақ хандығы келді. Қыпшақ даласын Дешті-Қыпшақ деп атады. Олар Ертістен Жерорта, Қара теңізге дейін жетті. Оңтүстікте Хорезм мемлекеті мен Кавказға дейін жетті. Дешті-Қыпшақ екі қанатқа бөлінді. Батыс қыпшақтары Еділден батысқа қарай созылған жерлерді жайлады. Оларды тоқсоба руынан шыққан әулет биледі. Шығыс қыпшақтары Ертіс пен Еділ өзендерінің арасын жайлады. Мұнда елбөрілі руынан шыққан әулет биледі.

Қыпшақ қоғамындағы жоғары мемлекет билеушісі хан болды. Хан әскери және азаматтық билікті қолында ұстады. Ханның ставкасы Орда деп аталды. Ханның билік етуші аппараты көп сатылы басқарушы органдар арқылы мемлекетті басқарып отырды. Оң қол деп аталған батыс қыпшақтарының орталығы Жайық өзенінің бойындағы Сарайшық қаласының орнында болды. Сол қанат немесе Шығыс қыпшақтардың орталығы Сығанақта орналасты. Хандықтың орталығы – хан ордасы Торғай даласында көшіп қонды.

Ханнан кейін тархан, басқақ, бек т.б. лауазым иелері болды. Оларды хан тағайындайтын.

Қыпшақ мемлекетінде әскердің ролі ерекше болды. Ру – тайпа басшылары өз дәрежесіндегі әскер басшылары болып есептелді.

Қыпшақ қоғамында әлеуметтік жағынан теңсіздік орын алды. Малға, өндіріс құралдарына жеке меншік болды. Қыпшақ хандығының тарихи сахнадан кетуіне моңғолдардың шапқыншылығы себеп болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет