Б - тілшікті: 1- ілгек, 2-тілшік, 3-өзек, 4-өкше. Платиналар - болаттан жасалған түрлі фигуралы жіңішке тілімше, инелердің арасында орналасады, қызметі - жіпті ілмекке иілдіру, иненің өзегі бойымен жылжыту және жаңа ілмекті түсіру мен тарту операцияларына қатысу. 3.15. суретте инелердің түрі көрсетілген.
Пресс (ілгекті инелі машинада) иненің ілгегін жабады. Формасы әр түрлі, мысалы доңғалақша, білеуше, етікше тәрізді және иненің үстінде немесе алдында орналасады.
Ілмек құрау үдерісі екі тәсілмен орындалады: трикотажды тәсілі және іліп тоқу тәсілі (тоқу).
Трикотаж тәсілін ілгекті инелі шеңберлі трикотаж машинасында қолданады, мұнда жіптің иілуі (иілдіруі) бірден жіп инеге салынғаннан кейін орындалады, тоқу тәсілінде жіптің иілуі бұрынғы ілмекті түсіру және жаңа ілмекті қалыптастыру кезінде орындалады.
3.3.3. Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері Басты иілдіру өрімдері. Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады.
Біртегіс - біржақты иілмелі өрім, оң және теріс жағы өзгеше бо- лады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс, жылтыр бола- ды. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады. 3.16. суретте біртегістің құрылысы көрсетілген.
Сурет 3.16 - Біртегістің құрылысы. 1-өңі, 2- терістемесі. Ластик - оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластик оң және терістеме ілмек бағаншалар кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды.