Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады. 3.2 - суретте қайықты тоқу станогының сұлбасы көрсетілген.
Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламель- дерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген.
Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі.
Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашы- лады.
Жайманың айқаспасын тоқу үшін ремизкалардың көтеріліп түсуі эксцентриктік күзу ашылу механизмімен орындалады.
Ол механизмнің өзі аяқ тұрғызғыштан (12) және эксцентриктен (13)
Сурет 3.2 - Қайықты тоқу станогының сұлбасы
Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард машиналары қолданылады.
Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген.
Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді.
Қайық күзуден сүңгіп шыққаннан кейін, бердомен батан станоктың алдыңғы жағына қарай қозғалады, арқау жіп матаның шетіне қағылып, матаның кезекті элементі құрылады.
Келесі күзу ашылғанда негіз жіптері жаңа орынға орналасып, арқау жіптермен осылай айқасады.
Қайықтың қозғалуын станоктың созу механизмі қамтамасыз етеді. Ол қуғыштың ұрғанынан қайықты қораптан шығарып оны күзу арқылы инерция күшімен сүңгуге мәжбүр етеді. Мата белтемірді (11) айналып өтіп, тауарлық реттегіш арқылы тауарлық білікке оралады.
3.2. МАТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.
Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылы- ғына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.
Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.
Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.
3.2.1. Қарапайым (тегіс) айқаспалар
Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.
Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойын- ша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.
Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. 3.3. суретте жаймалық айқаспа көрсетілген.
Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.
Сурет 3.3 - Жаймалық айқаспа
Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады.
Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді.
Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады (3.4-сурет).
Саржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталы- нады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жа - арқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген.
Сурет 3.4 - Саржалық айқаспа
Саржа айқаспасындағы сызықтардың қисаю бұрышы әртүрлі бо- лады. Тығыздығы бірқалыпты, негіз және арқау жіптерінің жуандығы бірдей болғандықтан саржа сызығының қисаю бұрышы 45о-қа тең. Саржалық айқаспа матаға иілгіштік, жұмсақтық береді, бірақ жаймалықтыққа қарағанда мықтылығы нашар, себебі саржалық айқаспаның жапқышы жаймалық айқаспаға қарағанда сопақтау, ұзындау келеді. Матаның тығыздығы төмен болғандықтан олар диа- гоналы бойынша қатты созылады.
Сәтенді және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың оң беті тегіс және жыл- тыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым болады. Сәтендік және атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс.
Бес жіпті сәтенде раппорттағы әр негіз жіп н бетке тек бір-ақ рет шығады, төрт арқау жіптің а астынан өтеді. Сондықтан, айқаспалық суретін салғанда әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек.
Сурет 3.5 - Сәтендік айқаспа
Сәтендік айқаспаларда арқаулық жапқыштардың ұзын болуына байланысты өте тығыз мата алуға мүмкіндігі бар.
Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негіз жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негіз жіптерден тұрады. Бұл әдіспен: мақта түрлерінен - сәтен-дубль және сәтен-ластик; зығырдан - костюмдік - коломенок; жібектен - креп-сәтен, корсет маталар, іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттыра- ды. Мұндай маталардың кемшілігі - сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы болады.
3.5. суретте сәтендік айқаспа көрсетілген.
3.2.2. Майда өрнекті айқаспалар
Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады.
Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жата- ды. 3.6 және 3.7 суреттерде майда өрнекті айқаспасы көрсетілген.
Сурет 3.6 - Рогожка айқаспасы
Сурет 3.7 - Репс айқаспасы
3.2.3. Күрделі
Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады.
Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.
Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті - негіз және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтын түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқыт пен шибарқыт - олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады.
Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |