Пәнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


Сурет 3.13- Негіз жіптік трикотаждың ілмек құрылысының сұлбасы



бет6/17
Дата08.06.2024
өлшемі0.84 Mb.
#502436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
УМКД, Матаны ондеу (роспись ткани)

Сурет 3.13- Негіз жіптік трикотаждың ілмек құрылысының сұлбасы

Сонымен, иілмелі трикотажда ілмек қатарын алу үшін бір жіп жеткілікті, ал негізжіпте - бір қатарда қанша ілмек құру қажет болса, соншалықты жіп керек.


Қарастырылған трикотаждың түрлері тегіс және суретті (өрнекті) болады.


Тегіс деп, барлық ілмектері түсі, құрылымы, формасы бойынша бірдей түрін атайды.

Суретті (өрнекті) трикотажда барлық ілмектері берілген бағдар- лама бойынша саны әр түрлі жіптерден, түстері, құрылымы және фор- масы бір бірінен өзгеше болу мүмкін.
Трикотажды, матаға ұқсас метражды құбырлы жайма, ұзындығы мен ені белгілі құбырлы купон ретінде және формасы лекалоға жақын жазық немесе дәл сонымен бірдей түрінде жасалынады.
Трикотаж бұйымдарды өндірудің негізгі үш тәсілі бар: пішілген, жүйелі, жартылай жүйелі.

Пішу тәсілі матаға ұқсас, тоқылған трикотаж жаймасын пішеді, яғни жаймада бұйым бөлшектерінің контуры бойынша пішіп, содан кейін тігу арқылы қажетті форма беріледі, бұл тәсілде, пішу кезінде, қалдықтардың мөлшері 18-23% дейін болады.

Жүйелі тәсілінде трикотаж бұйымдардың бөлшектері әдетте пішуді қажет етпейді. Сондықтан бұл тәсіл шикі затты тиімді пайдаланумен сипатталынады. Жартылай жүйелі тәсіл жоғарыда көрсетілген тәсілдерден айырмашылығы, трикотаж құбырлы немесе жазық купон түрінде тоқылады. Купонды бір бірінен бөлгіш ілмектер қатары арқылы ажыратады, оның төменгі қатары әдетте тарқатылмайды тігуді талап етпейді. Купонды жазық және шеңберлі тоқу машиналарында өндіреді. Әдетте оларды қолтық, мойын ойындысы мен жең түбі бойынша сәл пішеді. Трикотаждың осы өндіру тәсілі пішу тәсілімен салыстырғанда тиімді, бұйымға жұмсалған жайманың шығыны 2-5 % төмендейді және сырт трикотаж бұйымдарын шығаруда ең кең таралған тәсілі болып та- былады.


Сурет 3.14 - Жартылай жүйелі бұйым жасау үшін арналған купондар бөлшектердің формасы

Метражды құбырлы және жазық жаймаларды пішетіні белгілі. Осылай алынған бұйымдар пішілген деп аталынады.


Құбырлы (3.14 сурет,а) және жазық (3.14 сурет,б.) купондар, соны- мен қатар кейбір жазық бөлшектер (3.14 сурет,в.) тек сәл пішуді қажет етеді. Осы тәсілмен алынған бұйымдар жартылай жүйелі деп аталы- нады.
Пішуді қажет етпейтін, бөлшектерден тұратын бұйымды жүйелі деп аталынады.
Жүйелі тәсілмен келесідей бөлшектерді өндіреді: қалта, жаға, какпакша, жиек, белдік.
Өндірісте техника мен технологияны жетілдіру - бұл трико- таж бұйымдарын шығаруда шикізат пен еңбек шығынын азай- ту. Трикотаж бұйымдарын дәстүрлі пішу әдіспен жасау біртіндеп, дана бұйымдарды автоматтандырылған әдіспен алуға көшуде. Тоқу технологиясы және техниканы жетілдіру жаңа автоматтарды құрады, мұнда бұйым бүтін формада жасалынады технологиялық операциялардың саны азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет