Пәнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет3/17
Дата08.06.2024
өлшемі0.84 Mb.
#502436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
УМКД, Матаны ондеу (роспись ткани)

Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана от- ырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады.

Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары, три- ко алынады.

Пике айқаспасы - жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған маталар, көрпелер жатады.

Түкті айқаспалар - жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті, оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар- хат, вельветтер жатады.

Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және жиһаз маталары жатады.

Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік ажурлы маталар шығарылады. 3.8., 3.9. суреттерде күрделі өрнекті мата өрімі


Сурет 3.8 - Күрделі өрнекті мата өрімі: а — крепті; б — вафельді; в — көлденең сызықты.


Сурет 3.9 - Күрделі өрнекті айқаспа: а-азқабатты, б — екі қабатты, үстінгі негізбен байланысқан, а екі қабатты, қысудың көмегімен байланысқан, г — қапты.
3.2.4. Ірі өрнекті айқаспалар
Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композиция- лар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.
Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станокта- рында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.


Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, со- нымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір пальтолық маталар жасалынады.

Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар тоқылады. 3.10. суретте ірі өрнекті айқаспа көрсетілген.


Сурет 3.10 - Ірі өрнекті айқаспа
3.2.5. Матаның құрылымдық сипаттамалары
Матада жіптердің орналасу тығыздығын оның 100 мм шарт- ты ұзындығындағы негіз (Пн) немесе арқау (Па) жіптерінің саны- мен бағаланады. 100 мм негіз жіптерімен арқау жіптерінің қатынасы матаның механикалық қасиеттерінің көрсеткіштерінің анизотропия- сын сипаттайтын маңызды параметрлері болып саналатын мата ұяшы- ғының формасын және өлшемін анықтайды.
Матаның талшықты материалмен толықтырылуы тек қана оның тығыздығымен ғана байланысты емес, сонымен қатар жіптердің жуандығына және олардың айқасуына байланысты.
Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтыруы, Ен және Еа, % - негіз немесе арқау жібінің есептелген диаметрлері бір- біріне көрші орналасқан жіптердің ось арақашықтығынан қанша пайыз болатынын көрсетеді. Олар келесі формуламен анықталынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет